«ҚАЗАҚТЫҢ ӘЛИХАНЫ»

Түйін

Тарих өрісіндегі рухани сұхбаттастық ұлттық рухпен қаруланған дара тұлғаларды өмірге әкелді. Зиялылар қай ғасыр шеңберінде өмір сүрсе де, әлеуметтік ісі арқылы бірін-бірі жетектеп отырады. Алаш зиялылары өздеріне дейінгі зиялылықтың заңды жалғасы болатын-ды. Олар ұлтты сүюдің классикалық үлгісін көрсетіп те кетті. Олар мәңгілік рухани ұстаз. Әлихан Бөкейханов сынды Алаш зиялыларының тарихи келбеті сөзімізге дәлел. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов –көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, әдебиеттанушы, тарихшы, этнограф әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Көзі тірісінде-ақ ұлтымыздың саяси және рухани көсеміне айналған, қазақтың бірегей ұлы Әлихан Бөкейханның биыл 155 жылдық мерейтойы.
XX ғасырдың басында баспасөз беттерінде өзін “қыр баласы”деп таныстырған, көпшілік жұрт оны “ ұлт көсемі ” деп білген , қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын деген дара тұлға Әлихан Бөкейхан қазақ үшін кім? Менің бұл сұраққа жауабым мынадай: Қараңғылықтан көзі ашылмаған халқына білім мен мәдениеттің қажеттілігін елі мен жері үшін қабырғасы қайысқан, кеудесінде сәулесі бар азамат. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыру арқылы дербес мемлекет құруды көздеді. 1917 жылы желтоқсан айында жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланды. ”Ұлтына жұртына қызмет ету білімнен емес мінезден” деп жазған тұғыры биік, өресі жоғары бірегей тұлға Әлихан Бөкейхан халықты әлеуметтік жағдайына немесе біліміне қарай жіктеуге түбегейлі қарсы болған. Руға, жүзге бөлінуге жаны қас Әлихан Бөкейхан ұлтының біртұтастығын аңсаған. Ел мен жер, ұлттық намыс мәселесіне келгенде мінез танытудан тайынбаған алаштың ардақты ұлы қазақтың теңдігі мен еркіндігін, елдігін көкседі. Ол Қазақстанда демократиялық үрдістің негізін қалаған алғашқы саяси қайраткер десек артықы болмас. Белгілі тарихшы, ғалым Мәмбет Қойгелдиев Әлихан Бөкейханның Ұлты үшін атқарған қызметіне әділ тарихи баға беруде мынадай ойды тұжырымдайды: Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейхан қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрк қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға.
Ұлтымыздың ұлы тұлғасы “туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді” деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отырады екен. Алайда, қазақтың Әлиханына да, оның ұрпақтарына да ата-баба жерінен топырақ бұйырмады.
Сөз соңында айтарым тарихи сана қалыптаспай, қоғамда ешқандай оң өзгеріс болмайды. Сондықтан ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханың өмірі мен қызметінен тағлым алу біздің парызымыз. Әлихан Бөкейханның есімі ұлт жадында мәңгілікке жаңғырып тұруы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан 1995 жыл -384 бет
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы) – Алматы,
“Cанат “ 1995. – 368 бет
3. Қазақстан тарихы. Бес томдық. Алматы.”Атамұра” 2010жыл. 4 том

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *