Туған жерім Түркістан
Расында да туған жер қай адамзатқа болса да ыстық болып келеді.Өйткені кіндік қаны тамған жер, талайлардың өмірі озған жер болып табылады. Ал табиғатын айтсаңызшы… Табиғат дегенде тылсымы ерекше Түркістан қаласы мен үшін тамаша.. Себебі , осында туылдым, таныдым , мектеп табалдырығын да аттадым. Мұндағы табиғат пен таң қалдырар өлке табиғаты өзінше ерекше. Ерекше деп айтуымның да өзінше себебі бар. Тарих толқынында түрлі жағдайларда сынға түсіп, ғұламалар мекен еткен мекен болып табылады. Аймақта орналасқан тарихи –мәдени ескерткіштер кешегі әдебиет пен мәдниетті тануға мүмкіндік береді. Тарих және әдебиет сабақтарында ұстаздар Түркістан тарихы туралы мәліметті көптеп айтады. Ол жайында әрине біздің де білгіміз келеді. Көп нәрсені тани келе туған жер жайында жан-жақмы мәлімет ала аламыз әрі қанық боламыз. Айтар болсам, туристер таңдай қағып келетін Қ.А.Яссауи кесенесі. Тарих бетін ақтара ашып оқысам өз заманындағы сәулет өнерінің негізгі қажетін өзіне жинаған құрылыстың бірі болып табылады екен. Жамағатхана, қабырхана мешіт және кіші Ақсарай , асхана, кітапхана, құдықхана секілді бөлмелері бар. Сонымен бірге Түркістан тарихи мемориалды музейі бар.Түркістан өзіне талайлардың тамырын тартып, қазіргі кезде таңғажайып жетістікке жеткен үлкен қалалардың бірі. Себебі мұнда сырттан қаншама туристер, қонақтар келеді. Келіп қана қоймай таңғажайып құрылысына таң қалып, тыныс-тіршілігімен танысады. Екінші Мекке атанған қасиетті Түркістанға зиярат етушілердің саны күн санап өсіп келеді. Кейінірек Яссы атанып бүгінде қаламыз қасиетті Түркістанға айналған. Қаланың екі мың жылдық тарихы бар дейді. Зерттеулер де көп. Бәріне мұқият қараймын.Жан-жақты оқимын. Себебі түрлі деректер түрлі көзқарастарға алып келеді. Қазір біраз тарихи жерлер өзгеріске түскен дейді ұстаздардың айтуынша . Археологтар зерттеу жүргізіп, біраз зерделенген. Нәтижесінде біраз ғылыми жағалықтар ашылған. Біраз дүниелерге көз жеткізген. Айтар болсам сөзімнің дәлелі ретінде20-ға жуық зерттеулер жасалған екен. Әр зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан да өскенде тарихшы не археолог болсам деймін. Біз сияқты оқушыларға түсінікті әрі нақты болу үшін зерделегім, терең білгім келеді.
Ия, шынымен де менің өлкемнің табиғаты түнған тарих сияқты. Болашақта мен сияқты қызығып қарайтындар болса жан-жақты ізденетін дүние көп секілді. Бүгінде тағы алып қарағанымда қаланың шет жағы да зерттеушілерді қызықтырып отырған секілді.Қазылып жатқан жерлер көп. Сонымен бірге Түркістанды ұлы қала деп те атайды делінген. Мұнда түсінгенім ұлы деуінің себебі, үлкен ғалымдар, ғұлама даналар жатқандықтан деп түсінемін. Осындай киелі, көрнекі , таза, рухани қалаға айналған үлкен мекенде дүниеге келгенімді , өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін.Мақтанышыма өзім сияқты құрдастарым да келіседі деп ойлаймын. Жоғарыда рухани әңгіме жайында айтып қалдым.Себебі, қазіргі таңда ұстаздар қауымы бізге рухани бай болыңдар деп жатады. Соның себебім терең білгім келіп, ұстазыма тіл қаттым. Ұлылырдың ұлы жолын қуып келе жатқан ұрпақтар жан-жақты өркендей алуы тиіс деді. Демек менің түсінгенім рухани бай болған жағдайда жоғары деңгейде өсе аламыз. Болашақта түзу жолда дұрыс жоспарлар құра аламыз. Мұның бәрі мен үшін туған өлкеме деген құрметтің бір бөлігі деп түсініңіздер.