Биология пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына сай сабақты тиімді жоспарлау
Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат – жан – жақты білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын, іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беруді жаңарту ұстаздың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін дамыту болып табылады. Ұстаз тарапынан оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.
Сабақ–мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсатміндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі заманда білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Белсенді сабақ жоспарын жасаудың алғы шарты сабақтың мақсат, міндеттерін анықтаудан басталады сонымен қатар бағалау критерийлерін анықтау, оқу материалының мазмұнын саралау, оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау, оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау.
Сабақ жоспары ол – белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдер әзірлейтін құжат. Оқу бағдарламасының талаптарын орындап ,жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыра отыра, сабақты тиімді жоспарлау керек. Ол үшін мұғалім төмендегі сұрақтарға жауап іздейді:
– Оқушылар нені білу керек?
– Олар қандай түйінді идеяларды түсіну қажет?
– Оқушылар нені талдау керек?
Осы сұрақтардан сабақта мұғалім не істейді емес, оқушылар немен айналысады – деп, шебер мұғалім тұжырымдайды. Уақытқа негізделген тапсырма нақты, түсінікті болғаны дұрыс. Бұл жағдайда мұғалімнің іс-тәжірибе шеберлігі маңыздырақ. Жоспарлау барысында бастауыш сынып мұғалімдері «Мен өзім оқушы болсам осы тақырыпты қалай қабылдар едім? Бұл баланың қабылдауына қиын ба?» – деп ойлана отырып, басқа қандай шешу жолы бар екенін іздену керек. Көбіне сабақта мұғалім бағыттаушы, нұсқау беруші, оқушы ойын айтып пікірлерін ортаға салады, бастысы, дайын материалды бермей өзі ізденіп, түсінуіне бағыт беріп отыру қажет.
Жоспарлау тиімді болу үшін мұғалімдерге аса маңызды мән беруді қажет ететін ол – тілдік мақсаттар. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Оқушылар сабақта ауызша дәлелдеу, талқылау және басқаларды иландыру қабілеттерін дамыту үшін ұсынылған тақырыпты қарастырады.
Сабақ кезеңдері құрылымына қарай төмендегідей үшке бөлінеді: сабақтың бастапқы бөлімінде оқушылардың зейінін шоғырландыруға, белсенділігін арттыруға, тақырып бойынша қызығушылығын оятуға, шағын топқа біріктіруге, тақырып бойынша бастапқы білімдерін бағалауға бағытталған тапсырмалар қарастырылса, негізгі, яғни мағынаны тану бөлімінде жаңа білімді игеру мен қолдану, түсінуін тексеру, пайымдау кезеңі жүзеге асырылады. Жаңа білімді игеру мен қолдануда – оқылатын фактілер, негізгі мақсаттар, ережелер туралы нақты көріністер беру; жаңа білімді қабылдауға және бастапқы қорытындыларға әрі жүйелеуге жеткізу тапсырмалары болса, түсінуін тексеруде -– оқушы тақырып мазмұнын игерді ме немесе жоқ па екенін және жаңа түсінігімен байланысын белгілеу, табылған проблемаларды жою тапсырмалары қамтылмақ. Жаңа материалды бекітуде, ойтолғаныс бөлімінде материалдар бойынша өзіндік жұмыстар үшін қажетті білімді бекіту тапсырмалары орындатылады, рефлексия . Оқу мақсаты мен табыс критерийлерін айқындап болған мұғалім келесі кезекте оқу мақсатына жетуге бағытталған жаттығуларды айқындағаны дұрыс. Жаттығулар сол тапсырманы орындау стратегияларына негізделеді. Сабақта қолданылатын барлық тәсілдердің өзіндік мақсаты болуы керек. Алайда сабақты түрлі формалар және әдістермен тым толтырып жіберу оқыту мақсатына жеткізуге әкеле бермейтінін ескергеніміз де жөн. Сондықтан оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру, білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру қажет. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бастылары: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек; ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу; сабақтың белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырғаны дұрыс; сабақта оқушылардың өз бетіндік жұмыстарының үлесін арттыру; сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау; сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктілігінің (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталуы.
Мысалы: Биология сабағында
Кері байланыстың тиімділігі – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін біле аламыз; оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады. Мұғалімдер үшін тиімді жағы: оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге, яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік және уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден гөрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қалай жүзеге асырылуы мүмкін
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Оқыту мен оқудың белсенді әдістері. Астана. 2013.
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Тиімді оқыту мен оқу».
- 3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
- 4. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718