Математика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту әдісін қолдану

Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын. Бүгінгі ұстаздың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.

Математика жалпы білім беретін пәндердің ішіндегі күрделі пәндердің бірі. Математика-жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ауадай қажет. 

Қазіргі таңда оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделуде. Осы мақсатта мектебімізде оқушылардың білім дәрежелерін тексеру мақсатында, пән бойынша бақылау кескінділері мен тест жұмыстары әр тоқсан сайын жүргізілуде.

Математикадан  тианақты білім беру, оқушылардың логикасы мықты, өздеріне сенімді, сабырлы болуына ықпал жасайды. Қызығы да, қиындығы да мол пәнді игерту үшін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу қажет.

Математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы пәнге қызығуының артуы, білімнің берік қалануы мұғалімнің сабақ өткіздегі шеберлігене, әр түрлі әдіс-тәсілдері орнымен қолдана білу жолындағы ізденімпаздығына байланысты. Математика – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, оны оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктелді.

«Ұстазға ұлы жүрек керек» демекші, әрбір ұстаз нағыз ұстаз атануы үшін парасат-пайымы биік,жүрегі ұлы, жаны таза болуы шарт. Ал оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістерді, оның шығармашылық қасиетінің әсерін тигізеді.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі күннің негізгі мәселесі. Білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүние танымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау шыңдарын кеңейтіп, ой-еркіндігіне жол ашу. Осыған  байланысты білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мен математика сабағында оқу-тәрбие процесін жақсартып, жаңашаландыру және жаңа технологиялық әдіс-тәсәлдері тиімді қолдану арқылы жан-жақты білім беру, оқушыны мұғалім мен оқулыққа бағынатын тыңдаушыдан өз бетімен білім алушыға, белсенді тұлғаға айналдыруды басты мақсат етіп алдым.

«Қазақстан-2050»атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі жоғарғы интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың жоғарғы деңгейіне көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен  міндеттер  жүктейді.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа математика пәнін тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздерін тиімді қолдану болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: 

   -оқушының сана сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту;

 а) өз бетінше тапсырмалар беру

 ә) Мән жазбалар қорғау

   -оқушыны еркін ойлауға дағдыландыру;

   -саналы шешім қабылдауға үйрету;

   -оқушының ізденісін  арттыру;

   -оқушыны ашық, еркін сөйлеуге баулу;

   -өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру.

Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін бүгінгі білім беру мен тәрбиелеудің бағытына сәйкес оқытудың жаңа технологияларын қолданамын.

Сабақ сапасын көтеру, оның түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығыушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру мақсатында өзім дәріс беретін математика пәнін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргіземін.

Оқыту әдістерінің, сабақ түрлерінің көптілігі (әртүрлігі), оқушылардың оқу процесінің элементтеріне ретімен жүйелі араласып отыруы, оларды шебер пайдалану әрбір пәнді оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.

Оқытудың жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жетелеп, теориялық білімін шыңдай түседі. Ең негізгі оқытудың әдіс-тәсілдерін белгілі бір жолға(бағытқа) салып, сабақтың құрылысын қазіргі өмір талабына сай қайта жасау.

Дегенмен де бір мәселені шешуде оқышылардың қалай ойланатындығын, олардың ой-өрісін  біліп отырудың маңызы ерекше. Өйткені бұл – оқушылардың қаншалықты пайымы білетіндігін, олардың оқылған материялдарды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушының сабақтан тыс қалмай, сабақта үндемей отырмауын қадағалай отырып, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін оқушылардан жиі сұрап, көбірек қозғап отыру-ең басты мақсат болып табылады. Оқытудың жаңа технологиясын қолдана отырып оқушының білім сапасын арттыру мақсатында сабағымда Ж. Қараевтың технологиясын қолданамын.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің  даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру, мұғалімнің міндеті. Әр оқушы өзінше ойлайды. Есі де, еркі де, мінезі де әр түрлі. Осыдан  да бір оқушыға оңай көрінген материал екінші оқушыға қиын тиеді. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді» технологиясында оқушының ақыл-ой өрісінің дамуының түрліше болып келуін ескере отырып, сабақ жоспарын мынадай үлгіде жасаймын. Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, сәйкес тапсырмалар беремін. Мұнда әр топтың өзінің жетекшілері болады, олар берілген тапсырмалардың орындалу барысының қай деңгейде жүріп жатқанын бақылайды. Әрі бағалап отырады. Бұл оқушылардың өз біліміне деген сенімінің артуына және психологиялық ахуалдың орнығуына көмектеседі.

 

Берілген тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды, көп жағдайда                                                         

             мұғалімнің немесе басқалардың көмегін қажет етеді.

Оқушыларды осылай топтарға бөліп алу, мұғалімнің жұмыс істеуіне өте қажет. Бұл әдістің артықшылығы неде? Ол оқушының білім деңгейі объективті тексеріліп қана қоймай, оқушының қай сұраққа жауап бере алмайтыны нақты анықталып, оқушымен қай бағытта жұмыс жасауға көз жеткізуге болады.

Оқытудың тиімді жақтары:

    -Сыныптағы барлық оқушы жұмыс пен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады;

    -Оқушы өзіне тән қарқынмен  өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді;

   -Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады;

   -Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі(А – B – C) тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады;

   -Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру. Оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.

Осы мақсатта өткізілген сабақтарымның түрлері 5сыныпта «Жай бөлшектерді қосу және азайту», 7сыныпта «Қысқаша көбейту формулалары», 8б сыныбында «Квадрат теңдеулерді шешу»,

 2-тарау бойынша есеп шығару сабағын өткіздім.

Қорыта келгенде жаңа педагогикалық технологияны математика сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Біріншіден оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, екіншіден өзара оқыту сабағында немесе өзара үйрену ойын сабағында барлық оқушы қатысады, мұнда әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз біліміне жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілетін білік дағдыларын қалыптастырады. Әр оқушының  мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, өз қабілетіне қарай жоғарғы деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалынады. Оқушының да мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *