Көбелек-ғұмыр
Есенжолова Жанат
“Көбелек-ғұмыр”
Көбелек-ғұмыр,келте-өмір,
Жарқ етіп,сөнген ерте өмір.
Алайда жиырма сегізде
Қалдырған ізін жерде өмір.
Отызға тола алмаған,
Сұм ажал ерте жалмаған,
Болмаса егер атамыз,
Болар ма едік біз жазған?
Үш жаста қалған жетім боп,
Әкемнің қазір өзі жоқ.
Әйтсе де балаң кең жайды
Жапырақ,тамыры терең боп.
Мен астым сенің жасыңнан,
Күн өтті небір басымнан.
Тек бергей ғұмыр Жаратқан,
Тілерім әрбір таң атқан.
Үш перзент маған қараған,
Азаматтыққа жараған
Кездерді көрсем-тілегім,
Балапандарым-жүрегім!