«Психология менің өмірімде және кәсібімде»

Психология,жеңіл сөзбен айтқанда,ол-адамның ойлау қабілеті,сана сезімі,өз көз қарасы және де ортамен байланысты.Психология бүгінгі таңда өте кең таралған,зерттелген алып ғылымдардың бірі.Бұл ғылым жалпы адамның рухани ішкі жан дүниесін зерттеумен қатар сол жан дүниенің есігін ашатын «кілтті»іздейді.

Жалпы «психология» біздің өмірімізде мектеп шағынан бастау алады.Мектептегі психолог апайлардың бізден келіп,тест алып,тәрбие сағаттарын өткізе бастағаннан «психологияны» тани бастадық десек қателеспейміз..Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты:мектеп оқушыларының қабілеттілігін зерттеп,ақыл ой қабілеттілігінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана,оқушы мен оқытушы тиімді,тығыз қарым-қатын құра отырып,әрбәр оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау және жоспарда көрсетілген  бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады. Ал қазір мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын.Ал енді,тақырыбымызға оралатын болсақ

Бірінші «психология менің өмірімде» тақырыбын қарастырайық.

Мысалы мен отбасыммен,құрбыларыммен,жалпы адаммен әңгіме кезі болсын,пікірталас кезі болсын психологиялық анализ жасап отырамын. «Ол адамның көңіл күйі қандай?», «Не ойлап жатыр» деген сияқты сұрақтарды өзіме қойып,сол адам туралы мәлемет жинап,анализ жасаймын.Жалпы айтқанда,сол адаммен қарым-қатынасты жақсарту үшін адамды психологиялық тұрғыда зерттеймін.

Психология біздің қоғамдағы барлық кәсіптердің ажырамас бөлігі деп санауға болады.

Ал енді «психология менің кәсібімде» тақырыбын қарастырайық.Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.

Мен қазір «журналистика» факультетінде оқып жатырмын. Яғни,тележүргізуші  боламын.Журналист болу-жауапкершілікті талап етеді.Сол себептін бұл пән мен үшін өте қажет.Себебі,әрдайым адамдармен қарым-қатынаста боламын. Адамдардың жанағы үстінде айтып кеткенімдей психологиялық анализ жасау арқылы сұхбат ала аламын. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.

 

Есенгелді Дильназ

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *