Психология менің өмірімде және кәсібімде

Психология – адам өмірінің айнымас бөлігі. Адамның жанын, рухани дүниесі мен тұлғалық құндылықтарын зерттеуге бағытталған бұл ғылымның атқаратын рөлі өте зор. Менің пайымдап, байқауым бойынша психологиялық ілім көбінесе адамдарға екі түрлі жолмен келеді. Біріншіден, ізденіс пен арнайы объектіге, яғни адамға эксперимент жүргізу арқылы, әр түрлі психологтар мен авторлардың кітаптарын оқып зерттеу нәтижесінде. Ал екінші түрі, өмір атты институттан өту, яғни өмірден алған тәжірибиеңе сүйену. Өрісі биік, психологиялық ой-пікірлерді Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров шығармаларынан да көптен кездестіруге болады. Мысалы С.Торайғыров: «жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады, адамның тәні өсуімен қатар жаны да қатар өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өсуінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ, өмір жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда тәннен бөлінген жанда ешқашан өмір болмайды» деп қорытынды жасайды. Енді теориядан практикаға көшіп өмірден мысал алып көрейікші. Алысқа бармай өз отбасымды мысалға келтірейін. Шаңырағымызда бес бала болғанымызбен, әрқайсымыздың мінезіміз әртүрлі. Біреуіміз ақпаратты тез қабылдаймыз, ал біріміз өте аңқаумыз, кіші сіңілімнің бойында қайсарлық қасиеті басым болса, үлкен сіңілім кез-келген сөзді немесе жағдайды жүрегіне жақын қабылдайды,біріне ұрыссаң, енді біріне жай сөзбен айтсаң түсінеді. Бұл әр баланың темпераментіне байланысты. Мұндай жағдайда біздің жеке психологымыз – анамыз. Және осы кезде анам мінезі мен жаратылысына қарай әр балаға әр түрлі әдіспен тіл қатып, дұрыс жол сілтеуге

тырысады. Бұл да өмір тәжірибесімен келетін психологиялық сауаттылық деп білемін. Ал кәсіпке келер болсақ, әрине қанша кәсіп болса, соның барлығында психологиялық білімнің болғаны сөзсіз қажет деп сеніммен айта аламын. Егер саудамен айналыссаңыз, өз өніміңіз тұтынушыға өтімді болу үшін, біріншіден, ол адамның психикасына қарай жұмыс жасайсыз. Жеңілдіктер мен байқаулар ұйымдастыру, әр тауарға сыйлық қосып беру арқылы өзіне адамдарды тарту деген секілді. Ал менің болашақ мамандығым, яғни журналистика адамдармен тікелей және үзіліссіз қарым-қатынасты талап етеді. Күнделікті жаңа тұлғамен танысып, тәжірибе алмасу, тың идеяларды талқылап, әрдайым қызу ақпараттың ортасында жүру мен үшін өте қызықты. Әр ортаға тез сіңісіп кету үшін өзгеден бұрын өз психикаңды жақсы білгенің дұрыс. Өйткені өзін жақсы танитын адамға ешкімнің сөзі әсер етпейді. Ол өзінің артық кем тұстарын бәрінен жақсы біліп тұрады. Ал конкуренция жағынан да, байланыс жағынан да жоғары дәрежеге ие біздің мамандық бұл қасиетті ең алдымен қажет етеді. Ұзын сөздің түйіні психологиялық ілім маңызды болған, маңызды болады және болып та тұр. Жан туралы ғылымды түсіну біздің өмірімізді барынша жеңілдете түспек.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *