Ұлттық ойын. «Асық ату»

Шымкент қаласы

ШҚ ББ ” Қосалқымектеп-интернаты” КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Ншанбаева Айнур Нурбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын. «Асық ату».

Мақсаты: 1. Асық ойыны туралы түсініктерін кеңейту.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұлттық ойындарға деген қызығушылығтарын арттыру.

Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор.

Өтілу орны: спорт алаңы

Құрал-жабдықтар: асық, ойын алаңы.

Барысы:

Қатысушылардың назарын аудару

2. Тәрбиеші сөзі:

-Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой,

Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.

Асық ойындары туралы сөз етуден бұрын, қазақ халқының асыққа деген айрықша көзқарасын айта кеткен орынды. Асық турасында ұлтымыз оны малдың, аңның жай ғана бір сүйегі ретінде қарамаған. Оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырымдар бар. Мәселен, “Алты жыл аш болсаң да, асық мүжіме” деп кішкентай балаларға асық етін жегізбеген. Қасқырдың асығын өзіңмен бірге алып жүрсең тіл-көзден, ұшықтан аман-есен боласың. Атыс-шабыс болып кетсе, оқ та тимейді деген ырым бар. Тіпті, әлі күнге дейін адамдар сыртта жүргенде оқыс уақиға болса, аман қаласың деп сенеді.

Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі- асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай – ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асық ойын түрлері:

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойынтүрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй шілік» және далалық деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй шілік» – ойын түрі қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта » ойыны деп аталса, ал «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр. Оқушыларға «Шеңбер» және «Алты атар» асық ойынын ойнату.

Оңқай – асықтай, Күміс – қасықтай.

Асық ойнаған — ақтық, Доп ойнаған — тоқтық.

Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар, Бәрінен де қой бағып, Қозы өсірген озар.

Құрметті оқушылар бүгінгі өтілген сабағымызда ұлттық ойнымыздың бірі асық ойынымен тереңірек танысып ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге жеткізесіңдер деп сенемін.

Қорытынды : мақтау марапаттау бағалау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *