Асыл әжем-ақ әжем
Шымкент қаласы
ШҚ ББ ” Қосалқымектеп-интернаты” КММ
Дефектолог- тәрбиеші
Шепетова Нағима Айдарқызы
Тақырыбы: «Асыл әжем-ақ әжем»
Мақсаты:
1. Қазақтың салт – дәстүрін , әдет – ғұрыптарын бойға сіңіру.
2. Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым–қатынасты нығайту.
3. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, үлкенге құрмет кішіге ізет,көрсету керектігін түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс: ана тілі, бейнелеу. Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар мен бейнетаспа
қызғалдақ гүлінің суреті. Түрлі-түсті қарындаштармен, бояулар Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару. Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр. Қандай шуақты ерекше күн!
Шаттық шеңберіне тұру. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпенен біз.
Қайырлы таң балалар! (Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды) Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Бүгінгі өтілетін тәрбие сағатымызда «Асыл әжем-ақ әжем» деп аталады. Тәрбиеші: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайындының бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, тәрбиешісі, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға жұрт тәрбиелі бала деп баға береді.
Тәрбиеші: – Қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі) – Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы) – Тамаша! Дұрыс айтасыздар,
Ендеше біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық: «Асыл әжем -Ақ әжем» 1.Мені жақсы көреді, Күндей күліп келеді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді. 2. Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе, дана әжем? 3. Шай қайнатып келейін, Шекер салып, жан әжем. Өзім құйып берейін. Балдай тәтті бал әжем.
4. Әжемді жақсы көремін, Өлең айтып беремін. Үлкен болып өскенде, Бәрін алып беремін.
5. Тәттілерін сақтайды, Нәзеркеме берем деп. Мен тілеймін әрқашан, Әжем аман болсын деп.
6. Қамқор болған қашан да, Менің әжем ақ әжем. Тірегім болған қашан да, Алтын әжем, ақ әжем.
7. Әжем менің, ақ әжем Ақылын беріп үйреткен. Мейірімен тәрбиелеп Өнегесін үлгі еткен.
8. Қуат берер дәріміз Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейтін, Жақсы көрем әжемді.
9. Менің әжем, гүл әжем Алтын әжем, күн әжем Анам үшін мен үшін Нағыз ана тілі әжем.
– Жарайсыңдар! – Міне, айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» – деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы) Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата – анаға не істесең, алдыңа сол
қайтады. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата – анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып – қағатын болады.
Қорытынды лау: Өтілген сабақ бойынша балалардың ойы мен түсінігі жайлы сұрақ- жауап, мақтау, мадақтау аяқтау .
ШҚ ББ «Қосалқы мектеп – интернаты» КММ–нің
тәрбиешісі Шепетова Нағима Айдарқызы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718