Денсаулыққа апарар жол
Түркістан облысы
Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Салимбекова Сабира Датхаевна
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп C.Сейфуллин
Мерзім 15.04.21ж
Мұғалі Салимбекова С
Сынып1″Б”
Оқушылар саны 12
Тақырып №28 Денсаулыққа апарар жол
Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер Шындықты айту, уәдені орындау, батылдық.
Мақсаты:Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының маңыздылығын ашу. Міндеттері: Білімділік:Оқушыларға шындықты айту, уәдені орындау, батылдық қасиеттері туралы түсінік беру. Дамытушылық:Оқушылардышындықты айту, уәдені орындау, батылдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды шындықты айту, уәдені орындау, батылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар дерек көздер) Стикерлер түрлі қағаз суреттер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру
кезеңі.Тыныштық сәті тыныс алуға зейін
қою.Жағымды күйге келу.
Ескерту: 5Т-ны сақтау керектігін еске түсіру. (Тәртіп,Талап,Тазалық,Тыныштық,Татулық) Өткен №27сабақпен байланыстыру
3 Дәйексөз:
Жаны саудың тәні – сау
МақалДәйексөздің мағынасын түсіндіру
бірге қайталау.
1.Жаны сау дегеніміз не?
2.Денсаулықты қалай күтуге болады?
3.Үлкендердің айтқанын орындайсың ба?
4 Оқиғаны баяндау (Ертегі)
Мұғалім сыйы
Өсиет әңгіме
Ертеде бір қария ұзақ өмір сүріпті.Қарт
адамның ойы сергек, зейіні зерек
болыпты.Ауыл адамдары қартты өнегелі сөзі мен игі ісі үшін жақсы көріпті.Дана қарттың айтқан ақылына үнемі құлақ асып отырыпты.Бірде шәкірттері қарттан жаны мен тәнінің саулығының сырын сұрапты.Сонда дана қарт былай деген екен.Ең бірінші ой санаң таза болсын.Екінші сөзің ақиқат болсын.Үшінші ісің адал болсын.Төртінші ешкімге қиянат жасамайтын бол.Бесінші үнемі денеңді таза ұста.Алтыншы орта тазалығын сақта.Жетінші денені шынықтыр.Сегізінші көп ұйықтама ерте тұр.Тоғызыншы артық тамақ ішпе.Міне бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі, депті. Сұрақтар: 1.Қарттың жаны мен тәнінің саулығының сыры неде деп ойлайсыңдар? 2.Қарт неліктен бірінші орынға ой-сана тазалығын қойды? 3.Өздерің ой-сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық
жұмыс.
1-тапсырма.
Өлеңді жалғастырып жазыңдар.
2-тапсырма.
Жағдаяттарды сахналап
көрсетіңдер.Талдаңдар.
Топпен ән айту
Бала тілегі
Өлеңін жазған Сержан Молдасанұлы
Әнін жазған Фарида Жолдасова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан – байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Үй тапсырмасы 28 сабақӨсиет әңгіме 124
–бет
Сабақты қорытындылау оқушылардың
алған білімдерін бекіту
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718