Қағаздан гүл түрлерін жасау

Шымкент қаласы

ШҚ ББ ” Қосалқымектеп-интернаты” КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Чимкентбаева Венера Жанабаевна

 

Сабақ тақырыбы: Қағаздан гүл түрлерін жасау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдары туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды, ептілікке, ұқыптылыққа, еңбек етуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, Сабақ көрнекілігі: Әр түрлі техникамен жасалған гүлдер

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б Пәнаралық байланыс: аралас сабақ. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін! – Балалар бүгінгі өтілетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы; Түрлі-түсті қағаздан гулдер жасау. ІІІ. Жаңа сабақ: Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады. Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі. Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.

Апликация деген не? Жапсыру арқылы орындалған жұмыстар Енді жаңа сабаққа көшейік

Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады. 1. Түрлі түсті қағаздардан 2. Мата, былғары, жіптерден 3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан – балалар гул туралы кім мақал-мәтелдер біледі екен.

Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі Таулы жердің суы әдемі, Жарық жердің гүлі әдемі Әр атаның өз ұлы бар, Әр бұтаның өз гүлі бар. Әр гүлдің исі басқа, Әр жердің жынысы басқа. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. Гүл қайда болса көбелек сонда. Гүл өмір қызығы.

– Жарайсыңдар Керемет айттыңдар

– Балалар жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармайық Сергіту сәті Қолымызды жаяйық, Әдемі гүлге ұқсайық Бір жабылып, ашылып, Орнымызға қонайық. Қорытынды. Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз. Өтілген сабақ жайлы сұрақ-жауап бағалау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *