«Еңбектене білгеннің еңсесі биік»
Тәрбиеші: Утемисова Айгерим Шалхаровна
Шымкент қaлaсы, білім басқармасының
«Білім – инновация» ер балаларға
арналған № 1 лицей – интернаты» КММ
- Сабақтың тақырыбы: «Еңбектене білгеннің еңсесі биік».
- Сaбақтың мақсаты:
- Оқушыларды еңбек тәрбиесімен таныстыру
- Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
- Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты азамат болуға тәрбиелеу.
III. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап.
- Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.
- Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
- Сабaқтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
a) Сәлемдесу.
б) Түгелдеу.
в) Зейінін шоғырландыру.2.Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Достар, адам баласы еңбектеп өмірге келгеннен, еңкейіп дүниеден өткенше тек еңбекпен өмір сүреді. Өмір сүрудің өзі – еңбек.
Мысалы: Сәбидің сүйегі қатайғаннан бастап, еңбектеуге талпына бастайды. Сәби үшін бұл-еңбек. Балабақшада балалар, тақпақ жаттайды, әр түрлі ойындар ойнайды. Осы жастағы балалар үшін бұл да еңбек. Мектеп жасында балалар біршама есейеді. Сондықтан, қыз балалар үй-ішінің, ер балалар ауланың жұмысына, ата-аналарына қолғабыс жасайды. Жоғарғы сыныптарда жүріп, ҰБТ – ке дайындалып, жоғарғы оқу орнына түсу үлкен еңбекті қажет етеді. Адам алдына қойған мақсатына тек еңбек арқылы жетеді. Еңбек адамды шынықтырады, шыңдайды. Сондықтан, адам өмірінде еңбектену маңызы ерекше. Қазір осы сөзіме көз жеткізу үшін бір ойын ойнап көрейік.
- Ойын: «Жасырын сөз».
(Жасырын сөз «Еңбек бәрінде жеңбек».
Балалар қандай сөз шықты. Бұл сөз қандай мағына береді.
(Балалардың пікірін тыңдау)
Негізі көп ел ерлік соғыста жасалады деп ойлайды. Бірақ осы заманда да еңбектерімен ел аузыңда жүрген жандар бар. Мысалы: бізден Қ.Тұрысбеков, Н.Оңдасынов, Б.Момышұлы, Қ.Спатаев, Ш.Қалдаяқов, спорт саласынан М.Ділдәбеков, Б.Саттарханов, Ә.Юсупова, өнер майталмандары Б.Ибрагимов, С.Майғазиев, Н.Өнербаев т.б.Үлкен еңбектің арқасында ел атын да шығарып, өздері де танымал болды. Мұның бәрі «еңбек – ер атандырады» деген сөзімізге мысал бола алады. Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып өсуіміз керек. Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз керек.
- Мақал сөздің мәйегі.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Ал достар өздерің білетін еңбек тақырыбындағы мақал – мәтел, өлең шумақтарын айтып бере аласыздар ма?
- Ойын: “Еңбекке қажетті құралдар”
Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.
Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.
Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.
Тігінші құралы: ине, жіп, біз.
- Қорытынды: Сұрақ–жауап.
- Сонымен адам өміріндегі еңбектің маңызы қандай?
2. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
3. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
4. Еңбек турaлы қандай мақал- мәтелдер бaр екен?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718