Алтын Орданың 750 жылдығы
2019 жылдан 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзада-нояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны “Талас құрылтайы” деп атады.
Үгедейдің немересі – Қайду ханның шақыруымен өткен үлкен жиынға Жошы ұрпақтары Беркечар мен Мөңке-темір, сондай-ақ Шағатай ұлысынан Барақ қатысты. Құрылтайда Шыңғыс қағанның дәстүрлерін сақтай отырып, көшпелілер мүддесін қорғаған маңызды шешімдер қабылданды. Ал ең бастысы, әрбір ұлыс жеке мемлекет болып жарияланды.
Талас құрылтайы шешімімен үш ұлыстың шекарасы айқындалды. Мауереннаһрдың үштен екісін Барақ алды, үштен бірі Қайду мен Мөңке-темірге тиесілі болды.
Қайдудың Бұхараның төңірегіне де билігі жүрді. Шыңғыс ханның ортақ мұрасы жолында бірлескен хандар бұдан былай қалаларға емес, таулар мен далаларға, жазық жерлерге қоныстанатын болып уағдаласты.
Бағынышты халықтардан салық жинау тәртібі реттелді. Осылайша, Талас құрылтайында Шыңғыс хан құрған ұлы империя ыдырап, оның орнына дербес үш мемлекет – Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы және Моғолстан бой көтерді.
Құрылтайдан кейін Жошы ұлысының әміршісі Мөңке-темір өзін хан деп атап, өз атынан теңге бастырды. Бұл дербес мемлекеттің белгісі еді.
Сондықтан Талас құрылтайы Алтын Орданың (Жошы ұлысы, Ұлық ұлысы) ресми түрде бөлек мемлекет болып қалыптасуына негіз болды.
Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:
– этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
– шаруашылығының өркендеуі нашар болды; – билік үшін талас күшейді;
– езілген халықтың азаттық күресі күшейді.
Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады.
Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды. Алтын Орда халықтары — мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады.
Діні. Ортағасырлық араб және парсы тарихшыларының еңбектеріне көз жүгіртсек, 1312-1313 жылдары Алтын Орда тағына жас әрі жігерлі Өзбек хан отырды. Ол билікке келісімен ислам дінін мемлекеттік дәрежеге көтерді. Әл Бирзали Өзбек хандық билікке келместен бұрын мұсылмандыққа өткен дейді. Өзбек сұлтанды билікке әкелгендердің арасында Алтын Ордалық мұсылман қауымының көрнекті басшылары Құтлық Темір әмір, оның бауырлары Сарай Темір, Мұхаммед Қожа сондай-ақ мұсылман дінбасылары болған. Ибн Дукмактың жылнамасында Өзбек ислам дінін таққа отырған соң қабылдаған, және кейін өзіне Сұлтан Мұхаммед деген жаңа есімді алған екен. Ортағасырлық деректерде Өзбек хан исламды сопылық йассауи тариқатының өкілдерінен қабылдағандығы айтылады.
Әрбір алтынордалық хан өзінің түркіше қойылған атынан басқа, араб есімін алып жүрді. Тиындарға қарап айтсақ, Жәнібек Сұлтан Жалал Ад-Дин Махмұд, Бердібек – Сұлтан Мұхаммед, Тоқтамыс – Сұлтан Нәсір Ад-Дин, т.б. деп аталып жүрген.
Әдебиеті. 13 ғ-дың 2-жартысынан 15-ғ-дың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті.
Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнама” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамада” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазел (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталып, 750 жылға толды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих, археология және этнология факультеті
Т.ғ.к., доцент Л.М. Хасанаева
2-ші курс магистранты Даирова Гүлдана
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718