Газет әлде Интернет?
Қазір интернет технологиялар қарқынды дамып ,құстай ұшып бара жатқан дәуір.Күннен күнге ашылып жатқан жаңа жүйе, платформаларға тіпті көз ілеспейді.
Соның арқасында болар әлемде болып жатқан жаңалықтың бәрінен БАҚ арқылы интернет желісінен, заманауи технологиялардан лезде хабардар болып отырмыз.Онымен қоса соңғы жылдардағы Тәжі вирустың ықпалы интернетке мұқтаждықты арттырып ,тәуелділікті күшейтті.Қашықтықтан жұмыс жасауға бейімделіп, интернетке байланбалы болып қалдық деуге де болады.Бастауыш сыныптардағы жеткіншектер де смартфондарды тым ерте пайдаланып кетті.
Интернеттің пайдасы қолжетімділік болғанымен зияны да аз емес.Физиялогиялық көз ,құлақ ,омыртқаның міндеттерінің нашарлауын айтпағанда,моральдік ауытқулар түрлі тероризмге үгіттеушілік, керексіз мәліметтермен адамның психологиясын улап, өзіне қол салушылықққа дейінгі жағдайға басты себеп интернет екені белгілі.
Ал бұдан санаулы жылдар бұрын ғана газет пен журналдардың шырқаған кезі еді .Таң атысымен барлық жаңалықты газет беттеріне енгізіп, көшірмелерін жасап халыққа таратудағы азапты еңбекті айтсаңызшы.Әрі бірнеше адам газеттің шығарылымына жұмылдырылып оларға еңбекақы төленді.Меніңше сол кездегі жұмыс сонша әурелі болғанымен оның артында үлкен мәдениет пен тәрбие жатқан сияқты.Нағыз білім газет-кітаптарда .Неліктен қазақ зиялыларының(Мысалға:Х.Досмұхаметов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфулин ж.т.б) 20 ғасырларда көп болғаны мен қазақ мәдениетінің қарқынды дамуығанына жауап та әшкере сияқты.
Заман талабына сәйкес дәл бүгінгі заманда қолына газет ұстаған ,кітапхана табалдырығын тоздырған жастар жоқтың қасы .Тіпті олар газет атаулыға қызықпайды да, себебі олардың іздейтін мағлұматтары интернет беттерінде толып тұр.Ал шындығында нағыз білім газет-кітаптарда.Газет оқысаң сөйлеу мәдениетің жоғарылайды Өйткені газет беттері интернетпен салысырғанда нақты деректі ,алынған ақпараттың сілтемесі көрсетілген шынайы фактрларға сүйеніп жазылады. Газет деген дайын білім.Апта сайын оқитын газет бір жылда бір кітаптың салмағымен тең дәрежеде болады.Бұл кітап оқымайтын жастарға,ана тілінің құдіреттілігін түсінуге ,бармақтай болсын рухани дүниесін байытуға керек дүние емес пе?
Мақала мәні интернетті даттау емес, интернет ол мәдениет .Ал мәдениет мәдениеттілікті қалайды .Интернет адамды емес адам интернетті игеруі керек .Интернет те дұрыс таңдай білген адамға толық білім берері рас, газеттің де одан кем емес екені анық.
Сонымен газет, әлде интернет пе? Бұл таңдау емес -талдау .Көзі ашық көкірегі ояу жан бұл сауалға іштей жауап беріп қойған да болар .Жауабына зерттеумен өз -өзін реттей отырып кіріссе өзінің, қоғамның ,тіпті, әлемнің дамуына да өз үлесін қосар еді…
#газет#интернет#заманауитехнология