Қазақстан география ғылымының даму барысы

Ибн Русте мен Истахри Арал теңізін сипаттап жазған: Ибн Русте оны былайша бейнелейді: «теңіздің аумағы 80 фарсах, батыс қапталында айнала Сиякух» («қара таулар») деп аталатын тау сілемдері созылып жатыр, шығыс жағалауында ну орман мен қалың қамыс аралас өскен қопа лар бар. Истахри «ол теңіз дербес жаратылған сортаң бассейн» деп атап көрсете келіп, Аралдың тұңғыш картографиялық бейнесін берген. Истахридің жазбаларында Сырдария, Амудария өзендері мен олардың тармақтары туралы, Испиджаб қаласы жөнінде деректер ұшырасады. Истахридің айтуына қарағанда, Испиджаб шаһары Бинкеттен үш есе кіші, оның қамалы Х ғасырдың өзінде қирап бүлінген, тек шахристан мен рабад қана қалған». Қаланың басқа сипаттамалары Максидидің деректеріне сəйкес келеді. Əл-Масуди еңбектерінде Жайық пен Жем аралығындағы далалы жерлер мен Ертіс төңірегі туралы сөз болады. Масуди далалы атырапты – қимақтардың қыстауы, ал Ертіс төңірегін жазғы жайлауы ретінде бейнелейді. Ол Сырдария өзенінің суы мол екенін атап көрсетеді. ХІІ ғасырдаң географ-ғалымы əл-Идрисидің еңбектерінде де қазақ жері туралы бірқатар маңызды мағлұматтар сақталған. Оның «Нузхат ал-муштак» атты шығармасында Шу-Іле таулары туралы деректер келтіріліп, тау бөктерінде Демиртаг қаласы орналасқаны, ал оның шығысы шөлейт дала екені айтылған. Араб географтарының осы бай мұрасы арасында сан ғажайып карталар сақталып, оларда Қазақстанның да географиялық атаулары белгіленген. Араб карталарының географиялық бейнеленуі басқалардан ерекшелеу, оларда градустық торлар жоқ. Солай бола тұрса да, Қазақстан аумағын танып-білу тарихында араб карталарының атқаратын рөлі зор. Арабтардың аса маңызды саяхаттары қатарында жоғарыда айтылғандарға қоса Ибн Фадланның Еділге сапарын (Х ғасыр) атап көрсеткен жөн. Ибн Фадланның жазбаларында көшпенді түрік тайпаларына қатысты өте құнды геогра фиялық, этнографиялық жəне басқа деректер бар. Саяхатшы жүріп өткен аймақтардың жер бедері, климаты, өзендері мен көлдері, топырағы жəне басқалары туралы мағлұматтар келтірілген. Өзі басып өткен аймақтардың жер бедерін сөз ете келіп, саяхатшы жолының дені шөлейт құм арқылы өткенін, ал ішінара
35
«тастақ жерлердің» де кездескенін айтады. Тастақтар Үстірттің сол жақ беткейінен асқан тұста ұшырасқан. «Он бес күн жол жүргеннен кейін біз үлкен тауға келдік» деп жазады ол. Сірə, саяхатшының бұл айтып отырғаны Солтүстік Чинк сияқты. Осы тастақ жерлерге дейін жол Үстірт арқылы өткен, ал жотаның үсті шөлейт жазық, «бірде-бір тауы жоқ жазық дала» екені баяндалған. Ибн Фадлан өзі өткен өзендердің аттарын атайды: Яганды (Шаған), Жем (Ембі), Жахыш (Сағыз), Өзіл (Ойыл), Ердем (Қалдығайты), Барыш Бұлдырты, Анхаты Атил (Итиль – Еділ – Волга), Ирхиз (Ырғыз) жəне Жайқ (Жайық). Саяхатшы өз жазбаларында əлгі атауларды оңтүстік-шығыстан бастап солтүстік батысқа қарай белгілі бір жүйемен келтіреді, соған қарап оның жолсапарының бағдарын анықтау қиын емес. Сонымен бірге өзен атаулары Х ғасырда Батыс Қазақстанда су жүйесі қандай болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ол кездегі су жүйесі негізінен осы күнгідегідей болғанымен, қазір кейбір өзендердің суы тартылғанын немесе мүлде құрғап кеткенін көреміз. Ибн Фадлан «үлкен өзендердің бəрінің» суы мол болғанын жəне олардан өтерде «құрбан шалып» отырғандарын мəлімдейді. Саяхатшы Яик (Жайық) өзені жөнінде «ол біз көрген өзендердің ең үлкені… əрі ағыны да өте қатты» деп жазады. Саяхатшы Шалқар көлінде болып, оны аумағы үлкен, «суы нағыз теңіздікі секілді» көл ретінде сипаттайды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *