Балаларды оқытуда қолданылатын технологиялар
Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды. қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалты даярлық топтарында педагогикалық үрлісті ұйымдастырула жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкінтік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясынын элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, кұзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы. «Тәй-тәй» технологиясы, Монтессори технологиясы, Зайцев технологиясы, дамыта оқыту технологиясы.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшуллер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді. Бала бойындағы қабілетті дамытып. оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
«Тәй-тәй» технологиясының негізін қалаған Джордж Сорос. Бұл технологияның мақсаты балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту.
Монтессори технологиясының негізін қалаған М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру.Сауалдар кою және оларға жауап іздеп табу.
Зайцев технологиясының негізін қалаған Н.А. Зайцев. Мақсаты: Оқыту мен санауды катар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.
Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев.Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту.
Сөздік коры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру. Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланысқа аса көңіл бөлу. Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері: Ой толғаныс. Ассоциация. Салыстыру. Раунд-Робин. Топтау әдісі.
Ой толғаныс әдісі психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады.Мысалы: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда кандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жанына жазылады. Мысалы, жалпы отбасы: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні.
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты атайды. Мысалы: Алма және қызанақтың мен айырмашылығы.
Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен негізгі тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдер. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не І сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің бірі қайталамай түгел айтуы тиіс. Мысалы
тақырыбында: Гүл – өсімдік. Гүл – әдемі. алуға болмайды. Анамызға сыйлаймыз. Достарға сыйлаймыз. т. 6.
Топтау әдісі. Мұнда балаларды деңгейле бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай топтық тапсырма беріледі. Мысалы, «Пішіндер» тақырыбын өткенде.
І топ — Үлестірмелі картадағы бейне реттерден геометриялық пішіндерді тауы атын атау.
П топ — Жіпті пайдалана отырып әріптерді жасау.
Ш топ – Санағыштан үшбұрыш құрастыру.
Дамыта оқытудын нәтижелі болуы тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бұл бәсекелестікпен жоғарғы технологияның,білімнің заманы. Сондықтан оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану әрбір педагогтың міндеті.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718