“Мұғалім-мәртебелі мамандық”

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылы
Мектеп: ЖББ «Қарауыл гимназиясы» КММ

Кадыров А.А
География пәні мұғалімі

Эссе
«Мұғалім-мәртебелі мамандық»
Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау өзіңнің уақытыңды аямау, бірақ бұған өкінбеу керек жер бетінде бұдан өзге абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ деп білемін… Әрине, Мұғалім-мәртебелі мамандық. Адамзат атаулының барлықы ұстаздан тәлім алған. Менің түсінігімде «мұғалім» тұлғаны қанаттандыратын, қатайтатын,болашақ өмірге ақырын жүгізіп, анық басуға үйрететін қоржын иесі.
Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйдыра беретін. Ол шамшырақ ішіндегіні шоқты жаға білу керек. Жас ұрпаққа рухани байлық береуде, ата-ана өз болашақ ұрпағын сеніп тапсырады, «мұғалім» сол баланың көкірегіне білім нәрін бойына дарытып құнарландырып, бой түзеуге ат салысатын мәртебелі мамандық иесі.
Мұғалім, ол- әке ол-ана, керек десеңіз ол-бала… Үнемі сабақ барысында менің алдымда отырған әр оқшыға жол табу үшін әр баланың мінез-құлқын түсіну аса қажет деп ойлаймын. Мен үшін әр оқушы ол жазылмаған таза парақ болып табылады. Мұғалім ретінде өзіңе берілген миссияны адал атқаруға ол ақ парақты сиясы дұрыс қаламмен таза жазуға әр мұғалім себепті деп ойлаймын. Сізге келген әр оқушының бойындағы дарынын ұғыну, оған жол табуда тәжірибенің адам баласы үшін өте қажет екенін айтқым келеді.
Өзім сүйіп таңдаған мамандығыма мектеп аяқтап оқу орынына түсе алмай, уақыт өтсе де сол маманыққа қайта тапсырдым. Ол- география пәні мұғалімі. Иә, кей адамар айтты ұпайың жетеді басқа амандық таңда… бірақ әр адам өзінің сүйіп таңдаған мамандық иесі болмаса, ол мамандықпен жұмыс жасаған дұрыс ой емес, себебі сен «жақсы көре білмейсің»…
Шәкәрім атамыздың мына нақыл сөзі менің өмірлік ұраныма айналды. «Адам-табиғаттың қожасы емес,-баласы». Қоршаған орта, тау, сыңғырлаған судың бұлағы, сайраған құстың үнін бәрін-бәрін түсіне біліу, осы киелі мамандықты таңдауыма үлкен себебін тигізді. Өзіңіз ойлаңызшы «табиғат-ана», «жер-ана», «отан-ана», «еліңді сүю», «жеріңді таза ұстау», сияқты ұғымдар осыншама таза, кіршіксіз мамандық иесі болума көмектесті және мен үшін мәртебе. Жалпы мамандығыма деген махаббатымды қоршаған ортамен тығыз байланыстыра білдім. Керек десеңіз табиғатқа, отанға, жерге деген сүйіспеншілігімнің дәлелі ретінде қолымнан келгенше өлең жолын жазып, ән шығаруға талпындым…
Туған елім- Қазақстан
(сөзі мен әні Қадыров А.А)
1. Туған елім, туған жерім,
Мақтан тұтам қазақ елін.
Мәңгі өшпес сағым демің,
Алтын бесік дархан жерім.
2. Көк туым сен желбіреші
Қазақстан елім деші.
Бабамыздың мұрасын біз,
Сақтайықшы ел іргесін.
Қ-сы
Қазақстан қыран далам,
Өсті бүгін ұлан балаң.
Алатауым,асқар тауым,
Туған елім- Қазақстан.
3. Қандай әсем өзен-көл бар,
Жазираға құлаш самғар.
Жаһан елге мақтанарлық,
Міне,осындай ел -жұртым бар.
Қ-сы
Туған елім- Қазақстан
Иә, менің түсінгенім егер сен мамандығыңды жақсы көрсең сенің мұғалімдік мәртебеңнің асқақтауына ешкім тосқауыл бола алмайтынына кепілдік беремін.
«Бір бала-бір тағдыр». Өзіңіз ойлаңызшы алдыңызда жиырма бес оқушы отырады. Әр оқушының өзіндік сырлары бар, айтар ойлары бар, керек десеңіз жеке қалып сізбен ойын бөлісуге дайын оқушылар қаншама… Осы мәртебелі мамандықта жұмыс атқарып жүріп күндердің бір күні оқушының үйіне дәріс беруге бардым. Тағдыр таласына түскен оқушыны бірден көріп абдырап қалдым, сәлемдесіп өзімді жинап, жүрегім дүрсілдеп сабақ барысын таныстырып, сабақ аяғында оқушыны сөзге тарттым… Ол ойланып тұрып сіз маған «мұғалім» болып жиі келіңзші деп өз лебізін білдірді. Осы кезден бастап менің мамандығым қаншалықты мәртебелі мамандық екенін көзім жетті және де сезіндім…
Жыл бойы сабақ барысымен күндер өте берді. Жыл аяғы болып ақырғы сабақтың уақыты аяқталуға да таяп қалды. Ал ол болса мен оқығым келеді деп маған мұңая қарады. Ол баланың негізгі орта білімді аяқтағаны маған белгілі болды. Тек аяғынана баса алмайтын оқушы болатын… Қоғам үшін пайдасы бар қандай мамандық бар деп бас қатырдым, облыстық білім басқармасына қағаз жазып ол баланың колледжде оқуына келісім алдым. Қуанышқа орай ол бала толық қанды мемлекеттік диплом алып шықты. Сондағы ойым мен таңдаған мамандық «Мұғалім» қандай мәртебелі екенін тағы бір мәрте түсіндім…
Өз ойымды аяқтап қорыта келе мен өзім таңдаған мұғалімдік мамандықтың мәртебесін түсірмеуге уәде беремін. Мен үшін таңдаған мамандығым менің мәртебем. Осы орайда халық айтатын ел арасында нақыл болып кеткен мына сөз есіме түсіп отыр. «Бір әріпті үйретсе де, сен ұстазыңа қырық жыл сәлем бер». Қараңызшы мағынасы Байкал көліндей ең терең, көлемі Каспий теңізіндей ең үлкен ұғым емес пе?! Мұғалімнің қадір қасиетін арттыру ол сізбен біздің миссиямыз деп білемін. Осы сәтті қолданып мәртебелі мамандық иелері ҰСТАЗдық қылып жалықпай жүрген барша ұстаздар қауымына алғысымды айтақым келеді…
Назар аударып оқығандарыңызға Алла тағала берекетін берсін!!!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *