Жабайы жануарлар.

Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Жануарлар әлемі (Жабайы жануарлар)
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту ,тереңдету.
Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс айта білуге үйрету.Жұмбақтар шешу арқылы ойлау,қиялдау қабілеттерін арттыру. Әдіс-тәсілі: психологиялық жаттығу, әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,сұрақжауап,жұмбақтар жасыру
Қажетті көрнекі құралдар: АКТ,Жабайы жануарлардың суреттері, Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Көңілді шеңбер
Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Сәлеметсің бе,Нұрлы Күн
Сәлеметсің бе,Жер Ана
Сәлеметсіз бе,қонақтар
Сәлеметсіз бе,жан досым
Міне,менің қолым бос
Жылуыңа жылу қос
1.Психологиялық жаттығу:
Көздеріңді жұмып, ең жақсы сәттеріңді еске салыңдар
Балалар жайылып отырып, көздерін жұмып, ең жақсы сәттерін елестейді.
2.Қызығушылықты ояту.
3.Жұмбақтар: Тақтамен жұмыс

1.Көлеңкесінен қорқып безектейді, 3.Өзі қу,әрі айлакер,
Ал,оның баласын «көжек»дейді. Жүрген жері айқай да шу.
2.Ит секілді пішіні, 4.Қыс бойы жатады,
Бірақ адамды ұнатпайды. Тәтті ұйқыға батады.

4.Ой дамыту. Суретпен жұмыс.
Жұмбақтың шешуі бойынша түсінік беру -Бұлар қандай жануарларға жатады?
-Қайда өмір сүреді?
5. Сергіту сәті:
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбең деген көлеңкем
Кім көрсетіп береді
Қоян қалай секіреді,
Қасқыр қалай жортады Түлкі қалай жүреді
Аю қалай қорбаңдайды.

6. Пішіндер арқылы топқа бөлу.

1- топ. Қызыл дөңгелек
Құрлымдалған ойын: «Бөлігін тап» «Ненің құйрығы?»
Берілген ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
Суретте берілген жануарларды атай отырып, дене бөлігін табу.
Сұрақтар ілмегі: Неліктен түлкінің құйрығы деп ойлайсың?
Түлкі қандай аң?
Маймылдың құйрығының ерекшелігі неде? Бұл аңдар қайда өмір сүреді?

2- топ. Шаршы
Педагог жетекшілігімен «Ненің көлеңкесі?»
Балалардың ойлау қабілетін дамыту ,баланың затты айыра білу, орнына дәл қоя білуін дамыту мақсатында бағыт-бағдар беру.
Сұрақтар ілмегі: Неге Мына көлеңкені таңдадың?
Аю мен қоянның көлеңкесінің айырмашылығы қандай? Неліктен жабайы аңдар дейміз?

3- топ. Үш бұрыш
Педагог жетекшілігімен «Өз мекеніне орналастыр» «Адасқан жануарлар»
Сұрақтар ілмегі: Орман дегенде көз алдымызға не елестейді?
Аңдарды неліктен орманға орналастырып жатырмыз?
Аңдар қорегін қалай табады?
Қоян, тиін немен қоректенеді?

Көңілді шеңбер:
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан – талға секірем.
7. Қорытынды
Ойын арқылы қорытындылау.
Ойын «Сөйлемді аяқта» Ойынның шарты:мен сөйлемдер айтам ,сендер аяқтайсыңдар мұхият тыңдаңдар: Аюдың баласы………..
Қасқырдың баласы………..
Қоян күзде сұры ал қыста……….
Кірпі кішкентай, ал аю……………
Жарайсыңдар!
Балаларды мадақтау. Көңілді смайлктер беру.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *