«Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағы
«Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағы меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі. Сонымен қатар бұл атаққа ие болған ұстаздарға келесідей талаптар қойылады.
1. «Алматының жыл мұғалімі» құрметті атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
- Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ 3 жыл жұмыс өтілі бар педагог қызметкерлер Тұрсын Т.М., Құрманбаева Т.Т., Нұрмағамбетова А.Д. сияқты ұстаздар мектепішілік конкурсқа қатысты.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін оның әр кезеңінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Олар: мектеп директоры Ахметова С.С., ДОІЖО Исабаева М.Б., Дауренбекова Р.О., ДТІЖО Какимбекова А.И.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың барлық кезеңдерде өткізілуін қамтамасыз етті;
- Конкурс кезеңдерінің өткізілу мерзімін белгіледі;
- Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық материалдарды қабылдады;
- Конкурс кезеңдерінің нәтижелерін талдады және қорытынды нәтижелерді шығарды;
- Конкурстық комиссия шешімінің негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады;
- Ғаламтор желісінде, бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурс қорытындыларын жариялады.
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
I кезең – мектепішілік, жыл сайын ақпан айында өткізіледі, онда Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылатын жеңімпаздар айқындалды. Мектепішілік конкурста бас жүлдені орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тұрсын Т.М. бас жүлдені жеңіп алды.
Бірінші кезеңде әр мектеп екіден артық емес жеңімпаздарды Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ұсынады. Сондықтан «№102 ЖББМ» КММ 1 кезеңнің жеңімпазы Тұрсын Т.М. жолдама алды.
Бірінші кезеңнің Конкурсқа қатысушыларын бағалау үшін құрамы тиісті орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін мектепішілік конкурстық комиссия құрылды.
Мектепішілік конкурстық комиссия педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдарынан, республикалық «Үздік педагог» конкурстарының жеңімпаздарынан, ардагер-ұстаздардан, жаңашыл-педагогтар мен әдіскерлерден құрылды.
Конкурстың І кезеңі 4 турдан тұрады:
1 тур (іріктеу) – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2 тур – (іріктеу) «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағыты.
3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды іске асыру деңгейі.
4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен, Қазақстанда тұратын халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталатын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен тәжірибесі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылды:
-
- Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес, Ұйымдастыру комитеті төрағасының атына жазылған өтінім;
- «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» өз қызметінде кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерін, әдістемелік және технологиялық құрылымын қамтитын таныстырылым;
- «Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы» таныстырылымында баяндалған кәсіби шығармашылықтың тұжырымдамасы негізінде құрылған сабағының қысқа мерзімді жоспары;
- мұғалімнің өзі сынып жетекшісі болып табылатын оқушылармен «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында өткізетін тәрбие сағатын әзірлеу;
- Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес, педагогтың портфолиосы.
Конкурстың барлық кезеңдерінде конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделді
Грантты тағайындау тәртібі
- Педагогтардың шығармашылық әлеуетін көтермелеу және кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында Басқарма гранттарды тағайындау бойынша конкурс өткізеді.
- Конкурстың қатысушыларын бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін гранттарды тағайындау жөніндегі конкурстық комиссия құрылады.
- Гранттарды тағайындау бойынша конкурсқа мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар педагогтары қатысады.
- Грантты тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымы бірден артық емес педагогты ұсынады.
- Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес педагог портфолиосы гранттарды тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияға ағымдағы жылдың сәуір айының 10-30 аралығында ұсынылады.
- Конкурстардың жеңімпаздары жыл сайынғы «Мұғалімдер күні» мерекесінің салтанатында марапатталады.
- Құнды сыйлықтарды беру және біржолғы сыйақы төлеу, сондай-ақ гранттарды тағайындау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.