Құммен таныстыру

Чалхарова Динара Есембековна

Білім беру саласы:Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі:Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Құммен таныстыру»

Мақсаты:Құмды жерлерде тіршілік ететін ағзалармен және олардың жағдайымен бейімделумен таныстыру.Құмның шығу туралы қарапайым түсінік беру.

Білімділік: Құмның қасиетімен таныстыру,тәжірибе жасауға үйрету.

Дамытушылық:Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд,суреттер,бейнетаспа.

Сөздік жұмыс.Сусымалы,құрғақ,ылғал.

Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,тәжірибе көрсету,түсіндіру.

Билингвальды компонент:Құм-песок.

І.Кіріспе бөлімі:

Шаттық шеңбері:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Құшағында ойнаймыз.

Шаттық әнге саламыз.

ІІ.Негізгі бөлімі:

Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат екіге бөлінеді. Жанды және жансыз табиғатқа бөлінеді.

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Адамдар,ағаштар,құстар,жануарлар,өсімдіктер.Яғни көбиетін қореқтенетін өсетін жандар жанды табиғатқа жатады.

Ал жансыз табиғатқа нелер жатады?

Су,тас,ай,жұлдыздар жатады.

Жұмбақ жасыру.

Жер бетінде жатады.

Онымен ойнайсың.

Әртүрлі мүсін жасайсың.

(құм)

Дәмі де жоқ,түсі жоқ.

Пайдаланбас кісі жоқ.

(құм)

Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз.Ал ғалымдар дегеніміз кім?

Бүгін сендермен құмның қасиетін зерттеуге барамыз.Қазақстан жерінде шөлді дала бар екен.Біздер сол шөлді далаға саяхат жасаймыз.Ол жерде шөлге төзімді жануарлар ғана мекендейді.Мысалы.Түйе,кесіртке,құрт т.б.Ал өсімдіктен сексеуіл деген шөп өседі.Балалар қараңдаршы құмдар төбекшік болып жатыр.Құммен жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.Балалар құмды ауызға салуға болмайды,оны шашуға болмайды жәнеде жеуге болмайды.

 

 

Тәжірибе №1.

Ыдыстағы құмды түтікше арқылы үрлейміз,желдің әсерімен төбешіктерге айналады.Ал енді ылғалды құмды байқайық,құмды үрлеп көрейік,үрленбейді.

 

 

Тәжірибе №2.

Жақын көрінетін шынымен қарап құмның пішіндерін анықтайық.Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.Құмның түсі қандай?

Сары,ақшыл,ал ылғалды құм қара түсті.

 

Сергісу сәті:

Күн болып жанайық.

Мөлдір судай ағайық.

Гүл болып жайнайық,

Терең-терең домалап,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

Тәжірибе №3.

Балалар магнитке не жабысады? Темір.Енді құмға магнит салып байқап көрейік.Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар.Енді стакандағы суға «варонка» қасықпен құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты.Құм сусымалы және ол суға батып кетті.

Ал құмды не үшін пайдалануға болады?

Құрылыста,ыдыс жасағанда,шыны,айна.Балалар сендер бүгін ғалым болдыңдар,енді суретші боламыз өз еріктеріңмен сурет саласыңдар.

ІІІ.Қорытынды:

Балалар сендерге сабақ ұнадыма? Сабақты өзін-өзі бағалау әдісімен қорытындылайды.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгін келген апайларға,

Сау болыңыз деп айтамыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *