«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!»
Наурыз – ертеден келе жатқан көне мейрам. Бұл мейрам жыл сайын 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз мейрамы қазірде парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы ретінде және жаңа жылдың басталу қадамы ретінде тойланып келеді. Халықтың баяғыдан келе жатқан түсінігі бойынша осы түні даланы Қыдыр ата аралап халықты мол ырыс пен шаттыққа бөлеп, жаңа жылдың басталуына жақсылықты арттырады деп сенеді. Ұлыстың ұлы тойы күні қазақ халқы үшін қасиетті де киелі болып саналы, осы күні елімізде тұратын әр ұлтты халық бір-бірін ақ пейілдері мен мейірімдеріне бөлеп, сыйластық ретінде төс қағысып мол дастархандарын жайып қарсы алатын күн. Барша жұрт сол күні далада киіз үй тігіп, алты бақан құрып, ұлттық ойындар: көкпар тартыс, қыз қуу, ат жарыс, асық ату сияқты және арқанға міну ойындарын насихаттап, келер ұрпаққа өнеге ретінде сақтау үшін өткізіп, ет асысып, бауырсақтан дәм таттыратын ұлы той болып тойлайды. Мереке күні дәстүрге айналған жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Барша Қазақстанның жер-жерінің қалалары мен ауыл-аймақтарында Ұлы Наурыз тойы тойланып, балабақшалар мен мектептерде Наурыз мерекесіне байланысты ұлттық киімдерді насихаттайтын, ыдыс-аяқтар мен ұлттық тағамдар ұсынылатын іс-шара мерекелері өтіп жас ұрпақтың санасына таныту үшін жарыстар мен көрмелер ұйымдастырылады.
Нуркенова Асемгуль Муратовна
Бұл күні кешірілім күні деп те танылған. Осы күні барлық реніштер ұмытылып, ақ тілектер жаудырылады. Ақтан дәм татылады. Ақ дегеніміз – құрт, май, ірімшік, қоспа т.б. аталады. Сол себепті төрт түлік малымыз аман болсын деп, амандасу барысында мал-жан, отбасың қалай деп амандасады. Осы күні үлкен ата-қариялар бата оқып, ән шырқалып әр шаңырақта дастархан жайылып, туған-туысқандармен көрісіп, аман-саулықтарын сұрасады.
Ұлыстың ұлы күні ынтымағы жарасқан көп ұлтты елдің бірлігі, достығы бұзылмасын, әр шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын. Жас еліміздің көк байрағы желбіреп, дамыған елдер қатарынан көрінсін деп тілеймін.