Сандық білім беру – заман талабы
Қостанай облысы
Арқалық қаласы
КМҚК «Арқалық политехникалық колледжі»
Бекеева Дидар Хамитовна
өндірістік оқыту шебері
Сандық білім беру – заман талабы
Қазіргі таңда әлемде мемлекеттің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы объективті ақпарат адам капиталының интеллектуалдық өлшемі арқылы анықталады. Бәсекелестіктің жоғарғы қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім беру жүйесін қолдау керек.
Оқу ұрдесінде бір тұтас болып қолданудағы сандық түрдегі қол жетімді деректер жиынтығы ретінде танылатын сандық білім беру ресурстары СБР бүгінгі күні ең перспективалы болып табылады. Сандық білім беру ресурстары – бұл цифрлық нысанда ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалар, таңба объектілері және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу ұрдісін ұйымдастыруға қажет басқада оқыту материалдары
Оқытушыларға көмек ретінде Ақпараттандырудың ұлттық орталығы СБР қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдарды және пәндер бойынша (математика, алгебра, геометрия, физика, химия т.б) СБР пайдаланушыларына арналған басшылықты өңдеді.
Әдістемелік ұсыным ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/) Нормативтік құжаттар бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының http://nci.kz сайтында орналастырылған және барлығы да ашық қолжетімді болып табылады. Оқу-әдістемелік құралдардың мақсаты – сабақтың әрбір түрі мен кезеңіндегі нақты дидактикалық міндеттерден туындайтын нақты сабақтарда СБР-ды пайдалану тәжірибесімен таныстыруға негізделген. Педагогтерге ұсынылатын сабақтың жоспарларын толық, не жартылай иемдене алады, ол үшін СБР материалдарын өзінің сабақ жоспарына енгізіп, сабақтың қай кезеңінде қолдануы керектігін алдын ала анықтап алады.
Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:
- Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
- Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.
- Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті анимациялар, виртуалды зертхана;
- Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет–сілтемелер.
- Терминдер, анықтамалар сөздігі.
- Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, есептеулер.
Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар
- Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;
- Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;
- Білім алушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Білім алушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту түрлерін ұсыну;
- Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;
- Шынайы мәліметтерге сүйену;
- Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;
- Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;
- Ыңғайлы интерфейс.
Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, білім алушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.
СБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.
- Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.
- СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.
- Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;
- Шығармашылық тапсырмалар құрастыру;
СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.
- Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
- Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті модельдерді пайдалану;
- Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
- Сабақ үстіндегі білім алушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.
СБР – білім алушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.
- Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен білім алушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды білім алушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.
- Кез – келген уақытта білім алушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.
- Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Білім алушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады.
- Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.
- Мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, білім алушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
- Білім алушылардың өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
Білім алушылардың қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сандық білім беру ресурстары – мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Оқу процесі барысында сандық білім ресурстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Сандық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, білім алушылардың дайындық деңгейін ескеріп, білім алушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.
Сандық білім ресурсы оқытушыны алмастыра алмайды, бірақ оқытушыға қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, білім алушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда білім алушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен, сандық білім ресурстарын қолдану оқыту сапасын тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Интернет-ресурстар
http://www.nitec.kz – «Ақпараттандырудың ұлттық орталығы» АҚ сайты; http://nci.kz/ru/content/uchebno-metodicheskie-posobiya-po-ispolzovaniyu-
cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov-v-uchebnom – сандық білім беру ресурстарының қолданылу әдістемесі;
http://nci.kz/ru/content/monitoring-aprobacii-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov
http://www.wikipedia.org/ – Википедия.
http://www.rusnauka.com/pdf/246420.
Аннотация
Сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды. СБР құрылымын оқытушының оқыту үдерісі кезінде қолдана алады: жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде. «Сандық білім беру ресурстары» ұғымымен «сандық ресурс» және «білім беру ресурсы» ұғымдары да тығыз байланысты. «Ақпараттық ресурс» ұғымы (ақпараттық ресурс сандық нұсқада да, қағаз нұсқада да берілуі мүмкін) «сандық ресурс» ұғымынан да «білім беру ресурсы» ұғымынан да кеңірек (ресурстардың барлығы да білім берушілік сипатта бола бермейді). Сандық білім беру ресурстарының интерактивтілігі оқу үдерісін оңтайландыру, оны барынша дараландыру мүмкіндігін көздейді. Сандық білім беру ресурсы материалдарының гипермәтіндік белгілерінің болуы білім алушыларға өздерінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне, дайындық деңгейіне қарай оқу материалының көлемін, зерттеу қарқынын, оқу қызметінің режимін және т.с.с. өз еркімен реттеуге мүмкіндік ашады.
Білім алушылардың сандық білім беру ресурстарымен компьютерде дербес жұмыс істеуі қолайлы жағдайлар тудырады: әрбір білім алушы өзіне ыңғайлы қарқындылықта және өзіне түсетін жүктеменің оңтайлы мөлшерінде жұмыс істейді; қиын мәселелерге бірнеше мәрте айналып келуге мүмкіндігі болады. Сандық білім беру ресурстарындағы ақпарат көздері алуан түрлі: мәтіндер, есептер мен жаттығулар жинағы, видеобейнелер, фотосуреттер, аудиожазбалар, интерактивті модельдер мен карталар, сандық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, тестілер, үй жұмысына арналған материалдар, сыртқы ақпарат көздеріне арналған сілтемелер және т.б. Сандық білім беру ресурстары оқытушыларға алмастыра алмайды, бірақ педагогикалық қызметтің сипатын түбегейлі өзгерте алады.
Пікір қалдыру
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.