Балабақша жасынан этикалық тәрбиенің маңызы
Кез-келген мемлекеттің болашағы халықтың рухани саулығы, тарихи-мәдени мұрасының сақталуы мен дамуы, ұлттың мүддесі, өмір сүру салтына тәуелді. Қазіргі күні қоғамда қайырымдылық пен тәрбие, жанашырлық сезімдер аз көрініс табады. Барлығы этикалық тәрбиеге кеп тіреледі.
Этикалық тәрбие – ересек адамның балаға әсер ету және баланың оғаy кері қайтарым іс-әрекеті. Демек, этикалық норма – дұрыс әрекеттер тізімі емес, саналы түрде ереже мен нормаға сәйкес дұрыс істі ажыратып, соған сүйену.
Адам баласының дамуындағы маңызды этап – балабақша жасы. Осы жаста бала «қоғам құндылығы» сияқты әлеммен танысады. Өзіне, жақынына, қоршаған ортасына этикалық қарым-қатынас негізі қалыптаса бастайды. Кішкентай кезінен қоғамдағы тәртіпті сіңіре беру керек: әңгіме айтып отырған адамның сөзін бөлмей, аяғына дейін тыңдау, жанашыр болу, көмек қолын созу секілді.
Балабақша жасында балаға әсер етудің бір формасы – интерактивті технологиялар. “Inter”- ортақ, ерікті, “act” – әрекет ету. Оқытудың бұл түрі адамзаттың психологиясына негізделеді.
Технологияның мәні қарым-қатынасқа барлық тәрбиеленушінің түсуінде, оларға түсінуге, бірнәрсе туралы не білетінін және оған қатысты ойын айтуға мүмкіндік берілетінінде. Педагог дайын білімді ұсынбайды, балаларды өзіндік ізденіске шақырады. Барлығы бір-бірін қолдау, тыңдау арқылы достық позицияда оймен, біліммен бөлісу жүреді. Тәрбиеленушілердің жұмыстануына жағдай туғызып, тәрбиешінің белсенділігі екінші орынға ығысады.
Интерактивтік әдіс-тәсілдердің санында шек жоқ, бірақ МДҰ тәрбиешілері арасындағы ең кең қолданылатындары: микрофон (балалар тақырыпқа қатысты өз ойларын кезекпен микрофонға айтады), харовод (тәрбиеші құралдың көмегімен белгілі бір тапсырманы бір-бірінің сөзін бөлмей, кезекпен орындауға көмектеседі: «ұшады-ұшпайды», «жейтін-жемейтін» т.б.), жұппен жұмыс (балалар өз қалауымен жұптасып, тапсырма орындайды), ой синтезі (балалар кіші топтарды құрып, хабарлай отырып, тапсырма орындайды. Бірінші топт орындап болған соң тапсырманы келесі топ жалғастырады. Соңында барлық топ нәтижені талқылайды. Тағы сондай сияқты «карусель», «дискуссия», «аквариум», «үлкен шеңбер» әдістерін жалғай беруге болады.
МДҰ-да аталмыш білім технологиясын қолдану балаларды дұрыс қарым-қатынасқа, сенімсіздігін жоюға, тұлғалық қасиеттерінің дамуына, қарым-қатынастағы шиеленістерді шеше алуға, өз ойын сақтауға баулиды.
Ал, енді екінші тарап – ата-ана дәл осы этикалық тәрбиеге баулитын ойындарды ойнауға уақыт бөлсе, алдымен баланың ойына құлақ түрсе, санасса, әңгіме жүргізсе мақсатқа жүйелі түрде жететініміз анық.