Топ ішінен бөлек заттарды бөліп алу және заттарды топқа біріктіру
Өткізген: Даулетімбетова Б.Н
Өткізу мерзімі: 23.10.2020
Топтың жас ерекшелігі: ересектер тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: «Топ ішінен бөлек заттарды бөліп алу және заттарды топқа біріктіру».
Мақсаты: Топ ішінен бөлек заттарды бөліп алу және заттарды топқа біріктіру дағдыларын жетілдіру
Міндеттері:
БМ: Бөлек заттарды заттар тобынан бөліп алуға және заттарды топқа біріктіруге үйрету. Үлестіру жадығатпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
ДМ: Зейіндерін, көру естерін, қолдардың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. .
ТМ: Тану ықыластарын тәрбиелеу
Қолданатын көрнекі құралдар: бала санына қарай жасанды қар кесегі, Тазша бала, себет, геометриялық пішіндер салынған қорап.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, бөліп алу, біріктіру.
Қостілділік компонент: бір – один -one, көп – много –lot.
Қызметтің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеттері | Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық-қозғаушылық | Кіріспе әңгіме:
– Балалар, бізге қонаққа Почташы келді. |
Қуыршаққа назар аударады |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсің бе, Почташы! Почташының қолындағы сөмкеге назар аудартады. – Балалар, Почташы бізге не әкелді? -Ол бізге қар кесегін әкеліпті. -Олар қандай түсті, қандай пішінді? -Тазша бала көп қар әкелді ма? Қар кесектерін еденге шашып, бала-ларға жинап алуға ұсынады. – – Қане, бәріміз бір-бір қар кесегінен қолға алайық. Кезекпен балалардан «Сен неше қар кесегін алдың?, – деп сұрайды. -Ал, неше қар кесегі қорапта қалды? -Сөмкеде көп қар кесегі болу үшін не істеу керек? Қар кесегін себетке салуға ұсынады. Әр баладан: «Сен неше қар кесегін қорапқа салдың?» – деп сұрайды. -Сөмкеде неше қар кесегі бар? -Ал, сендердің қолдарыңда неше қар кесегі бар? Қостілділік компоенттер: бір-один, көп –много
Сергіту сәті : Бір, екі – еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш-төрт шалқай Иілмесін тізең. Қолды көтер аспанға Саусақты соз, жасқанба.
Бекіту.Сөмкеде геометриялық пі-шіндер. -Балалар, сөмкеде нелер жатыр? -Оларды бір сөзбен қалай айтамыз? -Келіп, әрқайсың бір пішінді алыңдар. -Енді сөмкеде неше геометриялық пішін бар? -Ал, сендер қолдарыңда неше геомет-риялық пішінді ұстап отырсыңдар? |
Қонақпен амандасады.
Сөмкеге назар аударады.
-Қар әкелді.
-Ол ақ түсті, домалақ. –
Иә, көп.
Қолдарына бір-бір қар кесегінен алады. –
Сөмкеде ештене қалған жоқ. Қайтадан салу керек
Көп
Біреуіде қалмады
Тұрып бойларын жазады.
Сөмкеге назар аударады. -Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, т.б. -Геометриялық пішіндер. Пішіндерді қолдарына алады.
-Бір де бір пішін қалған жоқ,
-бір пішінді |
Рефлексиялық -түзетушілік | -Балалар, біз бүгін немен айналыстық?
-Біз қолға неше заттан алып отырдық? -Ал, заттарды қайта сөмкеге жинағанда, онда неше зат болып отырды? Белсенді балаларды мақтайды. |
-Заттарды алып, қайта жинап отырдық.
– Бір заттан.
-Жинаған кезде сөмкеде де көп зат болады. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: «Қанша?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап береді, жиынтықты «бір», «көп» сөздермен анықтайды.
Игереді: топ ішінен бөлек заттарды бөліп алу және заттарды топқа біріктіру дағдыларын.
Меңгереді: топ ішінен бөлек заттарды бөліп алуға және заттарды топқа біріктіруге үйрнеді.