«Жыр алыбы-Жамбыл»

Куспекова Анар Сериккалиевна

Бүгін «Болашақ» жеке  меншік балабақшасы «Қарлығаш» ортанғы тобында ашық тәрбие сағаты   Жамбыл атамыздың 175 жыл толуына байланысты болмақ. Жамбыл атамыз қазақ халқына қандай еңбектерімен танымал болғаны туралы аздаған шолу жасайық. Жамбыл Жабаев атамыз 1846 жылы 28 ақпан  Жамбыл облысында дүниеге келген, ұлты қазақ.

Қазақ халқының өмірде қайталанбас бір туар ақыны. Ақындығынан басқа күйшілік, айтыскерлікөнерінде меңгерген кеменгер ұлы дана.

Әкесі Жамбылды жылқышыға беріп ат құлағында ойнайтын шабандоз қылып шығармақшы болады, бірақ Жамбыл жыр , әуенге құмартып ақындыққа жуық болып өседі.Атақты ақын Сүйінбайдан дәріс алады.  Бата дарыған Жамбыл келіп атақты ақын Шашубай, Досмағамбет сияқты дүлділ ақындармен сайысқа түсіп, атағы қазақ еліне мәлім атанады.  Жамбыл Жабаев қазақ поэзиясына сіңірген еңбектерін атап айтсақ орасан зор. Соның дәлелі Ұлы Отан Соғысы кезінде Совет халқына жасаған үндеуі  «Ленинградтық өрендерім» және тағы көптеген өлеңдерін атауға болады.

Жамбыл айтыскер ақындығымен қатар жырау, дәулеткер күйші екенінде танытқан адам.  Міне балалар осындай біздің ата –бабаларымыз  білімді ,күйші, жырау,ақын болған адамдар екен.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өте мәнді, мағыналы  келешек ұрпаққа тәлім – тәрбие көрсетіп дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *