Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері

Тахиров Закирхан

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Үштілділік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу-біздің байлығымыз » десе, 2007 жылы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты- бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті мәдениетті тұлға қалыптастыру.Қазіргі уақыттағы ғылымның дамуы адамдардың көп тілді білу қажеттігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда, біздің, яғни мектеп ұстаздарының рөлі зор.

CLIL әдісі шет тілі арқылы пәнді, пән арқылы шет тілін оқытуды көздейді. Тілді үйренуде тілдік мақсаттар маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты.Биология пәнін ағылшынша беру үшін өтетін тақырыпты күнделікті қарапайымға айналдыру керек. Өтетін тақырыпты ықшамдап алған дұрыс. Тақырыпты ағылшын тілінде түсіндіру үшін сөйлемдер қысқа әрі қарапайым сөздермен берілуі керек. Мысалы :REPRODUCTIVE PARTS OF A FLOWER тақырыбын алсақ. Үлкен көлемде ,ауқымды тақырыпты ағылшынша түсіндіргеннен көрі .  Қысқа әрі түсінікті анықтама беріледі. Ғor example:The stamens are the male part of the flower.The plant makes pollen in the part of the stamen called the anther. Or the stigma is the top of the female part of the flower.Pollen from another flower collects on the stigma’s sticky surface.Found at the end of the pistil. Оны әрине,гүлдің макетін көрсету арқыры the structure of the flower- гүлдің құрылысын түсіндіреді.Сабақтың соңында ағылшын тілінде берілген тапсырмаларды орындатуға болады. Ғor example: Write the correct words in the boxes:

stamens,  stigma, petals, ovary, sepals
  1. pollen sticks to this
  2. where the seeds grow
  3. these attract

Insects

  1. where the pollen is made
  2. these protect the flower before it opens

Тағы сол сияқты. Look at the picture. Complete the sentences with the word  and phrases from the box немесе complete the word, complete the crossword сияқты тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпты бекіту.

Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға болғанымен,мазмұнмен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да,тілге де баса назар аударуына көмектеседі.I chose 5 thems from my biology program. They are:

1st theme: омырқалы және омыртқасыз жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер

2nd theme: жасуша ағза құрылысының негізгі бөлшегі

3rd theme: зат тасымалдануының тірі ағзалар тіршілік әрекеті үшін маңызы

4th theme: дихотомиялық әдіс, дихотомиялық кілттерді қолдану

5th theme: өсімдіктердің тыныс алуы

1.Lesson’s objective: Омырқалы және омыртқасыз жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін сипаттау.(Ағылшын тілінде)

Lesson’s language: zoology, system, vertebrate, invertebrate, animal, fish, amphibians, reptiles, birds and mammals, taxonomy.

2.Lesson’s objective: «Жасуша»,«ұлпа»,«мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарын түсіндіру. .(Ағылшын тілінде)

Lesson’s language: cell, tissues, organs, protoplast, alive, cytology, citoplasma, soma, eidos

3.Lesson’s objective:Тірі ағзалардағы қоектік заттардың маңызын түсіндіру;өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз ететін мүшелерді танып білу. .(Ағылшын тілінде)

Lesson’s language: alive, ecology, abiotic factors,  biotic factors, anthropogenic factors.

4.Lesson’s objective:Жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану.(Ағылшын тілінде)

Lesson’s language:  tesa, antithesis, dichotomous key, method of dichotomies

5.Lesson’s objective: Өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу.(Ағылшын тілінде)

Lesson’s language: energy, flora, plant, air, air-breathing.

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты- бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті мәдениетті тұлға қалыптастыру.Қазіргі уақыттағы ғылымның дамуы адамдардың көп тілді білу қажеттігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда, біздің, яғни мектеп ұстаздарының рөлі зор.

Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі бүгінгі дәуірімізге сай айтылғандай.Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Наср Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70 ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен,артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.

Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен оқушылардың күшін біріктіре отырып, тілді меңгеру дәрежесі жоғары деп есептеп 8 -сыныпты таңдадық.

Сабақ аптасына бір рет факультатив есебінен жүргізілді. Факультатив тақырыбын «Биология пәніндегі терминдерді ағылшын тілінде оқыту» деп алынды.8-сынып бағдарламасы бойынша«Living things», « Keeping healthy», « Energy for life», «Develop-ment and change»,« Survival»,« Keeping and healthy»,« More on survival» тақырыптары бойынша алған білімдері жүйеленіп, қорытындыланады. Сабақта  «Cambridge»   баспасынан шыққан «Core Biology» әдебиетін пайдаландым. Авторы: Jean Martin.

Сабақта жаңа ақпаратты меңгерту үшін қолданатын әдістеріме тоқталсам, алдымен тақырыпты тақырыпшаларға бөліп оқытып шыққан соң, сөздік арқылы мәтінді аударамыз.Мәтін ішіндегі негізгі терминдерді жинақтап, аудармасымен бірге сөздік дәптерге түсіртемін.Сабақты бекітуде қалдырылған сөздерді орнына қою, берілген мәтін ішіндегі қатені табу тапсырмаларын орындайды.Топтарға бөлінген тақырыпшалар бойынша түйінді ой жасалады.

Бар мүмкіндігімізше пән мұғалімдерімен бірлесіп, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында біраз ізденімпаздықпен жұмыс істедік. Осыған орай жеткен нәтижемізге тоқталсақ, балалар биологиялық-математикалық терминдердің мағынасын ағылшын тілінде меңгерді және тек тілді ғана меңгеру емес, сол тіл арқылы биология ғылымын оқуға сенімі нығайды.

Бір ұтымдысы, биологиялық терминдер ағылшын және орыс тілінде де ұқсас келеді.

Жаһандық терминология базасының бірдейлігі бізге оқыту үшін оңтайлы болды.

Сондықтан заман ағымынан қалмау мақсатында келесі жылы 7-сыныптан бастауды ұйғардық. Менің ойымша , жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жаңа мағлұматтарға жол ашады. Жастар заман көшімен бірге жүре алады деп есептеймін.

Әрине,барлығы бірдей ағылшынша сөйлеп кетеді деуге сену қиын.

Білім саласындағы мұндай күрделі өзгерістер оқушыларға қандай мүмкіндіктер береді?

  • Қазақстанның білім көрсеткішін әлемдік деңгейде көрсетуге
  • Шет елде білім алуға ниетті оқушыларымызға үш тілді жетік меңгеру жеңілдіктер береді
  • Қазақстандағы білімді әрі білікті мамандар санының өсуіне оң әсерін тигізеді

 

Ұсыныс:

  • Мемлекеттік стандартқа сай ағылшын тілінде биология

оқулықтары болса;

  • Пән мұғалімдерін ағылшын тілі курстарына жүйелі жіберіліп отырса;
  • Негізгі ғылыми терминдердің сөздігі жасалса;
  • Пәнге байланысты басты терминдер сол пән басталған сыныптан бастап оқытыла бастаса;
  • Мемлекеттік стандарттағы сағаттан басқа қосымша сағат қосылса;

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі,негізгісі,маңыздысы бола береді. Көп тілді меңгерген адам әуелі ана тілінде ой қорытып,қандай ортада жүріп,қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын,ұлттық қасиетінен арылмайтын,сан алуан мәдениетті сараптай алатын болады .

«Көз-қорқақ, қол-батыр», -дегендей мұндай батыл бағдарламаны жүзеге асыруға да білік пен тәуекел керек шығар. Қандай жаңалықтың да алғашқы қадамдары күдік пен үрейге толы болатыны заңдылық. Оны жеңу үшін біз, Қазақстан ұстаздары, бірлесіп, үндесіп еңбек етуіміз керек.

Бүгінгідей ақпараттық технология өркендеп тұрған заманда оған толық мүмкіндік бар. Осы бір жаңашыл қадам кейін шәкірттеріміз бізге алғыс айтатындай бағдарлама болады деп ойлаймын.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *