Балабақша – бақытты балалық ордасы.
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай балабақшалардың бірі- «Көктал орта мектеп-бақша» КММ «Балдырған» балабақшасы.
Балабақша-келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Балабақшамыз 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Ашылғанына биыл 8 жыл толады.
Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Атап айтсақ, балабақшада бір топ жұмыс жасап, онда 17 бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақшада 4 жұмысшы қызметкер бар, оның 2-уі педагог мамандар, жоғары білімдісі-1, орта арнаулы -1 қызметкер қызмет етеді. Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.
«Үйренер нәрсең -білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар.
2016 жылдың сәуір айында аудандық “Өнегелі өмірдің бастауы-тәрбиешілер» атты педагогикалық байқауды жүлделі ІІ орынға ие болдық.
Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек. 2017 жылы аудандық «Үлгілі балабақша» аудандық байқауда ІІ-орынмен марапатталдық.
«Балдырған» балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, тәрбиешілер Оразамбаева Айжан Серікқызы мен Нургалиева Айгүл Токтаргалиевна балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Тәрбиешілер 2017 жылы «ПОНИ» халықаралық турниріне балалар дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналар пікірінше біздің «Балдырған» балабақшасы балалардың саялы мекені.