Пұлы жоқ қазаққа, пәтері жоқ студенттерге кім жәрдемдеспек?

Болашақ журналист Ақбөпе Жайлау Ғалымжанқызы. 125 High school bilim беру орталығының 2021 түлегі.«Пұлы жоқ қазаққа,пәтері жоқ студенттерге кім жәрдемдеспек?
Алақандай жер үшін күрес қашан тоқталады? XXI ғасыр болсақта әлі де жерге иелік етуден бөлек, шалғай аймақтардан келген студенттерге пәтер жалдап тұру қашанға дейін созылмақ? Ауыртпалық әрине ең бірінші ата-аналарға әкеліп соқтырады. XX ғасырда жер дауы болса, келер ғасырларда да соның жыры жырланып келеді. Отбасының бір мүшесінен айырылған қандастарымызға да үлкен залал келтіріп отырған жоқ па?!!Әлемнің түйіткілді мәселелері өте көп, дегенімен өз Отанымыз Қазақстанның өзінің де осындай проблемалар жеткілікті. Бұл мақаламды жазуға еш қысылмаймын, әр қазақтың басына түскен соң жаным ауырып, ашынған соң жазбасқа болмады.Қазақтың мұңы сейілсе екен деймін. Мәселені барынша тереңірек түсіндірмесем де, оқып отырған оқырмандарым тақырыбына орай түсінеді.Ашынып отырған не мәселе? Бұл әр жыл сайын болып жатқан жатақхана мәселесі. Оқуға бар жігерімен, ұмтылысымен түскен шәкірттерге неге әлі күнге дейін жағдай жасалмай отыр?!! Шындық ащщы келеді, бірақ мойындау керек алыс аймақтардан, ауылдардан келіп жатқан шәкірттерге баспана мәселесі ауыртпалық тудырады. Бей-жәй, ескерусіз қалдыра беретін болса, далада қалуға да жеткізулері әбден мүмкін. Қазақстанның әл-ауқатын көтеру керек деп, бала саны күннен күнге арттып келеді. Асырап, бағып отырған ата-анаға екі есе міндет жүктеледі. Ал кейін бала өсіп,сенген үміттерің барынша ақтауға грантқа түсуге ұмытылады. Бала грантқа түстік делік, бірақ ол баланың баспанасы, түсіп отырған шәкіртақысынан қымбат делік. Баланың болашағы қандай болмақ. Жақындарына, туған-туыстарына масыл болғысы келмей, бала күні-түні жұмыс атқарады, біліп тұрғаныныздай кафе, ресторандарда офицант болып, тиын-тебен үшін жұмыс жасайды. Ал ол баланың кейін мықты маман иесі болып шығуыңа кім кепілдік береді. Жоғарғы оқу орнына түскен әр бір шәкірттерге жағдай жасалуы қажет деп санаймын. Жағдайы жасалмаған, баспанасы жоқ, не орын босатпай отырған жеке меншік жатақханаларды бермесе, баланың оқу ға деген құштарлығы қашады. Ол дәлелденген факт. Мейлінше өкімет алыс аймақтардан келгендерге баспана тауып береді делік. Ал баланың ата-анасымен жалдап тұрып жатқан пәтер де күнелтіп жүргенін ешкім біле бермейді.Бертін келе бала тағы да ата-анасына масыл болады ма? Неге өз өңірінен келіп оқып жатқан шәкірттерге жағдай жасалмасқа?! Ел тіптен білгісі де келмейтін секілді. Әркім өзі үшін қам жейтіні айдан анық нәрсе. Отбасыда тек бір ғана жалғыз баласы болса мейлі екен, бірақ артынан өсіп келе жатқан бауырларына да азық керек, киім керек, қажеттіліктер керек айта берсе көп.Оның бәрін, ол міндетті әрине ата-анасы арқалайды. Басқа ұлт өкілдерін қарасақ, ешқандай жатақхана іздеп, сарылып жүргендерін көрмейміз.Айтпағым бұл мәселе тек қазақтың басында ғана. Бұл мәселені қарайтын жоғарыдағы аға-буын өкілдері ескерусіз қалдырмайды деген үміттемін. Атам қазақ айтпақшы “Мал ашуы-жан ашуы” бірімізге біріміз жанымыз ашымаса, опықты екі ортада бала көреді. Сайын даламыздын дархан даласынан тек алыстан келгендерге емес, өз тұрғындарынада жағдай жасап, ескере жүрейік.Қаншама аға-әпкелеріміз осындай баспана мәселесінде қиыншылық көруде. Есіме бір оқиға түсіп кетті. Сіздерге жеткізсем деймін. Бір күні сабақтан кейін үйге келсем, анамның үсті басы қызарып, әбден ашуланып кетіпті. Анамнан болған жәйітті сұрадым. Ол кісі күндіз-түні көз ілмей, жақында ғана орналасқан маска заводында, шет аймақтарға медициналық маскалар және түрлі қажетті заттарды тігетін. Жұмыс орнынан ақша түскен соң, анам үйге керекті және қарыздарын төлеуге жоспар құрып отырған еді. Бір уақытта анама несиесі туралы банк қоңырау шалып, сіздің түсіп тұрған ақшанызды және карточканы арестке қоямыз деп анама ескерту жасады.Ақшалай қиындықтар көрген соң, анамның дегбірі қашты. Жан жақтан жұлып жеп отырған несие мен қарыздар. Ал енді қалай құтыламын? түсіп тұрған ақшаны аламай отырмын деп күйзеліп кетті. Жолгүрені әйтеуір тауып, бұғаттап тастаған банкке бардық..Анамның сырқаты ашуланғанда өрбіп өршей түсетін.Соның барлығы жаныма батып,жыларман хәлде келе жатсам, үрімдей жас қыз еңіреп жылап отыр екен. Мән-жәйді білгім келіп, жүрегім езілердей болып, көзі мөлтілдеп отырған қыздың қасына барып, жыламаныз! Не жағдай? Кім ренжітті? Неге жылап отырсыз? деп сұрадым.Сұраған сайын, егіле түсіп бар жағдайын айта түсті.Өзі ауыл-аймақтан келіп, қалада пәтер жалдап тұрады екен. Күндіз демей, түн демей жұмыс атқарып, бар тапқан-таянғаның пәтердің ақысына кетеді екен. Енді қыс мезгілі, дала суық, ызғырық жел соғып боран болып тұр. Бағанағы үрімдей жас қыз неге жылап отыр дейсіз? Қаладағы жалдап тұрған пәтер иесі ақшаны уақытында төлемесен, үйді босат деп айтқан екен. Жаңа жыл қарсаңында ол қыздын түсіп тұрған ақшасын, банк несие төлемегенсіз деп бұғаттап тастаған екен. Дәл анамның оқиғасындай болып тұр, тек ол қыздың басар тауы, туған-туыстары жоқ екен. Көзім жасқа толып, жақсылық жасағым келіп “еш қаймықпаныз, үйге жүріңіз!! Қонақ болып,анамның пісірген мантысынан дәм-ауыз тиініз дедім. Бірақ кыздың ибалылығына тамсандым.” Жоқ рахмет”деп көзі жасқа толып, дала қақаған ызғар суық болсада, көзі жасқа толып жаяу кетіп қалды. Артынан ілесіп барып, жұбатқым келді, бірақ кенеттен ғайып болып үс-түссіз жоқ болып кетті.Сол күн, сол мезет, сол оқиға мүмкін мәңгі жадымда сақталардай.Бұл оқиғамен айтпағым тек сол қыз бен анам туралы емес, барша елімнің басынан өткен және өтіп жатқан қиын кезеңдер. Бұл өмірде жағдайы келінкіремей тұрған отбасыға көмек қолын созып, кейінгі өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа тек күліп жеткізердей түс ретінде ғана қалса екен дегім келеді.Білемін, көріп жүрмін қаншама шәкірттерді, үрімдей жас боздақтарды қиналып жүргендерін. Ашып қарап, әр отбасыға барып олардың жағдайларын көзбен көргенде кірерге тесік таппай қалатындарыныз белгілі. Бір бірімізге жанашыр болайық,бәріміздің шыққан жеріміз ауыл екенін ұмытпайық.Ауылдан қалаға оқуға түсіп жатқан шәкірттерге барынша жағдай жасайық.Осындай түйіткілді мәселелердің азайғаның шын ниетпен қалаймын.
Болашақ журналист: “Ақбөпе Жайлау”

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. АЙКӨРКЕМ:

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ
    ОСЫ БЕТІНЕН ҚАЙТПА
    МОЛОДЕЦ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *