Бизнес және ондағы журналистің орны.

Бизнес және ондағы журналистің орны.
Ең әуелі тақырыпқа тоқталмастан бұрын, қазіргі қоғамда ауқымды орын алып жүрген бизнес туралы мәліметтерге тоқталсам.Жалпы «Бизнес» деген ұғымды әркім әрқалай түсінуі бәрімізге мәлім. Менің пайымы бойынша бизнес деген ұғым-кәсіпкерлік, сауда-саттық. Ерте заманнан маңызы жойылмаған экономикалық қызмет десемде болады.Соның бір түрі жеке кәсіпкердің яки фирманың іскерлік қызметі. Бизнесті дөңгелетіп әкету әркімнің қолынан келе бермейтін жұмыс.Айтпағым басыңызда бизнеске деген ниет және білім болу шарт.Бірі істі бастамастан бұрын сол іске деген кірісті ұлғайтып алуыңыз керек.Кіріс қандай жағдайда болады?Әрине егер ол халыққа пайда әкелсе.Сұранысқа ие затты шығару және заман талабына сай ұтымды жасау екініңбірінің қолынан келмейтіні сөзсіз.Қоғамның игілігіне қарай сапасын жақсартып,әлеуметтік ықпал ретінде бизнесті жандандырып отыру нағыз бизнес деп түсінемін.Ал енді осы бизнеске журналистің ықпалы қандай?Әр кәсіп өз алдына жеке және дара.Әрбір жұмыстың,міндеттің өз орны бар.Журналистік мамандық та өз саласы арқылы өзгеше.Журналист ешкімге ұқсамайтын,өзге мамандықтардан өзгеше және ерекше.Артықшылығы мен жауапкершілігі көп үлкен белес.Кәсіпкерлер ретінде де халық үшін еңбектеніп,қоғамға өз нарығын ұсынатын сала.Кез келген адам бизнесті дөңгелекте алмайды деп айтып кеткенімдей,журналист мамандығында оқысыда оны биік дәрежеде қоғамға жеткізе алмауы мүмкін.Әр журналисттің қандай дәрежеде жұмыс атқара білуі,оның ақпараттық төңкеріс заманына сай болып келеді.Журналист жинақы болып,өз жұмысына салғырт қарамауы тиіс.Кәсіпкерлер секілді журналист те халыққа ақпаратты түсінікті жеткізуі,бәрінің де көкейінде жүрген сауалға жауап табу арқылы,қоғамға қызмет етеді.Айтып кеткенімдей бизнес пен журналисттің ұқсас тұстары аздау.Бірақ атқаратын міндеттері халыққа қызмет ету.Бұл өмірді журналисттерсіз елестету өте қорқынышты.Себебі қоғам үшін алатын орны ерекше.Сөздің зергері болу,өз позициясын,көзқарасын жеткізе білу әркімнің қолынан келе бермейтін жұмыс.Әрине әр мамандықтың өзіңің бәсекелестігі болады.Онсыз ешқандай жетістікке жете алмайтыны сөзсіз.Журналистика болсын,бизнес саласы болсын әр жерде бәсекелестік болады.Бұл тұрғыда ешқандай көреалмаушылық туындамауы қажет.Сол арқылы өз тауарын жақсартады,сапалы болады.Егер бизнесте бір ғана компания жұмыс жасайтын болса,амалы жоғынан халық сол компаниядан тұтынады.Ал егер бірнеше компаниялар іске қосылса,бір- бірінен баса озғысы келеді.Журналистика саласыда сол секілді.Ойы ұшқыр,ақпаратты басқалардан тез жеткізе алса және көп ізденіп,жаңалық ашып жүрсе,әрине ол адамнан да мықтысы шығуы мүмкін.Сондықтан бәсекелестік арқылы адам өз өзің дамытады.Бизнестегі журналистің де орны осындай сипаттарға ие.Бизнес бастаған адам арқашанда бір нарықпен шектеліп қалмай басқа да тұтынатын заттарды көп шығара беруі қажет.Сол секілді журналистте жан-жақты болуы шарт.Намазалы Омашев ағамыздың журналистика туралы жазған еңбектерін оқып шыққан болатынмын.Ол кісінің көтеріп отырған мәселесі өте орынды.4 жыл оқымай,басқа бір кәсіп иесі бола тұра шағын курстарды тәмамдап-ақ журналист болып кететіндер жоқ емес баршылық.Бұл жақтан тұшымды жауап алғандаймын.Әрине бірден бір бірегейі қырағылық және жан-жақтылық.Басқа маман иесі болсада,сол мамандықпен шектеліп қалмады.Журналист боламын деген адамда жан-жақты және қызығушылығы көп болса,ол журналисттің қолынан бәрі келеді.
Оқу-тоқудан жұқтырып, тәжірибе жинастырып, заманға сай журналист болса,қоғамға ақпарат жеткізе алады деп ойлаймын. Ең бастысы өзекті мәселені көтере алатын және көтере алмайтын журналисттер бар. Өз ойын жеткізе алмай, түпкі ойын іркіп қалатындар да жеткілікті. Сондықтан қазіргі заманда өзекті мәселелер көп талқыға түспейді. Ал кейбір журналисттер астарлап жеткізуі де мүмкін, бірақ халыққа түсінікті болмаса өз тақырыбы тасада қалып қояры сөзсіз. Нұртөре Жүсіп ағамыздың «қазір ит кірмеген жерге интернет кіріп тұрған заман»,-деген жоқ па. Қазір заман солай, өте дұрыс айтады. Сол игілікті орынды пайдаланып, журналист теріміз неге интернетті пайдалы жағынан қарастырмайды. Егер жақсы жағынан түсінер болса, қоғамға үлкен пайдасы тиері сөзсіз. Әлеуметтік желіні ойын-сауық ретінде көрмей, пайдалы ақпараттар болса шығарып, өзекті мәселелерді көтеретін болса үлкен жетістік болар еді. Ақпаратты шынайы түрде жеткізу журналисттердің қолында.Бизнес пен журналистиканың басты ерекшелігі осында. Екеуінің де өз алдына жеке пікірі бар, білімі бар, жауапкершіліктері бар. Ортақ нәрсесі қоғамғаның игілігіне сай жұмыс жасау. Халықтың қамын ойлап жүгіріп жүрген журналисттер мен бизнесмендер өте көп. Алдағы уақытта да көбейе берсін дегім келеді. Егер журналист те бизнесмен де өз пайдасын ойлап қалған болса, сұранысқа ие ешқандай зат та, жаңалықта өтімді бола алмайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *