Сандық
Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 28.01.2021ж.
Білім беру салалары: «Таным» «Әлеумет»
Бөлімдері:«Математика негіздері» «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Сандық»
Мақсаты: Балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Жыл мезгілдерін, олардың ерекшеліктерін сұрау, сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: балалардың ой -өрісін, зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Тәрбиелік: табиғатқа қамқор болуға. еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, « геоборд», «геоконт» ойындары.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңбері: – Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып жайғасайық. |
Ұйымдастырушылық ізденістік
Сергіту сәті |
Логикалық сұрақтар:
-Қалтамды болды 3 алма, Біреуін бердім Асанға. Қалда менде неше алма. (2) -мысықтың неше құлағы бар (2) Ағаштың басында екі торғай отыр еді. Бір торғай пыр етіп ұшып кетті. Ағаштың басында неше торғай қалды? (1) – Қоянда неше құлақ бар? (2) -Аспанда күн нешеу? (1) -Ал жұлдыздар ше?(көп) – Қолда қанша саусақ бар? -Өте жақсы!
Тәрбиеші: – балалар бізге әжеміз сыйқырлы сандық беріп жіберіпті, ол сандықты ашу үшін кілт керек?Әжеміз бізге бес түрлі конверт жіберген, оның ішіндегі тапсырмаларын орындауымыз керек. Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ сандықтың кілтін табамыз. Кілтпен сыйқырлы сандықты ашып, сандықта не жасырғанын білетін боламыз. 1-конферт (қызыл) -Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс айларын ата? – Бір жылда неше мезгіл бар? Қыста жер қандай болады? -Бір аптада неше күн бар? 2 – конферт (жасыл) 1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санау, Кинезиологиялық жаттығулар: 3- конферт (сары) «Заттарды салыстыр»( ұзын- қысқа, көп- аз, биік- аласа, алыс- жақын, үлкен- кішкентай, астында- үстінде, жоғары- төмен ұғымдарын салыстыру) «Кюизенер таяқшалары» ойыны «Кеңістікті бағдарлау» (Игровизор ойыны) 4-конферт (қызғылт сары) Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Неге олай аталады? 2.«Геоборд», «Геоконт» ойындары арқылы геометриялық пішіндер құрастыру. 5-конферт (көк) «Үй жануарлары туралы айтып беріңдер?» (Төлдерін атау, адамға пайдасын, немен қоректенетінін сұрау) Балалар тапсырманы орындайды. Соңғы конферттің ішінен кілт шығады. Педагог кілтті алып,сандықты ашады. Сандық ішінен балаларға құрт таратылады. Бәрі әжемізге рахмет айтады. Педагог балаларды мадақтайды. |
Рефлексивті түзетушілік | Қорытынды:
Балалар, сендер бүгінгі тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, мен сендерге ризамын! |