“Үйірме” 2020-2021
«Ботақан» ортаңғы тобы
«Сиқырлы саусақтар» үйірмесінің жылдық жоспары
2020-2021 оқу жылы
Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде балалардың білімін, шеберлігін көрсету. Балаларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту,әр-түрлі қағаз арқылы балаларға жұмыс істеудің түрлі амалдарын үйрету: шиыршықтау, қиыстыру,салу,желімдеу.
Міндеттері:
- Балалардың қолмен жұмыс істеу қабилеттерін дамыту,саусақты нақты қозғалтуға үйрету,бала қолдарының ұсақ моторикасын жетілдіру;
- Балалардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Еңбек дағдыларын жетілдіреу,еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылыққа, материалды үнемді қолдануға, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
- Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету;
Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Мақсаты | Сағат |
Қыркүйек | |||
1 | «Гүл алаңы» | Балаларға затты үлгі бойынша істетіп үйрету, ойыншық бөліктерін ермексазбен біріктіру, бұл еңбек түріне қызығушылығын қалыптастыру. | 2 |
2 | «Күзгі саңырауқұлақтар» | Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету. Танымын кеңейту,эстетикалық талғамын арттыру. | 2 |
Қазан | |||
1 | «Жүк таситын машина» | Сіріңке қорапшасынан жүк машинасын жасауға үйрету. | 2 |
2 | «Көбелек» | Көбелектің дене бөліктерін табиғи материалдардан құрастыра білу. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру. | 2 |
Қараша | |||
1 | «Кірпі» | Орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасауда танымдық процестерін дамыту. | 2 |
2 | «Қоян» | Жабайы аңдармен-қоянмен танысу, жапырақтың жасалу жолдарын көрсете отырып, қоянның бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып, қоянды өз бетінше құрастыру, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. | 2 |
Желтоқсан | |||
1 | «Мерекелік ашықхаттар» | Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекелей білуге үйрету. | 2 |
2 | «Жаңа жылдық ойыншықтар» | Қалдық заттарды пайдаланып жаңа жылдық шырша ойыншықтарын жасау, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. | 2 |
Қаңтар | |||
1 | «Аққала» | Мақтамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырып, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. | 2 |
2 | «Көңілді қошақан» | Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. | 2 |
Ақпан
|
|||
1 | «Менің сүйікті қонжығым» | Қара қоңыр түсті қағаздардан дөңгелек сопақша пішіндер қиып, құрастыру арқылы жапсыру. | 2 |
2 | «Балапан» | Желімдеу тәсілін меңгертіп, пішіндерден балапнды жапсыруға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. | 2 |
Наурыз | |||
1 | «Әжемнің орамалы» | Түрлі түсті қағазды үшбұрыштап бүктеу және оны әшекейлеу арқылы орамал жасау. | 2 |
2 | «Күннің көзі» | Сары түсті қағаздан «Түйіршіктеу» әдіс арқылы күнді жасау. | 2 |
Сәуір | |||
1 | «Бағдаршам» | Қораптан жасалған дайын бағдаршамға көздерін жапсырып, таяқшасын жасау. | 2 |
2 | «Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» | Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл – қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту. остастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу. | 2 |
Мамыр
|
|||
1 | «Мамыр гүлшоғы» | Балаларды жұмыста әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, шығармашылығын дамыту. | 2 |
2 | «Қандай заттың пішіні шарға ұқсайды?» | Түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып дөңгелек пішінді шардың суретін салуға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу. | 2 |
Барлығы : | 36 |
Күтілетін нәтижелер:
– жануарлардың пішінін бейнелей алады;
-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;
– жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;
-қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;
-ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718