Балық аулайды

Бөлім Мұғалімнің аты-жөні : Бейсенбаева Мадина Көмекбайқызы

Мектеп:     «Жұлдыз» МБК

 

Пәні: қазақ тілі мен әдебиет Күні: 22.04.2019 жыл.  
Сынып: 3 «Б» Қатысқаны: Қатыспағандар:
 Тақырыбы  Балық аулайды
Оқу мақсаты 3.1.3.1  тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау.

3.2.3.1 белгілі бір тақырыптағы диалогке қатысу барысында мәліметті нақтылап сұрау / қайталап сұрау, тілдік нормаларды сақтау.

3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерін және септік  жалғауларын  ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны істей алады:  мәтінді рөлге бөліп оқуда өтініш, бұйрық берудің түрлі формаларын біледі.

Оқушылардың көбі мынаны істей алады:   шағын әңгімедегі жиі қолданылатын сөздер мен фразалардың мағынасын түсінеді, белгілі бір тақырыптағы диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны істей алады:тапсырмаларға сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Мәтіннің тақырыбын анықтайды, талдайды,жаңа сөздерді  дұрыс қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:аулау,қармақ, ілінеді

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:менің ойымша, өйткені.

Талқылауға арналған сұрақтар:Қазақстандағы қандай теңіздердің, көлдердің, өзендердің атауларын білесіңдер? Қалай ойлайсыңдар ең үлкені өзен бе,көл ме, теңіз бе? Балықты қай кезде аулаған ыңғайлы?

Жетістік критерийлері
  • Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын түрлі жағдаяттарға сай қолданады.
  • Тыңдаған шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады.
  • Диалогке қатысуда тілдік нормаларды сақтайды.
Құндылықтар: Топта және жұпта жұмыс істей алу арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа баулу.
Ресурстар: Оқулық, АКТ, анықтамалар, слайд, тапсырмалар, суреттер, , бағалау парағы, маркер,плакат,балықтар,қармақ,тақия, бас киім, қима қағаздар, дыбыстық ойыншықтар,микрофон.
АКТ-мен байланыс : Интербелсенді тақта, аудио тыңдалым
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет,география, орыс тілі, музыка
Ойлау дағдылары-ның деңгейлері Білу, түсіну,қолдану, жинақтау.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланғанмерзімдер Жоспарланған шаралар Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут

Жеке жұмыс

-Ал енді балалар, мына суретті кескіндерін таңдап алып, сол бойынша топтасыңыздар.

І топ. «Балқаш» көлі

ІІ топ. «Нұра»  өзені

ІІІ топ. «Шерубайнұра» өзені

Слайд, суретті қима қағаздар
Басы

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Айтылым.

«Сұрақ-жауап»  тәсілі арқылы оқушы мұғалім  ретінде  жалпы сыныппен жұмыс жүргізеді, оқушыларға сұрақ қояды , тілдік ортаға енгізеді.

–          Бүгін аптаның  қай күні?

–          Қазір қай сабақ?

–          Айдың нешінші жұлдызы?

–          Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

–          Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?

–          «Ашық микрофон» әдісімен үйге берілген тапсырманы  сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Микрофон

Ортасы

Жалпы 25 минут

 

Жалпы, жұптық, топтық,

жеке жұмыс

 

 

 

10минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымызды анықтаймыз.

-Балалар, біз сендермен қандай ақын-жазушылармен таныстық?

Абай Құнанбаев,Бауыржан Момышұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов.

Тыңдалым.Айтылым.

-Дұрыс айтасыңдар.Сондай атақты ақын-жазушыларымыздың бірі-Мағжан Жұмабаев. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. 1938 жылы қайтыс болған.
Енді осы ақынымыздың мына бір өлеңін мен сендерге оқып берейін.

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,

Бетіңде күннің нұры балқыған көл.

Жарысып саф күмістей ақ көбігің

Мап-майда мөлдіріңде қалқыған көл.

– Өлең не жайында жазылған екен? Яғни көл туралы екен.

-Сендер қандай өзен,көлдердің атауларын білесіңдер?

-Осы өзен,көлдерде нелер бар?

Енді интербелсенді тақтадағы бейнероликке назар аударайық.Сонымен бейнеролик не жайында екен? Сендердің араларыңда балық аулауға барғандар бар ма? Балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?

– Тағам ретінде. т.б. оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.

– Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен.

– Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

– Шыны ыдыста.

– Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.

– Балалар, балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?

Видеороликті тамашалайық. Видеороликтен нені көрдік? Яғни, балықтың түрлерімен таныстық.

– Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады. Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

Тыңдалым. Айтылым.

Сөздікпен жұмыс

Аулау – ловит

Қармақ – удочки

Ілінеді – вывешивается

Балалар балық аулау сөзін жіктейік.

(Жеке жұмыс)Айтылым.

Мен балық аулаймын

Сен балық аулайсың

Сіз балық аулайсыз

Ол балық аулайды

Айтылым.

«Суретті әңгімеле» әдісі

(Т) -Балалар экрандағы суретке назар аударайық. Бүгінгі өткен жаңа сөздіктердің көмегімен әр топ сурет бойынша әңгіме құрастырады.

(Жұптық жұмыс) 1-тапсырма. Аудио тыңдалым.

Тест тапсырмасы.

Оқылым. Тыңдалым.

2-тапсырма. «Рөлдік» ойын бойынша әр топтан бір-бір оқушыдан тақта алдына шығарып, сахналық көрініс көрсету.

Ал енді балалар осы мәтіннен бүгінгі өткен жаңа сөздерді табыңдаршы.

-Олар қандай сөздер екен?

-Дұрыс айтасыңдар.Олар: балық,аулау, қармақ сөздері.

Айтылым.

(МК) Суретпен жұмыс. «Суретті сөздер» әдісі

-Балалар интербелсенді тақтаға назар аударайық.

Әлібек пен атасы қайда барды?

 

Әлібек пен атасы көлден не аулайды?

Жазылым.  Карточкамен жұмыс

5-тапсырма. Суреттерді сөзбен жазып, сөйлемдерді толықтыр.

«Суретті әңгіме» әдісі бойынша берілген мәтіндегі суреттерді сөздермен тиісті қосымшаларын жалғап жазу.

  Әлібек пен атасы өзенге барды.Олар өзеннен балық аулайды.Қармаққа балық түседі.

№2 жазу дәптердегі 60 беттегі  1-тапсырмадан керекті суретті тауып жапсырайық.

Сергіту сәті «Балық  аулау» ойыны

2-тапсырманы «Орнын тап»  ойыны арқылы интербелсенді тақтада орындайық.

Тиісті есімдіктерді сәйкестендір.

Сен балық аулайсың.                  Біз балық аулаймыз.

Мен балық аулаймын.                Сіздер балық аулайсыздар.

Ол балық аулайды.                     Олар балық аулайды.

Сіз балық аулайсыз.                   Сендер балық аулайсыңдар

«Хикаят картасы» ойыны бойынша қима суретті қағаздарды дұрыс орналастыру арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді көрсетеміз.

1.Оқушылар сұраққа жауап береді.

2.Білім деңгейін анықтайды.

3.Ұсыныс жасайды.

  Дескрипторлар Ұпайлар
1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 1
2 Сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырып, мазмұндайды; 2
3 Тақырып төңірегінде диалогке қатысады; 1
4 Диалог мазмұнында тірек сөздерді қолданады; 1
5 Тапсырмаларда жіктеу есімдіктерін және септік  жалғауларын  ауызша/жазбаша тілде қолданады; 2
6 Айтылымда ұлттық сөз  әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады; 1
  Барлығы: 8
 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтаан видео

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

Бағалау парағы,

сөздік,

қима қағаздар, стикерлер

 

 

 

 

тақия, кепка, балықтың маскасы

Смайликпен бағалау.

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

Бәрекелді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А3 қағазы,

Фломас

тер, стикер

 

 

 

 

бағдаршаммен бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балықтар,қармақ, өзен

 

Бірін-бірі бағалау.

«Бағдаршам»

Сабақтың соңы Мұғалім тапсырманы орындату барысына оқушыларға кері байланыс береді, тапсырма нәтижесінің мықты жақтарын және жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ұсынысын айтады. Жасыл,

қызыл,

көк стикерлер

Үйге тапсырма беру

 

 Сараланған тапсырмалар

1.Жаңа сөздерді жаттау.

2.№2 жазу дәптердегі 61- беттегі  4-тапсырма.Қосымшаларын жалғап жазу.

3.Кітаптан 91 – беттегі Мағжан Жұмабаевтың өлеңін жаттау.

 
Рефлексия «Білім  толқыны» әдісімен оқушының сабақты түсіну деңгейін тексеру  стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде  комментарий беру арқылы  бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *