Мамандықтар әлемі

Тәрбиеші: Ә.М.Ибраимова
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтармен танысамыз»
Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлерімен таныстыру, түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бейнеролик, презентация, мамандық суреттері, құралдары.
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жұптық жұмыс.
Билингвальді компонент: мамандық – профессия, дәрігер-врач, мұғалім-учитель, тәрбиеші-воспитатаель, құрылысшы-стройтель т.б

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Кіріспе бөлім:
Жылулық шеңбері:
Армысың, ардақты Аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Қуанатын күн бүгін!
(шеңберде тұрып сұрау)
Сұрақ-жауап: жыл мезгілдері.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
– Қар жауып боран соғады.
Қыс айларын атайықшы?
– Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Менің қолымдағы қобдишада ақ, жасыл, сары түсті қағаздар бар. Осы түстерді таңдау арқылы орнымызға отырайық. (ақ түс ақ партаға, жасыл түс жасыл партаға, сары түс сары партаға).
-Балалар мына бейнероликке назар аударыңдаршы?
-Не туралы айтылған?
-Иә мамандық туралы.
-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі өтетін ҰОҚ-дің тақырыбы мамандықтармен танысу
-Ал, балалар мына суретті маған кім әңгімелеп береді?
Мен сендерге жұмбақтап мамандықтарды айтқым келіп тұр?
-Тамақты пісіреді?
-Ауруды емдейді?
-Өртті сөндіреді?
-Киімді тігеді?
-Зәулім үйлер салады?
-Балаларды оқытады, білім береді?
Иә, балалар, сендер жұмбақты өте дұрыс шештіңдер. Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды екенбіз? «Мамандықтар»
Билингвальді компонент: мамандық – профессия, дәрігер-врач, мұғалім-учитель, тәрбиеші-воспитатаель, құрылысшы-строитель т.б
Ал балалар көгілдір экранға назар аударайықшы!
Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар. Ол көп қабатты, зәулім үйлер салады. Оның құралдарына күрек, қалақ, құм, шелек, тас жатады екен.
-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адам-аспазшы. Ол түрлі, дәмді ас пісіреді. Оның құралдарына ожау, пышақ, пеш, ыдыстар жатады екен.
Білім беретін адамды-мұғалім деп атайды, Мұғалімнің құралдарына кітап, дәптер, қалам, қарындаш жатады екен.
Киім тігетін адамды-тігінші, оның құралдарына тігін машинасы, жіп, қайшы, ине жатады.
Емдейтін адамды-дәрігер деп атайды. Оның құралдарына дәрі-дәрімек, тыңдағыш, укол, дене қызуын өлшейтін құрал жатады екен.
Сурет салатын адамды суретші, өрт сөндіретін адамды өрт сөндіруші деп атайды екенбіз.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.
Ал балалар жұптасып тапсырма орындайықшы.
Әр жұптарға әр мамандықтардың құралдарын беріп суреттегі қалташаға сәйкестендіріп салу.
Ал балалар ойын ойнайықшы
Дидактикалық ойын: «Сөйлеп тұрған кім?»
Шарты: Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1)Ойыншық сатамын!Ойыншық! (Сатушы)
2)Бүгінгі сабақта біз балалар қысқы табиғат туралы әңгімелесеміз.(Мұғалім)
3)Мен бауырсақ пісіріп жатырмы, қазір дайын болып қалады.(Аспаз)
4) Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін.(Дәрігер)
5) Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?(Шаштараз)
6)Қандай үлгіде көйлек тігіп берейін?(Тігінші)
7)Маған қарап отырыңыз суретіңізді салып берейін. (Суретші)
-Жарайсыңдар өте ақылды балапандарым!
Топтық тапсырма.( Дидактикалық ойын)
«Кім жылдам» үстел үстіндегі түрлі сурет қиындыларынан маман иелерін құрастырып шығаруымыз керек.
1 топ (шаштараз, дәрігер)
2 топ (мұғалім, аспаз)
3 топ (суретші, құрылысшы)

-Жарайсыңдар өте жақсы орындадыңдар.
Дидактикалық ойын: «Не артық»
Шарты: Суреттер ішінен артық суретті табу.
Мақсаты: Баланың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сергіту сәті: (Қимылдармен жасау)
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

– Балалар бағанадан бері сендер көптеген мамандық иелерімен олардың еңбегімен таныстыңдар. Енді өздерің де өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кезде келді.
Қорытынды: Сын тұрғысынан сұрақтар:
1.Мамандық адамға керек пе? (иә)
2.Әр мамандықтың ерекшелігі бар ма? (иә)
3.Дәрігер балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?)
4.Мұғалім адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді)
5.Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды)
6.Аспаз тамақ даярламайды? (жоқ, даярлайды)

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *