Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

žБүгінде әлемде түрлі геосаяси жағдайлар орын алып, әсіресе Орта Азиямен тікелей шектесетін аймақтарда тыныштықты сақтаудың маңызы арта түсті. Саяси, экономикалық, әскери, ақпараттық және басқа да салалардағы геосаяси бәсекелестік қазіргі таңда өзгерді. Мұндай жағдайда мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты зор маңызға ие.

žҰлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Жалпы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік тұрғысында ұстанып отырған саясатына байланысты әскери ғылымдардың кандидаты, доцент Георгий Дубовцев былай дейді:

ž«Қазақстанның ұлттық мүдделері, ең алдымен, оның өңірдегі және ТМД-дағы ықпалды мемлекеттердің бірі ретіндегі ұстанымын нығайтумен, оның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы рөлін арттырумен байланысты. Әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан басқа мемлекеттермен түрлі деңгейлерде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бұл республиканың ұлттық қауіпсіздігінің сыртқы құрамдас бөлігін қалыптастыру. Оны қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі көп деңгейлі дипломатияны жүзеге асыру. Қазақстанның ұлттық мүдделеріне жақын және алыс шетелдермен диалог пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жауап береді».

ž

žГеоргий Дубовцевтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміз сыртқы саясатта ынтымақтастықты серік ете отырып, көптеген елдермен диалог орнатып отыр. Еліміз БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да өңірлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп, халықаралық қатынастарды ұстану мәселелерін еңсеруге тырысып бағуда.

ž«Қорғаныс саласындағы ұлттық мүдделер әскери қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуден тұрады. Қазақстан әскери қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы тұруға, сондай-ақ елдің егемендігі мен тұтастығын қорғауға келгенде міндеттемелерді толық атқара алып отыр. Елде әскери ұйымдарды жетілдіру шаралары, ҚР Қарулы Күштерінің алдында тұрған ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары толыққанды жүзеге асырылып жатыр» дейді Георгий Дубовцев.

žБұған қоса маман ұлттық қауіпсіздіктің тек саяси сипаты ғана емес, экономикалық, әлеуметтік сипаты болатынын да алға тартты. Мәселен, экономика саласындағы Қазақстанның ұлттық мүдделері еліміздің табысты, қалыптасқан және серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына кіруін қамтамасыз етеді. Бұл ретте экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябековтың айтуынша, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін ұлттық қауіпсіздіктің, өмір сүру сапасының қауіпсіздігінің, тіпті ішіп-жейтін азық-түлік қауіпсіздігінің маңызы зор.

ž

ž«Әлемдік даму деңгейімен салыстырылатын деңгейге жету үшін алдымен адамдардың өмір сүру сапасы артуы керек. Лайықты өмір сүру қажет. Ал адам лайықты өмір сүру үшін оның өмірі қауіпсіз әрі тыныш болуы керек. Талай соғыс болып жатқан елдерді көріп жүрміз. Әлемде бейбіт күнді аңсап, тек қана қауіпсіздігін нықтап алғысы келетін қаншама мемлекеттер отыр?! Олар осы уақытқа дейін Қазақстанның тыныштығын, 130 ұлтты ұйыстырған мемлекет екенін айтып келеді, айта да береді. Сондықтан бұл арада біздің еліміз үшін ұлттың тыныштығын сақтай отырып, әлеуметтік бағдарламаларды, нарықтық экономиканы дамыту, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау, шикізат бағдарын еңсеру және өнеркәсіптің түрлі салаларында жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қамтамасыз ету маңызды» дейді экономист-ғалым Бейсенбек Зиябеков.

žАбзалында, ішкі саяси және әлеуметтік салаларда ұлттық мүдделер, ең алдымен, заңның үстемдігі негізінде қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тек заң негізінде ғана азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге болатыны даусыз. Осы орайда бізге пікір білдірген заң ғылымының кандидаты Ғалымжан Медешұлының айтуынша, әлеуметтік және ұлтаралық жанжалдардың туындауына ықпал ететін жайттар бізде барынша реттеліп келеді. Осы орайда азаматтарымызды қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы пәрменді күрес жүргізіліп келеді.

ž«Рухани өмір мен мәдениет саласында ұлттық мүдделер Қазақстанда үнемі насихатталып отырады. Еліміз рухани дәстүрлерді, мәдениетті сақтау арқылы да ұлттық қауіпсіздікті нығайтып отыр. Біздің елімізде 130 ұлт ұйысқан. Міне, осы ұлттардың әрқайсысы өзінің мәдениетін, дәстүрін, әдебін бойына сіңіріп өсіп-өніп келеді. Оларға ешкім «сен дәстүріңді сақтама», «сен мәдениетіңді ұмыт» деп қысым жасамайды. Осының өзі елде қауіпсіздіктің басым екенін көрсетеді. Сондықтан бұл арада «Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін толық жетілдірген мемлекет» деп атауға негіз бар» дейді заңгер Ғалымжан Медешұлы.

ž

žНегізінде, қазір мемлекеттік күш органдарын қолданудың дәстүрлі тәсілдері мен принциптерін басшылыққа алу өте маңызды.  Бұл үрдіс ұлттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы тұру үшін де қажет. Осыған орай Тұңғыш Президент –Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен елімізде Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі құрылғаны белгілі. Осы кеңестің басшылығымен елдегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және іске асыруды бағалау тәрізді міндеттер орындалады. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі дайындаған ұсыныстар мен ұсынымдар еліміздің қауіпсіздігін одан әрі нығайтатынына сенімдіміз.

Ал жалпы, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі функцияларын айтпай кетуге тағы болмайды. Аталмыш кеңестің негізгі міндеттеріне:

žА) Ұлттық қауіпсіздікті және елдің халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

žӘ) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

žБ) Ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингілеу және бағалау;

žВ) Мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және өзге де мемлекеттік маңызды бастамаларды кешенді талдау және бағалау, сондай-ақ елдегі ахуалды, әлемдік және өңірлік үрдістерді дамыту, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шаралар айқындау.

žГ) Ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын тыңдау

žД) Елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдау

žЖ) Ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілеті мен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру

žЗ) Орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау енеді.

žБұған қатысты біз пікірлескен мамандар мұның барлығын елдің тыныштығын арттырып, қауіпсіздікті нағайту үшін қажеттігін алға тартты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *