Географиялық интеллектуалдық сайыстың жүргізілуі
Географиялық интеллектуалдық сайыстың жүргізілуі
Уақыты: 1000
Қатысуға тиісті: Оқушылар10-11 сынып оқушылары
Шараның түрі: интеллектуалдық сайыс
Іс-шараның мақсаты: оқушыларының интеллектуалдық қабілетін дамыту, ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, жан-жақты бәсекелестікке оқушыларды бейімдеу, сыни ойлау қабілетін ұштау, географиялық білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар көптеген тың мәліметтерді ала алады, географиялық қызықты және ерекше мәліметтермен таныса алады, бәсекелестікке бейімделеді, ойлау қабілеті ұшталады, жылдам жұмыс істеуге қалыптасады, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады.
Ережесі: Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топта 7-8 оқушы болуы тиіс. Сайыс 7-кезеңнен тұрады. Әр турдың бекітілген ұпайы бойынша қорытындысы шығарылып отырады. Сайыс соңында жиынтық ұпайы есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.Әр топтың ұраны,төс белгісі,топ атауы қорғалады.
Ұйымдастыру: 1. Қатысатын топтарды таныстыру;
- Әділ-қазылар алқасын сайлау;
- Сайыс кезеңдерімен таныстыру;
Сайыс барысындағы ұпай сандары әділ-қазылар бақылауында болады.
Сайыстың шарттары:
І.Таныстыру
ІІ.Кім жылдам “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)
ІІІ. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)
ІV. Ең, Ең, Ең, …
Бұл турда сұрақтар ауызша оқылады.
1 Минутта көп сұраққа жауап беру тексеріледі
V- «Географиялық лабиринт» Елтану және елдерге саяхат жасап адаспай барып келу.
VІ – кезең.«Сандықшада не бар?» Бір жұмбақ нерсенің шешуі ойланудың нәтижесінде табылады.
V ІІ –20-тапсырма Логикалық тапсырмалар:
Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық, әрбір шешілген сұрақтарға 5 ұпай беріледі. Берілген сұрақтардың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз!
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек-деп географиялық интеллектуалдық сайысымызды еліміздің әнұранымен бастаймыз!
Енді сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Географиялық интеллектуалдық сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегін география пәні мұғалімі Джонова Зита Зейнелқызына береміз.
Жүргізуші: Рахима. 10 сынып оқушысы
USTUDY-Компьютерлік тест орталығының географиялық интелектуалдық Сайысымызға қош келдіңіздер!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! интеллектуалдық сайыстың жанкүйерлері! Бүгін біз географияның қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Осы сайыскерлеріміздің білімдерін бағалайтын Әділ бағаға қалтасы толы әділ қазылармен таныстырып өтейін.
Сайыстың шартымен таныстып өтейін. Сайысымыз 7 турдан тұрады.
ІІ.Кім жылдам “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)
1 топ:
І. “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)
1)“Ұлы географиялық ашулар
заманы” қай ғасырдың аралығында болды? (XV-XVIIIғасырлар)
2) Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами)
3) Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын жел? (Муссон)
4) Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар, флюгер)
5) Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат)
6) Атлант мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико)
7) Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология)
8) Экваторға қарай соғатын жел? (Пассат)
9) Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология)
10) Жер қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі? (Мантия)
2 топ:
11) Күн мен жердің арақашықтығы? (150млн км)
12) Америка материгінің атауы қалай пайда болды? (Америго Веспуччидің құрметіне)
13) Жеке жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика)
14) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)
15) Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі)
16) Планеталардың күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)
17) Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера)
18) Терең жарылыстар жиынтығын не деп атайды? (Рифт)
19) Қазақстанның ең төмен нүктесі? (Карақия ойысы)
20) Тереңдікті өлшейтін құрал?
ІІІ. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)
1 топ:
- а в з р я и а л –
2. л а м г е л н а –
3. т а р к а –
4. и а н м е д р и –
5. м т у з и а –
6. Тдармотре-
7Натриыбиұял-
2- топ:
1.Атсабшли-
2.Тзмаун-
3.Твоғркс-
4.Денианмр-
5.Раааксдмга-
6.а л л ь л е п р а –
- с п м а о к –
ІV. Ең, Ең, Ең, … 1 топ:
Бұл турда сұрақтар ауызша оқылады.
1 Минутта көп сұраққа жауап беру тексеріледі
1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)
2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
8. АҚШ-тағы ең биік сарқырама-Йосемитск (739 м)
9. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Ажал алқабы (57°С)
10. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)
11. Солт. Америкадағы ең үлкен көл-Жоғарғы көл (82103 км²)
12. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
13. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
14. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы (403 м)
15. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
16. Солт. жарты шардағы ең суық жер-Оймякон (-71°С)
17. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм) 9000 км, енді бөлігі 1600 км)
19. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)
20. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
2 топ:
- Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы-Хабборт (145 км)
22. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
23. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Мак-Кенли шыңы (6193 м)
24. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Өлім аңғары (+57°C)
25. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлім аңғары (86 м төмен)
26. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
27. Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
28. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
29. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы–Ла-Плата (ені 220 км)
30. Оңт. Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Валдес түбегі (-40 м)
31. Оңт.Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Аконкагуа (6960 м)
32. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
33. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
34. Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
35. Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)
36. Африкадағы ең ірі сарқырама-Тугела (933 м)
37. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
38. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
39. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Эйр көлі (-16 м)
40. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Косцюшко (2228 м)
41. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
42. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
V- «Географиялық лабиринт» Елтану және елдерге саяхат жасап адаспай барып келу. АЗИЯ, ЕУРОПА Оқушылар картамен жұмыс жасап жарысады.
1-топқа:
1.Ауа райын болжайтын адамдар.(Синоптиктер)
2.Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал.(Флюгер)
3.Күн жүйесіндегі планета саны.(9)
4.Су буы қатты күйге айналатын температура.(0°С)
5.Ең ыстық материк.(Африка)
6.Гүлдер елі.(Голландия)
7.Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам.(Ф.Магеллан)
8.Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз.(Ла-Манш)
9.Қазақстан Республикасының аумағы қандай?(2,7млн шаршы шақырым)
10.Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?(5)
11.Қазақстан аумағындағы Орал тауларының жалғасы.(Мұғалжар)
12.Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері.(-132м,Қарақия
ойысы)
13.Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл.(16.12.1991 жыл)
14.Жезқазғандағы мыс кенін ашқан ғалым.(Қ.И.Сәтбаев)
15.Алюминийдің шикізаты.(Боксит)
16.Ең арзан электр энергиясы беретін станция(СЭС)
17.Қырғызстан мемлекетінің астанасы.(Бішкек)
18.Алтынды көп өндіретін ел.(ОАР)
19.Олимпиада ойындарының отаны.(Грекия)
20.Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді?(Португал)
2-топқа:
1.Гринвич меридианы басып өтетін қала.(Лондон)
2.Азимутты анықтайтын құрал.(Тұсбағар)
3.Атмосферадағы оттегінің пайыздық мөлшері.(21℅)
4.Ең үлкен шөл.(Сахара)
5.Шайдың отаны.(Қытай)
6.Бірінші глобусты жасаған.(М.Бехайм)
7.Аңыз бойынша «Аяз Атаның мекені».(Лапландия)
8.Қазақстан қай материкте орналасқан.(Еуразия)
9.Қазақстандағы ең биік шың.(Хан-Тәңірі)
10.Аспанмен тілдескен тау.(Тянь-Шань)
11.Қазақстандағы шығыс шекарасындағы тау.(Алтай)
12.Жанатын пайдалы қазбаларды ата.(Көмір,мұнай,газ)
13.Қысқа қашықтыққа жүк тасымалына қолайлы көлік түрі(Автомобиль)
14.Шардара су қоймасы қай өзенде салынған?(Сырдария)
15.Қазақстанның ең ірі көмір бассейндері.(Қарағанды,Екібастұз)
16.Түрікменстан мемлекетінің астанасы.(Ашғабад)
17.Африкадағы ең ежелгі мемлекет.(Египет)
18.Ватикан мемлекеті қай қалада орналасқан?(Рим)
19.Өте кедей елдер.(Мали,Чад,Урганда)
VІІ –20-тапсырма Логикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)
2-тапсырма. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
3-тапсырма: Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)
4-тапсырма. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)
5-тапсырма. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
6-тапсырма Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)
7-тапсырма Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік. Тығырықтан шығар жол бар ма? (24 теңге төлейді)
8-тапсырма Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)
9-тапсырма Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? (44)
10-тапсырма Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)
11-тапсырма Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)
12-тапсырма Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
13-тапсырма Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
14-тапсырма Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
15-тапсырма Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті алғанда, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
16-тапсырма 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).
17-тапсырма Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)
18-тапсырма Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді ,аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?(2 – уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
19-тапсырмаҚосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?(14 км)
20-тапсырмаҮш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ?(түйе құс ұшпайды )
Бүгінгі көріп тамашалаган «Географиялық интеллектуалдық сайыс» атты ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Қош, сау болыңыздар! Назар аударғандарыңызға рахмет. Енді сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасына сөз берелік .
Баға беру сәті дайын болғанша,музикалық серігу сәтін бастаймыз!Барлығымыз бірге ән шырқаймыз,ал кеттік!
Елтану картамен жұмыс