Жазғы демалысты ұйымдастыру

Азаматова Іңкәр Қәдірбекқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы

Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру»
Жаз мезгілі келіп, күн жылынған шақта оқушылар демалысқа шығып, сужағасына барып, табиғат аясында серуендеп, демалып,суға шомылатыны белгілі. Алайда жаз мезгілінде өрт және су атты тілсіз жаудың торына түсіп жатқандар саны көбейеді. Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, балалардың суға шомыла білмеуі орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында, Байғанин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жем-Сағыз өзені бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау секілді профилактикалық іс-шаралар кешенін күн сайын жүргізуде.

Сонымен қатар, ауданымызда мектеп жанынан лагерьлер құрылды. Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды, себебі өрт шыққан кезде үлкен материалдық шығын ғана емес, сонымен қатар балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан балалар лагерінің әрбір қызметкері белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге және қатаң орындауға міндетті. Өрт шыққан жағдайда бірінші кезекте ол балаларды құтқару бойынша өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауы, содан кейін өртті сөндіруге кірісуі тиіс.
Көптеген ата-аналар балалармен өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелерге уақыт таппайтыны немесе балаларды тәрбиелеу ісінде ғана мектепке сүйенетіні құпия емес.

Балалардың отпен ойнауы салдарынан пайда болатын өрттердің талдауы балалардың отпен абайлап әрекет ету дағдыларының жоқтығынан, олардың мінез-құлқына жеткіліксіз бақылау және балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауынан көрінеді. Алайда, балалармен жазатайым оқиғалардың көпшілігі қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті жағдай жасау арқылы бала жасай алатын нәрселерді болжай отырып, алдын алуға болады. Ең бастысы ерте жастан балалардың отпен абай болу дағдыларын тәрбиелеу.

Осындай қауіпсіздік шараларын балаларға түсіндіру мақсатында, 2019 жылғы 12 маусымда Байғанин ауданының ТЖБ қызметкерлері Қарауылкелді орта мектебінің жанынан құрылған «Болашақ» лагерінде нұсқаулық жүргізді. Нұсқаулыққа барлығы 52 бала мен 2 мұғалім қатысты.

Сонымен қатар, назарларыңызға СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ұсынамыз:
– Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз (алдын-ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде).

– Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.
– Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз;
– Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз;
– Су ішінде алысып ойнамаңыз;
– Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.
– Егер шомылуға жалғыз барсаңыз ,жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.
– Судағы төтенше жағдайдың басты себептері: азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан, ішімдік ішіп алып шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.
– Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ-қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;
– Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз;
– Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз, себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады. Тұщы суда адам 1 – 3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады.
– Ерекше көңілді балаларға бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомылу білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *