Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары.

Тренинг тақырыбы: Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары.

Мақсаты:

Білімділік: Мұғалімдердің жаңа технология туралы ойын және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жетілдірілген әдіс-тәсілдерін қаншалықты қолданылатынын байқау, тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салуға шақыру.

Дамытушылық: Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігі туралы пікір алысу.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасай отырып, бірауыздыққа, ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға шақыру.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың қанатты сөздері және анализ жасау бәйтерегі.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Танысу.

Ұстаз – ол өз кәсібін, өз пәнін, барық шәкірттің, мектебін сүйетін адам. Қазіргі таңда ұстаздың жетістігі шәкірттің білімімен көрінеді. Олай болатын болса, бүгінгі танысуымызды шәкірттерімізбен байланыстырайық.

  • Психологиялық жаттығу:

Барлық мұғалімдерге  бір – бірден қағаз сулық таратылып беріледі. Олар қолдарындағы сулықтарын ортасынан бір бүктеп, оң жақ бұрышын қырқып алып тастайды. Тағы да бүктеп сол жақ бұрышын қырқып алып тастайды. Осы процесс сулық бүктеліп, қырқылмайтындай дәрежеге жеткенге дейін қайталанады. Соңында сулық толық ашылады. Жаттығуға қатысқан мұғалімдердің сулықтары әр түрлі болып шығады.

Жаттығуды қорытындылау:

Қазақта мақал бар «Бес саусақ бірдей емес» деген. Осы жаттығуға қатысқан барық мұғалімдерге бірдей түсіндірілді, бірақ әр мұғалім әр түрлі қабылдады. Ал егер біз бірігіп, топ болып, ақылдасып бірге істесек, онда нәтижесі бірдей болған болар еді. Сондықтан ендігі тапсырмаларды топтасып шешуге шақырамын.

I бөлім: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

1-топ сұрағы: «Жаңа адам» немесе «жаңа тұлға» дегенді қалай түсінесіз?

2-топ сұрағы: «Жаңашыл ұстаз» қандай болу керек?

Қорытындылау:

Қазіргі таңда білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыуында жетекші роль атқарады. Ал болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін – жаңа тұлғаны, білікті, намысты, рухты, алғыр, жан-жақты жетілген, интелектуалды және эрудициялы адамдарды шығару – жаңа формация мұғалімінің қолынан келеді. Жаңашыл мұғалім – рефлекцияға қабілетті, өзін – өзі ілгері ұмтылдыратын әдіснамалық, зерттеушілік, коммуникативтік, ақпаратты, рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

II бөлім: «Сабақ беру үйреншікті нәрсе емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер». Ж. Аймауытов.

1 – топ сұрағы: «Жаңашыл адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» дегенді қалай түсінесіз?

2 – топ сұрағы: Оқыту мен тәрбиелеуге жаңа технологиялар, жаңа әдістемелер қажет деп ойлайсыз ба?

Қорытындылау:

Қоғам бір орында тұрмайды. Қоғамға жаңа адам керек. Оны оқыту мен тәрбиелеу үшін жаңашыл ұстаздардың еңбектері арқылы іске асатын жаңа заман талабына сай инновациялық технологиялар, жаңа әдістемелер қажет.

Елбасымыз өзінің Жолдауында «Болашақта өркениетті елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген екен. Бұл істі атқару – өз кәсібін жақсы меңгерген ізденпаз, өзін – өзі жетілдіруге ұмтылған рухани дамыған, жаңашыл ұстаздың қолынан келеді деп ойлаймын.

III бөлім: «Сәулелі ойдың шуағы» Сергіту сәті:

Ортақ тапсырма: Білім – ғылымға байланысты бір шумақ өлең шығару.

IV бөлім: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де  ұстаз өсіреді». Б.Момышұлы.

Ортақ тапсырма: Сіз өз шәкіртіңіздің болашағын қалай суреттеген болар едіңіз? Берілген суреттерді пайдалана отырып, өз шәкірттерінің болашағын болжау және өз ісінің нәтижесін көру, сезіну.

Қорытынды:

Б.Момышұлы айтқандай, «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де өсіретін ұстаз».  Сондықтан бәріміздің ойлаған  мақсатымыз, атқарар ісіміз біреу, ол – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Біз әрқайсымыз ізденпаз ғалымбыз, нәзік психологпыз, тынымсыз еңбекқормыз, өз ортамыздың ұйытқысымыз. Жан-жақты шеберміз, білімдіміз, жалпы айтқанда сегіз қырлы, бір сырлымыз. Олай болса, біздің қолымыздан бәрі келеді. Біздің әрбір сабағымыз қызықты өтеді. Сондықтан сабақтарымызда пайдаланып жүрген технологияларымыз бен әдіс-тәсілдерімізді, жұмыс түрлерін арнайы жапырақтарға жазамыз.

Сабақты жалпы қорытындылау:

Алдымызда тұрған алып бәйтерекке мән беріп қарайтын болсақ, 7 бұтағы бар. Бәйтеректің 7 бұтағы – облысымыздың 2 қаласы мен 5 ауданы. Облысымызда жаңашыл мұғалімдердің саны көбейіп, осындай бас қосуларда тәжірибе алмасып, өлкеміздің білім сапасының жақсаруына өз үлесімізді қоссақ, онда біз жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өз мақсатымызға жетіп, тамыры тереңге кеткен мына бәйтеректей желкілдеп өскен білімді ұрпағымызды мақтан тұтамыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *