Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
- Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
- Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарланудың тәсілдеріне үйрету. Білімділік: Оқушыларға жергілікті жерде картасыз бағдарлануды түсінуде өз бетімен және топпен оқу арқылы теориялық-практикалық сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылық:Оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін,еске сақтау және қабылдау дәрежесін көтеру.Танымдық дағдысын дамытып,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәртіптілікке,әскери жарғы ережелерін құрметтеуге және отаншылдықққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану» тақырыбында жан-жақты түсінік алып,жергілікті жерде картасыз бағдарлануды үйрену.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, зерттеу және шығармашылық.
- Уақыты: 45 минут.
- Өткізілетін орны: 10 сынып
- Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат, презентация.
І Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылардың сапқа тұруы
- взвод командирінің баяндау
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушылардың сыртқы келбетін тексеру
- оқушылардың назарын сабаққа аудару
- топқа бөлу.
Қазақстан картасы бойынша топқа бөлінеді (мозайка).
ІІ Өтілген тақырыпты сұрау
ҚР ҚК-нің әскери жарғылары.
Ішкі қызмет жарғысы.
Тәртіптік жарғы.
Гарнизондық және Қарауылдық қызмет жарғысы.
Саптық жарғы.
ІІІ Ой қозғау (тақырыпқа шығу)
ІV Жаңа тақырып
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
Әскери топография — арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ түрлі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэросуреттерді пайдалана білуге дағдыландырады.
Әскери топографияны оқып-білудің жауынгерлерді ұрыста наңты әрекеттер жасауға дайындауда үлкен мәні бар. Сонымен бірге байқағыштық, дәлдік, бақылау нәтижесін
талдайбілушілік сияқты маңызды қасиеттерді дамытуға мүмкіндік туғызып, жауынгерлік тапсырманы орындауда жергілікті жердің оған ықпал етуіне қорытынды жасайды.
Түрлі мамандықтағы әскери қызметшілер топографиялық картаны еркін пайдаланып, жергілікті жерді бағдарлай және кез келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи алуы қажет. Ол жау тылында жауынгерлік міндетін атқарушы десантшыға, жау аймағында әрекет етуші барлаушыға,қарсылас орналасқан жердегі көпірлерді жарушы саперға, қарсыластың атыс құралдарын белгілейтін бақылаушыға, мотоатқышқа, артиллерия әскерлеріне, танк әскерлеріне және басқа да әскери саладағы жауынгерлерге жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қажет.
Бағдарлану туралы жалпы түсінік
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін тек қаруды мүлтіксіз меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. “Бағдарлау” сөзі латынның оrіепs, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн — Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану — яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу — солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытты жолда ұстанып жүру.
Багдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде бірден көзге түсуі үшін ол маңында орналасқан басқа элементтерден пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Постер қорғау.
- Көкжиек тұсын құлабыз көмегімен анықтау
- Көкжиек тұстарына бағытталуды аспан денелеріне қарап анықтау
- Көкжиек жақтарын жергілікті заттардың белгілеріне қарап анықтау
Ү Жаңа тақырыпты бекіту
- Карта, компос сөздеріне түсінік
- 2. Карта, компос пайда болу қысқаша тарихы
ҮІ.Сабақты бекіту
Қорытынды
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әскери топография нені зерделейді?
Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?
Бағалау
Үй тапсырмасы:
- Көкжиек тұстарын жұлдыздарға қарап анықтау.
- Жергілікті жер бедеріне қарап, көкжиек тұстарын табу.
- Қысқаша конспект жазу.