Ашық сабақ Өткенді қорытындылау
Мектеп: Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақ тақырыбы: Өткенді қорытындылау
Күні Мұғалімнің есімі Шалабаева Камила Сарсембековна
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.1.2.11-екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;
Оқушылардың басым бөлігі: амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастырады және қолданады;
Кейбір оқушылар: қалдық пен бөлгіш арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) • өрнектерді оқу мен жазу кезіндегі көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауларын қолдана алады;
• амалдарды қолдану кезінде көбейту мен бөлу алгоритмін құрастырады және қолданады;
• • қалдық пен бөлгіш арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:
Жазбаша тапсырмалар:
Өрнекті жазыңыз.
Есептеулер нәтижелерін өсу/кему бойынша орналастырыңыз.
Есептеу тәсілдерін жазып алыңыз.
Флипчартқа өздеріңіздің есептеу тәсілдерінізді жазыңыз.
Терминология:
көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінгіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу,
алгоритм, формула.
Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, еңбекқорлық.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
АКТ қолдану дағдылары Электронды тапсырмалар.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Қосындыны бір таңбалы санға бөлу ережелері, екі таңбалы/ үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдері, бөліндінің бір разрядында нөл бар болған кезде нөлге аяқталатын көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу, көбейтудің кері амалының алгоритмі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Жаңа топ құру
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Амандасу(Үш тілде)
Бүгін күн қандай тамаша,
Күн күліп тұр жараса.
Бізге келген қонақтарға
Сәлем бердік жарыса
Түстерді таңдау арқылы топқа бөлу
« Мәңгілік Ел»», « Ұлы Дала Елі», «Жасыл ел»
1.Таныстыру.4-мин (Үш топқа бөлінген уақыт)
(Топтың аты, эмблемасы,ұраны,мазмұны.)
«Ұлы Дала Елі» тобы
Түсіндіру : Біз топтың атын «Ұлы Дала Елі» – деп алған себебіміз
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету.
«Мәңгілік Ел»тобы
Ұраны: Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.
«Жасыл ел»тобы
Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы.
«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын.
Топтардың таныстыруына баға беру
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
«Миға шабуыл» әдісі
Өткен тақырыптарға тоқталу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Ширату жаттығуы
(Музыкамен көп таңбалы сандары айтқызу)
Оқулықпен жұмыс
Бейне роликпен жаңа сабақты ашу
«Мозайка»әдісі Сайрам
«Болжау»стратегиясы
Ширату жаттығуы
Жаңа сабақ
Өткенді қайталау
Оқулықпен жұмыс
Бейне ролик көрсету арқылы «Ежелгі қалалар»бөлімімен таныстыру
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
«Атмосфера орнату»әдісі бойынша бірінші тапсырма орындалады
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Ортасы 2 тапсырма
Есептеуді орындамай-ақ, бөліндінің мәнінде қанша цифр болатынын анықта.
34 020 : 2 =
304 020 : 2 =
3 040 020 : 2 =
510 015 : 5 =
5 115 : 5 =
511 500 : 500 =
936 003 : 3 =
9 003 : 3 =
90 030 : 30 =
Үш тілде бағалау
Ғажап!, керемет!,тамаша! -деп топтар бірін-бірі бағалайды
«Біз жүйрікпіз»кезеңі
(Үштік әдісі)
Сызба бойынша өрнек құрастыр
Дескрипторы:
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу амалдарын орындайсың.
Топтық жұмыс
5 тапсырма
Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тап.
384 · 736 : (2 745 – 2 721) – (5 560 – 1 060) : 2 =
(1125 + 875) · 18 + 4 328 + (976 543 – 123 459) · 100 =
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері,
Оқулық
Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Ой толғаныс кезеңі.
С-тапсырма зерттеуге арналған.
Көпбалалы отбасында балалар жемісті жақсы көреді. Олардың 7-еуі – алма, 6-ауы – өрік, 5-еуі – жүзім, 4-еуі – алма мен өрік, 3-еуі – алма мен жүзім, ал 2-еуі – өрік пен жүзімді жегенді жақсы көреді. Тек қана 1 бала алма, өрік және жүзім жейді.Отбасында қанша бала бар?
Шешуі: Эйлер дөңгелегін қолданып табуға болады.
1+3+1+2+1+1+1=10
Жауабы: отбасында 10 бала бар.ен зерттеушісің
«Гүлдер»әдісімен бағалау
Сергіту сәті
«Пікірталас »әдісі
1-топ Есептің мағынасына тоқталады
2-топ Есептегі негізгі ой туралы түсінік береді
3-топ постер қорғайды
Есептегі аталған қалалардың
шығу тарихы
«Жетістік»бағалау парағы бойынша өз-өздерін бағалайды
«Алтын көмбе» ойыны
Кері байланыс
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабағымыздан не үйрендіңдер?
Қандай ой түйдіңдер?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Кері байланыс. «Алма ағашы»әдісі(Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі)
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718