Автокөліктер тарихы

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ
Сабақ тақырыбы:                                                           Автокөліктер тарихы
Күні: 24.02.2020 Мұғалімнің ТАӘ: Кужахметова А.С
Сыныбы: 5 «А» Қатысқандар – 25

Қатыспағандар – 1

Сабаққа негізделген оқу мақсаты Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5,ӘТН4 Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу,сын есімді зат есім орнына қолдану

Сабақ мақсаттары Мәтіннің  мазмұнын өз ойымен шиеленістіре отырып, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру
  Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалым  материалы бойынша сұрақтарға  жауап беріп, берілген  материалдары негізінде берілген тапсырмаларды  жасай алады
  Кейбір оқушылар: Әр түрлі ресурстардан қажетті ақпараттарды ала біледі, сұрақтарды құрастырып, жауап бере алады
Бағалау критерийлері (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Барлық оқушылар:

-Мәтіннің  мазмұнын түсінеді;

-Негізгі  және қосымша ақппаратты  анықтайды

Тілдік бағдар  
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу. Түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей (талдау, жинақтау, бағалау)

 

 

Құндылықтарды дарыту  
АКТ – ны қолдану дағдылары Ютуб каналынан материалдар
Алдыңғы оқу/Бастапқы білім Тротуарда, Сын есімнің түрлері
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

 

1.Психологиялық ахуал Серік Ибрагимов «Жаяу» өлеңі

2. Топқа бөлу ( машина маркаларымен)

3. «Сұрақтар тізбегі»

1.Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек

2. Жиекжол дегеніміз не?

3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді

4. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

5. Бағдаршам жоқ жерлерден қалай өтеміз?

6. Жиекжолда қалай жүру керек?

7. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?

 

4. Бейнежазба    Көліктер  қалай пайда болды

Интерактивті тақта

Марка суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

mp4

Ортасы

20  инут

І. «Ұжымдық  оқу» мәтінді оқу, түсіну, мазмұндау

Жер бетіндегі ең алғашқы автокөлік Франция жерінде пайда болған. Инженер механик Николас Джозеф Когнот пен әскери механик Бреаин өздеріне дейін іске асырылмаған күрделі жобаны қолға алып, бумен жүретін тұңғыш көліктің үлгісін құрастырып шығарады. Алайда бұл алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, ол сағатына бар болғаны төрт шақырым ғана қозғалған. Дегенмен бұл көліктің артықшылығы бес тонна жүкті тасымалдай алатындығында еді. Тежегітінің дұрыс болмауы салдарынан көлік бірнеше рет жол апатына ұшырайды. Нәтижесінде Франция билігінің шешімімен 1771 жылы көліктің шығарылуы тоқтатылады.

Жанармаймен жүретін темір тұлпарды ойлап тапқан неміс инженері Карл Бенс. Бұл үш дөңгелекті және екі орынды көлік болатын. Карл Бенетің туындысы “Атсыз күйме” деген атпен танымал болды. Автокөлік сырттай қарағанда аты жоқ күймеге ұқсайтын. Сонымен қатар келесі бір дерек көздерге жанармаймен жүретін алғашқы көлікті ойлап тапқан өнертапқыш Зигфрид Маркус деп көрсетіледі. Оның 1875 жылы құрастырған көлігі сағатына он бес шақырымға дейінгі жылдамдықпен қозғалған екен.

 

Дискриптор

Білім алушы:

Мазмұнды түсінеді

Сұрақтар құрастырады

 

Қалыптастырушы бағалау «бір шапалақ»

 

 

ІІ.  «Артығын алып таста» (3 минут)

Қатардағы артық сөзді тауып, себебін түсіндіріңдер

 

Үшсөз тізімі Артығы Себебі
Комбайн,,велосипед,

ұшақ

 Катер,  Қайық,

автобус

Трактор ,жүк көлігі, яхта
Трамбай, мотоцикл,пойыз

 

Үш  сөз тізімі Артығы Себебі
Машина велосипед,

ұшақ

Қайық,мотоцикл,

автобус

Ұшақ,жүк көлігі,автобус
Велосипед,мотоцикл,пойыз

 

 

 

 

 Үш  сөз тізімі Артығы Себебі
  Троллейбус, автокар

тікұшақ

Қайық, кеме

автобус

Ұшақ,жүк көлігі, зымыран
мотоцикл,пойыз, трамвай

 

Дискриптор

–         Сөздердің артығын табады

–         Себебін жазады

 

Қалыптастырушы бағалау «бір шапалақ»

 

ІІІ.  Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастыру.

1.Темір жолмен трамвай,пойыз жүреді.

2.Ауамен ұшақ, тікұшақ, зымыран ұшады.

3.Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.

4.Жүргізуші көлікті асықпай, баппен жүргізеді.

5.Машина жолымен емес, жаяуға арналған жолмен жүр.

6.Жол бойында шаңғы, коньки, шана теппе.

7.Қазақстанда троллейбус алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында жүре бастады.

 

 

ІV. «Салыстыру кестесі» (2-минут)

Әртүрлі көліктерді салыстыру барысында сын есім шырайларын қолдана білуге жетелеймін

Ескі көліктер Заманауи көліктер

 

Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ»

 

 

V. «Ассоциация» әдісі

 

   

 

Дискриптор

–         Машина пішінін,сынын, түсін, көлемін жазады

–         Топта, ұжымда талқылайды

Қалыптастырушы бағалау «бір шапалақ»

  

VІ. «Әріптестер әлемі»

(тақтада желімденеді орындалады)

1…. жігіт жол бастар. (батыр )
2…. адамды жақынға санама. (жаман )
3…. еңбектен… нан. (ащы – тәтті)

4. Ертең орындаймын, кейін жазамын дейтін адам? (Жалқау, еріншек)
5. Жан аямай көп жұмыс істейтін адам? (Еңбексүйгіш, еңбекқор)
6.Керексіз көп сөйлейтін адам? (Мылжың, көкезу)

 

Дискриптор

-мақалды сын есіммен толықтырады

-бір сөзбен айтқанда қандай адам екенін айтады

 

Қалыптастырушы бағалау «бір шапалақ»

 

 

https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/klassika/31

Аяқталуы

20    минут

Үйге тапсырма

«Автомобильдер айтысы» өздеріңе ұнайтын автокөлік маркасы туралы қызықты ақпараттарды жинау, артықшылығын дәлелдеу. Мысалы, тойота маркасы – жіп иіретін ұршықты білдіреді екен.

 

Кері байланыс

«Автотұрақ»

 

Бағалау

«Түстер алаңы» ( Көк- шеңбер, сары төртбұрыш, қызыл –үшбұрыш)

 

Материал беріледі

 

 

 

Саралау:

(Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз ?)

 

 

 

 

 

Бағалау:

(оқушылардың не үйренгенін, материалдарды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат  
Сабақ бойынша рефлексия

–   Сабақтың оқу мақсаты шынай ма?

–   Бүгін оқушылар не білді?

–   Сыныптағы ахуал қандай болды?

–   Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

–   Мен барлық уақытты тиімді пайдаландым ба?

–   Мен өз жоспарыма сабақ барысында түзетулер енгіздім бе, неліктен?

 
Қорытынды бағамдау  
Қандай екі нәрсе табысты болды? 1.

 

 
2.

 

 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? 1.

 

 
2.

 

 
Сабақ барысында сынып немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім?

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

 
Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керекпін?

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *