Байланыс құралдары.
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Байланыс құралдары.
Мақсаты: Байланыс қызмет түрлерімен таныстырыу
Мақсаты: Байланыс қызмет түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту.
Міндеттері: Үйрету: Байланыс құралдары дұрыс қолдануға үйрету
Дамыту: байланыс құралдары арқылы зейіндерін дамыту
Тәрбиелеу: Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап,оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсінік беру,суретпен жұмыс,сөздік жұмысын жүргізу
Көрнекіліктері: Әр түрлі суреттер
Сөздік жұмыс: байланысшы,хат тасушы,телеграмма қабылдаушы,компьютер.
Билингивтік компанент Байланыс құралдар- связь средства
Іс-әрекет Тәрбиеші әрекеті Бала әрекеті – +
1.Мотивация
2.Ізденіс –ұйымдастыру
Кезеңі
Даярлық тобына ойын
Ересек тобы
Екі топ
Даярлық тобына
Ересек тобына қорытынды
Даярлық тобына қорытынды
Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Тәрбиешінің әңгімесі:
Байланыс құралдары жайлы түсінік беру.
-Телефон, факс ,хат,құттықтау хаттары,сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады.Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.Компьютерде байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады.Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен қамтамасыз етілген.
Пошта-хат,телеграмма,ақша, газет-журнал,сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме.
Д/о: «Миға шабуыл»
Мақсаты:ойлау қабілетін арттыру
Шарты:Мысалы:хатты алып поштаға салады,ақшаны алып дүкенге барады.
Пошташы,дүкенші газет сатушы болады
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып,біт тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
Суреттегі байланыс құралдарын ататып,олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету.
Өскенде қандай байланыс құралмен жұмыс жасағын келеді.Суретті алып әңгімелеп береді
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Байланыс қызметінің түрлерін ата.
2.Компьютер байланыс құралына жата ма?
1:Суретке қарап әңгімелеп береді
2.Сәлемдемемен не жіберуге болады?
3.Құттықтау хаттарын кімдерге не үшін жазады? Бәрі бірге қайталайды.
Балалар тыңдайды.
Серуенде табиғатты тамашалайды.
Өлең жолдарын тыңдайды,түсінеді.
Балалар түсінгендерін айтып береді,сұрақтарға жауап береді.
Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап ,олардан өздерінің қиялдарынан «Күзгі орман» композициясын құрастырады.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Тапсырмаларды ынтамен орындайды
Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: байланыс қызмет түрлерімен танысу.
Игеру: әрбір байланыс құралдарының қызметтерін білу.
Меңгеру: керек:адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау,оған құрметпен қарау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: байланыс қызмет түрлерімен танысу,атай білуге дағдыландыру
Игеру: әрбір байланыс құралдарының қызметтерін білу,оны ойын түрде қолдана білу
Игеру: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау,оған құрметпен қарау.