«Жабайы жануарлар »
Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
№19 «Ақтілек» бөбекжайы
Тәрбиеші: Алеханы.К
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар »
Мақсаты: балаларға жабайы жануарларының неліктен «жабайы жануарлары» деп атауын түсіндіру,пайдасы туралы әңгімелесу. 1.Білімділік міндеті: олардың аттарын дұрыс атап,аңдардың дұрыс ажырата білуге үйрету. 2.Дамытушылық міндеті: жұмбақ шешу арқылы ой-өрістерін дамыту. 3.Тәрбиелік міңдеті:жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 4.Әдіс тәсілдері: шаттық шеңбері,сұрақжауап,дидактиқалық ойын,лепбук,сергіту сәті. 5.Көрнекілігі: жабайы жануарларының суреттері
Барысы: Ұйымдастыру кезені: Тәрбиеші: Балалар шаттық шеңбер құрып тұрады да,бір-бірімен кезектесіп амандасады. Сәлеметсің бе? Азамат! Сәлеметсің бе? Айша! Сәлеметсің бе? Райымбек! Сәлеметсіз бе? Кульзира апай! Сәлеметсіңдер ме? балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымың! Былайша бір-бірімен сәлемдесу аяқталған сон,төмендегі сөздерді айтады.
Армысың.сұлу күн! (күнге қарап бас иеді) Армысың ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді) Қайырлы күн баршаға! (құшақтарың жаяды).
Шаттық шеңбері: Кел,балалар,ойлайық Ойлайық та,ойнайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық.
Тәрбиеші:Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішінде ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек екенбіз.
-Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын көжек,- дейді. (қоян)
–Төрт түләктің рәкеті , Түзде жүрер көк сері (қасқыр)
–Өзі ширақ,өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
–Тұмсығы ұзын күшті,
Өзі ерен мықты. (піл)
-Қара ала тоны бар,
Ол аңдардың қыраны.
Жатқанын көп көрмейміз,
Серейіп көп тұрады. (керік)
Санай алмай шаршадым- Найзасы бар қанша мың. Батыр емес бірақ та, Қашып жүрер жыраққа. (кірпі)
Тәрбиеші:– Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз? Балалар:-жабайы аңдар.
Тәрбиеші:– Олар қайда тұрады?
Балалар:-орманда тұрады. Тәрбиеші: қандай жабайы жануарларды білесіңдер? Балалар: аю,қасқыр,түлкі,жолбарыс,арыстан,піл,барыс. Тәрбиеші: Жабайы жануарларды ешкім бақпайды.Өз корегін өздері тауып жейді және төлдерің өздері асырайды.
Дидактиқалық ойын: «Ненің баласы?» Ойынның мақсаты:балалардың білімің жетілдіру. Ойынның шарты: балаларға суреттерді көрсете отырып,сұрақ қою.
Аюдың баласы– қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – мыршай
Қоянның баласы – көжек Арыстанның баласы- абдан Жолбарыстың баласы- шөнжік Тиіннің баласы- тиін Кірпінің баласы- кірпі
Сергіту сәті : Біз ормаңға барайық, Жан-жағымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап. Түлкі шықты майысып, Қоян шықты майысып, Қорықпандар балалар, Қарап қарап алыңдар.
Тәрбиеші : Лепбук «Жабайы аңдар» Мақсаты: балалардың жабайы аңдар туралы білімдерің кеңейту.
Лепбуктың тапсырмасы: 1. «Кескін суреттерді құрастыру» 2. «Жабайы жануарларды ата». 3. « Немен коректенеді?» 4. «Аңдардың көленкесін тап» 5. «Ненің құйрығы?» 6. «Не артық»
Тәрбиеші: жабайы аңдар туралы тақпақтар айту. Қорытыңдылау: -Қандай жабайы жануалармен таңыстық? (жабайы жануарлармен) -Неліктен оларды жабайы жануарлар деп атаймыз? (өз азығын өздері тауып жейді) -Балалар жабайы жануарлар қайда мекендейді? (орманда,тауда,) –Жарайсыңдар балалар!Рахмет! Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718