Сандармен амалдарды орындау

Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика
Мектеп: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Степногор ауылының орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3А бөлімі: Сандармен амалдарды орындау

Күні: 10.01.2020
Мұғалімнің аты-жөні: Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна
Сынып: 1
Қатысқандар: 7

Қатыспағандар саны:1
Сабақтың тақырыбы
1.2 Сандармен амалдар орындау
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары
(ОБ сілтеме)
1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау.

Көптеген оқушылар: екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және мәнін табу.

Кейбір оқушылар: қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру.
Жетістік критерийлері
Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды және мәнін табады.
Тілдік мақсат

Тілдік мақсаттары: үш санды қосу және азайту үшін амал­ дардың орындалу реті туралы ұғымды қалыптастыру, түсіндіру.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: амалдар реті, жақшалы,жақшасыз, қосу,азайту, бір амалды өрнек, екі амалды өрнек

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:
Талқылау:
— Ағашта неше құс болған? (2)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)
— Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)
Құндылықтарды дарыту
Бірлікке,татулыққа, бір – бірінің айтқан ойларын құрметтеуге, жылдамдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі
Алдыңғы меңгерілген білім
Қосу мен азайтуға берілген өрнектердің мәнін табу, амалдың орындалу ретін білу.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(12 минут)

3 минут

1 минут

3 минут

5 минут
(Ұ) Ширату жаттығулары: «Калейдоскоп» ойыны.
Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады,бір оқушы ортада тұрады. Әр оқушы өзіне ұнайтын санды айтып шығады.Содан соң ортада тұрған оқушы теріс қарап тұрады. Оқушылар орындарын ауыстырады. Ортадағы оқушы кім қандай санды ұнататынын айтып шығады.
Оқу мақсатымен таныстыру.
Екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу,амалдардың ретін анықтау.
(МК, Ж) Ұшып келді — ұшып кетті. Тапсырманы суреттерді көрсету арқылы оқимын, ал оқушылар санауды жүргізіп отырып, өздерінің жауаптарын басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, тексеріп,сыныптың ішінен дұрыс жауабы бар парақты тауып алулары керек.
— Ағашта неше құс болған? (2)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)
— Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)
— Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)
(Т) «Ойын сүйектері» әдісі. 20–3=? Ойынды ойнап көр. Нүктелері бар текшені ал. Текшені лақтырғанда жоғары жағына түскен нүктелер санын мысалдағы қар қиыршығының орнына қой. Алынған өрнектің мәнін тап. Сен неше мысал келтірдің?
Әдістер қоймасы
48 бет

Суреттер, сандар жазылған қағаздар

Математика оқулығы
1 сынып 9 бет Текше
Сабақ ортасы
(20 минут)
5 минут

10 минут

5 минут
(Ж) Шығарып көр. Мысалдарды шеш. Жауаптарын диаграмма арқылы өсу ретімен орналастыр. Жауаптарына сәйкес келетін әріптермен сөз құрастыр. Қандай сөз шықты?
10 + 0 + 6 = 16 (Т) 40 – 30 + 3 = 13 (Ң)
20 – 1 – 10 = 9 (Қ) 100 – 80 – 1 = 19 (А)
40 + 0 – 20 = 20 (Р) 19 – 8 + 0 = 11 (А)

(Т) Орындап көр.Зерттеу жүргіз. Оны мына ретпен орында:
1. 40+30+10 мысалын амалдардың орындалу ретін сақтап шығар. Сенде қандай жауап шықты? Содан кейін осы мысалды амалдардың орындалу ретін сақтап шығарып көр. Енді қандай жауап шықты? Жауаптар бірдей ме? Неліктен?
2. 40-30+10 мысалын амалдардың орындалу ретін сақтап шығар. Сенде қандай жауап шықты? Содан кейін осы мысалды амалдардың орындалу ретін сақтамай шығарып көр. Енді қандай жауап шықты? Жауаптар бірдей ме? Неліктен?
3. Қорытынды жаса.

(Ө,қ) Берілген өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтаңыз. Көк дөңгелекшенің ішіне амалдардың орындалу ретін жазып көрсетіңіз. Өрнектердің мәнін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
– екі амалды жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді;
– екі амалды жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді;
– екі амалды жақшалы өрнектердің мәнін табады;
– екі амалды жақшасыз өрнектердің мәнін табады.

Маркерлер, ламинатталған
А 4 парқтары
әріптер мен сандар
жазылған стикерлер

Математика оқулығы,
1 сынып, 9 бет.
Амалдар жазылған
А4 қағаз

ҚБ жинақ
математика
1 сынып, 66 бет

Сабақтың соңы
(8 минут)
6 минут

2 минут
Рефлексия: Жолды жүріп өт. Оқушылар сөреден мәре сызы-ғына дейін алдын ала белгіленген санның қосындысын жинап жүріп өтуі керек.
а) 5 + 6 + 9;
ә) 10 + 30 + 60.

Кері байланыс: Смайликтер
Түсінбедім Сұрағым бар. Түсіндім

Математика
1 сынып, 19 бет
Мәре мен сөре сызығы,сандар жазылған аяқ іздері

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *