Жол ережесін білейік, есен аман жүрейік

Тақырыбы:«Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік!» Танымдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
– Балалар, бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттері
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мұғалім: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында, қалай болса солай доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.
Жарысымыздың шарттары:
І кезең «Таныстыру»
ІІ кезең «Жолдан өте біл».
ІІІ кезең «Саналы жүрек».
ІҮ кезең «Жол белгілері»
Ү кезең «Капитандар сайысы
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
І кезең «Таныстыру»
І топ: «Жол белгілері»
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
ІІ топ: «Жүргізуші»
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!

ІІ кезең «Жолдан өте біл».

«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап-тап басады)
Ойын бірнеше рет қайталанады.
ІІІ кезең «Саналы жүрек». (викториналық сұрақтар)
1. Жүрісті реттеп отыратын адам?(жол реттеуші)
2. Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек? (келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)
3. Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
4. «Абайлаңыз балалар»
5.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?
(кез – келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
6. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
7. Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
8. Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(103 – жедел жәрдем шақырып, 102 – полиция бөліміне хабарласу керек)
9. Транспорт құралы дегеніміз не? (адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
10. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған
машинаға мән бермейді)
ІІІ кезең «Саналы жүрек». (жол белгілерін атау)
1. Ескерту белгілерін көрсет, түсіндір.
2. Басымдық белгілерін ата, түсіндір.
3. Тыйым белгілерін ата, түсіндір.
4. Нұсқау белгілерін ата, түсіндір.

Ү кезең «Капитандар сайысы
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)
2. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
3. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)

1. Жол белгілерін неше топқа бөлеміз? (7)
2. Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)
Қорытынды:
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ анықталып, марапатталады.

Кері қайту

Ілмек сөздер: бағдаршамжол ережесі

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт – дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.

1 тур. 1 – айналым.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы….. (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,…. (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,…. (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,… (тояды қарның тіленбей)
5. Отан – қуат… (Отбасы – шуақ)
6. Ұланы бар елдің… (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады… (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,… (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,… (бір балан ғалым болсын)
2 – айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады… (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,… (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,… (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі… (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,… (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың… (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,….(жаманнан жирен)
9. Ердің атын… (еңбек шығарады)

2 – тур. 1 – айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір огқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

2 – айналым
Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

3 – тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
– Өмірде не жетім?
– Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
– Үйде кім, елді кім қадірлі?
– Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысыны

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *