Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу “Табиғатты зерттейміз”

Сабақ  тақырыбы: Табиғатты зерттейміз
Оқу мақсаты

 

4.1.5.1   өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.2.1.2*   шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

Тақырыпқа қатысты ой бөлісе отырып, мәтінді сын тұрғысынан бағалап оқиды. Негізгі ойын айтады.

Мәтін кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беріп, дәлелдермен негіздейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Табиғат пен құстар тіршілігінің тығыз байланысын дәлелдеу бағытында

мәліметтер жинақтайды.

Кейбір оқушылар: Тақырыпты өз өмірлерімен байланыстырып, қорытынды шығарады

Бағалау критерийлері:

 

Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра біледі

Шығармадан түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты табады, талдайды және шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни  тұрғысынан баға береді

Тілдік мақсаттар:

(оқылым/жазылым, айтылым/тыңдалым үшін пайдалы тілдік бірліктер)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Экспедиция                            Селеу

Геолог                                    Теңбіл

Ботаник                                 Сәкі

Құндылықтарды дарыту Оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

.

Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану. Дүниетану.Еңбек.
Бастапқы білім Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығулар Ресурстар
Басталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАДА әдісі арқылы Жаңа сабаққа өтеміз.

 

 

Психологиялық ахуал орнату.

Керегені жазайық,

Шаңырақты құрайық.

Уық болып, иіліп,

Киіз үйдей болайық.

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

«Адам өміріндегі баспананың маңызы қандай?

Баспананың қандай түрлерін білесің?

Мәтіндегі баспаналардың жайлылығы туралы не айтуға болады?

Иглу баспанасы неден жасалады?

Америкадағы үндістердің баспанасын не деп атайды?

Джонка  туралы не айтасың?

Жер сілкінуіне шыдамды үйді не деп атайды?

Көшпенділерге ыңғайлы үй – қандай үй?

Жарайсыңдар балалар!

Яғни табиғаттың құбылыстарына байланысты  әртүрлі әдістермен бақылап, тәжірибе (эксперимент) жасап  Табиғатты зерттеу арқылы өздеріне қолайлы баспана жасағанын білсек, енді бүгінгі сабақта табиғатты зерттей отырып .  Бекмырза Баймахановтың  «Құмдағы құпия» атты тақырыбын өтеміз.

Яғни бүгінгі сабақтағы мақсатым мәтінді түртіп алу әдісімен оқи отырып, негізгі ойды анықтап, сын тұрғысынан бағалаймыз және кейіпкердің іс әрекетіне баға береміз.

 «Құмдағы құпия» атты мәтіннің авторы жайлы  аздап мәлімет айтып өтейін.  Бекмырза Баймаханов 1965 жылы  Алматы облысында дүниеге келген. Қазіргі заманның тарихшысы,  филология ғылымының докторы.  Ғылыми зерттеулер топтарының басшысы. Жалпы зерттеулерді құптайтын азамат.

Балалар сендерге жұмбақ жасыру арқылы топқа біріктіремін.

 

Айдалада ақ отау,

Аузы — мұрны жоқ отау.  Жұмыртқа І топ

 

Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.       Құс ұясы ІІ топ

 

Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қилы,

Өнерiне басқанда,

Тұла бойың балқиды.   Бозторғай  ІІІ топ.

 

1 тапсырма Анықта Ойлан

Қай құстарды танисыңдар?

Сынып қабырғасына ілінген құстардың суреттері бойынша сол құстардың аттарын атау

Дескрипторы: 

1. Құстардың аттарын атайды.

2. Қай жерді мекендейтіндігін айтады.

ҚБ: Бірін-бірі бағалау  

Жағымды әсер қалыптасады.

 

 

 

Оқушылар өткенді пысықтайды,сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автордың суреті

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады.

Топқа бірігеді.

 

Тапсырма

ны орындаған  оқушыны мадақтау

,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

Ортасы  Оқы.  «Түртіп алу» әдісі «Құмдағы құпия»

Биылғы көктем салқын, жаңбырлы болды. Темірдің анасы экспедицияға жылдағысынан кешігіңкіреп аттанды.
Бұл жер Темірге бұрыннан таныс. Былтыр анасымен келген. Жалпақ сары төбенің басында сәкілі үш ағаш тұр. Сәкілерді осы өңірді зерттеген геологтар жасапты. Көз ұшында малшылар қыстауы. Көктем шыға көшіп кетеді. Қыстаудың қасында құдық бар. Экспедиция суды сонан алады. Ол құдықты да қазған – геологтар. Соны айтқанда Темір:
– Апа, геологтар жақсы ма, ботаниктер жақсы ма? – деп сұраған.
– Екеуі де жақсы, – деген анасы, – геологтар жер астындағы кен – байлықты іздеп табады. Ал ботаниктер жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді. Өсімдік болмаса, мал да, аң да, жан – жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ботаниктер сол өсімдіктерді қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді.
Өсімдіктердің малға қажет екенін Темір біледі. Тіпті тасбақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді.
… Биыл да Темір бір қызық оқиғаға тап болды. Ерте тұрып, анасымен бақылау алаңына бара жатқан. Алдарындағы бұтаның түбінен бір бозторғай ұшып шықты да, ұзап кетпей, қалықтап тұрыа алды.
– Осы маңда ұясы болу керек, – деді анасы. Бұтаның түбін ашып қарап еді, шынында да ұя бар екен. Селеудің үлпілдек шашағынан әдемілеп өріліп жасалыпты. Ішінде теңбіл – теңбіл үш жұмыртқа жатыр. Ұясына төнген қауіпті сезген бозторғай шырылдап, ауық – ауық шүйлігіп – шүйлігіп кетеді.
Құмда таңертең күн салқын болады. Күн жаңа шығып келе жатқан, ауа салқын. Сондықтан Темір анасына:
– Ұяға мақта төсеп, жылылап қойсақ қайтеді?
– Онда барып мақта әкел, мен бақылау алаңына бара берейін, өзің келерсің, – деді шешесі.
Міне, ғажап! Мақта алып келсе, ұя да жоқ, жұмыртқа да жоқ. Әлгінде шырылдап, шыж – быжы шығып жүрген бозторғай да көрінбейді.
Оның сырын Темір кейін білді. Төнген қауіпті сезген бозторғай ұясын басқа жерге көшіріп әкетіпті.
Темір бұл сапардан табиғат кітабының тағы бір қызықты бетін оқып қайтқандай болды.

 

«Жаңа сөздер сандығы» айдары.

Сәкі – ағаштан жасалған отырғыш

Геолог– жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.

Ботаник – өсімдіктер әлемін зерттейтін маман.

Экспедиция – кез-келген жерді зерттейтін ұжым.

Селеу – астық тұқымына жататын көпжылдық кейде біржылдық өсімдік

(оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып алады)

 

«Ойлан.Бөліс.Талқыла.»
2- тапсырма.(Т.) «Балық қаңқасы» әдісі. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

І топ.  Жұмыртқа

ІІ топ  Құс ұясы

ІІІ топ Бозторғай

Дескрипторы:

1. Пікірге қатысты өз көзқарасын білдіреді.

2. Темірдің әрекетіне баға береді.

ҚБ:«Басбармақ» әдісі бойынша

 

Қорытынды Топтық жұмыс

І топ:  5 жолды өлең жазу.

1. Зат есім (1 сөз)    бозторғай

2. Сын есім (2 сөз)  кішкентай, қамқоршы

3. Етістік (3 сөз) қорғайды, шиқылдайды, жылдам ұшады

4. Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Бозторғай қандай шапшаң құс!

5. Синоним (1 сөз) құс

 

2-топ: Жоспар құру.

Темірдің анасымен экспедицияға шығуы

Бозторғайдың ұясын көруі

Ұясын көшіріп әкетуі

 

3-топ:

Бозторғай мен тауықтың жұмыртқасын салыстыру. Венн диаграммасы

Дескрипоры:

Мәтінге қатысты өлең жазады.

Жоспар құрады.

Бозторғай мен тауықтың жұмыртқасын салыстырады.

ҚБ: « От шашу»

 

 

 

 

Оқиғаларды ретімен орналастырады

Екі кейіпкерге сипаттама береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздердің мағынасын анықтайды

 

Аяқталуы

 

Бағала

Темірдің бозторғайдың жұмыртқасын қозғамақ болғаны дұрыс/дұрыс емес екенін анықтап, іс-әрекетін бағалаңдар.

Бозторғайдың ұясымен бірге жоғалуы туралы әңгіме құрастырып, мәтінге жаңа сюжет енгізіңдер.

 Ойлан                                      

Бозторғайдың әрекетінен қандай қорытынды шығардың?

Жер қойнауын, өсімдіктерді зерттеу не үшін қажет?

Рефлексия. (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

– Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

– Сабақты  қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлинктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

 
Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?  

 

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?  
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *