Жалқы есім және жалпы есім

Сабақтың тақырыбы:
Жалқы есім және жалпы есім
34-37 жаттығулар
Мұғалімнің аты-жөні: Дощанова З.Ж.
Күні: 27.02.2019 жыл
Сынып: 2
Қатысқан оқушылар саны: 8
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
2.1.4.1 – тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.2.3.1 – мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін: қима қағаздар таңдалады.
Қала аттары: Екібастұз, Түркістан, Жаркент, Жетісай
Өзен аттары: Ертіс, Есіл, Іле, Жайық топқа бөлінеді.

Ұлпа қар ойыны арқылы өткен сабақты қайталау.
Қағазда сұрақтар жазылады.
1. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады)
2. Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? кімдер? не? нелер?)
3. Зат есімнің қандай түрлері бар? (жалқы есім, жалпы есім)
4. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады? (кім? кімдер?)
5. Жануарларға қандай сұрақ қойылады? (не? нелер?)
6. Жалқы есімдер деген не?олар қалай жазылады? (кісі аттары, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар, бас әріппен)
7. Келді, он бес, айтты, қызыл, биік, кітапхана сөздерінің ішінен зат есімді тап (кітапханашы)

Қима қағаздар арқылы топтарға бөлу.

Ұлпа қар ойыны
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
№34.
Сәлем берген біздерге қай боталар,
Бұл біз ғой, немерелер,
Үлкенге сәлем береді!
Деп шулап аталардың
Аламыз баталарын.

Өлең не туралы?
Бата деген не?
Батаны кімдер береді?
Үлкендер қандай бата беруі мүмкін?
Бата бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата-біреуге алғыс бергенде айтылатын алғыс сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады.
Шадияр болсын доcтасың,
Мұхаммед болсын- қостасың.
Қызыр болсын жолдасың,
Лұқпан болсын кұрдасың.
Сүрініп кеткен жеріңде,
Жеті əулие жетелеп,
Кереметімен қолдасын! Жалқы есімдерді тап.
Құрметті, Айжан!
Мен сені бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын. Өзің армандаған Астана қаласындағы, Евразия университетіне оқуға түсуге тілектеспін.
Тілек- ықылас, ниет.Ниет – қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттенуге және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Тілек-адамның ниет бір іс-әрекетті, ой-пікірді іске асыруға ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы алға қойған мақсатын іске асыруға жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар алады. Тілек – іс – әрекеттің бастау бұлағы. Ол адамды қарекетке, ойға алған, алға қойған жоспарын іске асыруға бағыттаушы саналы әрекеттің ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-әрекет обьектісі санасынан орын алып қана қоймайды, оны іске асырудың мүмкіндік жолдары да айқындала түседі.

Оқулық, мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану
Дәптермен жұмыс.
№35. Берілген баталардың қай кезде айтылатынын тауып, сәйкестендір.
Ұлыс оң болсын! Тілашар
Ақ мол болсын»
Таудай болсын талабын, Тұсаукесу
Ашылсын тілің, қарағым.
Өмірге аяқ баса бер, Наурыз
Асулардан аса бер!

қала
Қазақстан
36. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді тап.

ақсақал

немере
Қаратау
Тараз
ата

Мағжан
ақын
Іле

Мақсатпен таныстыру:
Жалпы есімді үйренеміз
Жалпы есімді жалқы есімнен ажыратамыз
№37. Мақалды көшіріп жаз.
Батамен ер көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Жеке жұмыс
Сергіту сәті
2 минут
Сергіту сәті. Аяқ іздері ойыны
Елік,қоян,Жайық,өзен,Абай,қала,Ақтөс,ақын,Баянауыл, Қарағанды, мектеп, сатушы, Ақтау, дәрігер, кітап, Үсен, Атырау, дүкен, қалам, Раушан, өшіргіш, жазушы, Жадыра, Жезқазған, көл, қасқыр, ит, Ақсу, Гауһар,Балқаш,Есіл.
Оқушылар сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Екі топқа сөздер беру. 1 топ жалқы есімдерді табу.
2 топ жалпы есімдерді табу.
Мұғалім, Алматы, дос, Бейбіт, әнші, қыз, қала, футболшы, Орал, Жайық, батыр, құс, мектеп, дәрігер, жазушы, Ақтөс, Сұңқар, биші, ұл, апа, Раушан, көше, әже, Астана, Іле, Алпамыс, Қаратау
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Кері байланыс
5 минут

Сары, қызыл алмаларға жалқы, жалпы сөздер жазып алма терегіне ілу

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.
Үйге тапсырма: №32,51-бетте.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
«Білім ағашы» кері байланыс

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *