Сағат

Пән: математика Мектеп: «№ 13 орта мектебі» КММ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Әбіл Гаухар Әлімжанқызы
Күні: Қатысқандар саны:
Сынып : Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Сағат

Осы сабақта қол жеткізетілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат/ уақытты бағдарлау: минут,сағат,күн,апта, ай.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы білуге тиісті:
Сағат- уақыттың өлшем бірлігі екенін түсінеді.Циферблат бойынша уақытты анықтайды.
Көптеген оқушы білуге тиісті :
Іс-әрекеттер арқылы сағаттың ұзақтығын өлшейді.Уақыттың басқада өлшем бірліктерін сағатпен байланыстырады.
Кейбір оқушылар білуге тиісті: Бір сағаттың ішінде не орындауға болатынын табады. Минут пен сағат бірліктері арасындағы ара қатынасты ажыратады.
Бағалау критерийлері Циферблат бойынша уақытты анықтайды.
Уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай)ажыратады.

Тілдік мақсаттары Сағат ,циферблат. Математикалық тілде сауатты сөйлеуді үйренеді.
-Сағат не үшін қажет?
-Сағаттың қандай пайдасы бар?
Құндылықтарды дарыту Ашықтық-«әткеншек» ойыны.
Өмір бойы білім алу- циферблатпен жұмыс.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі- ойын еркін, толық айту.
Дүниетану –«Күн сағаты» туралы әңгімелескенде
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтада циферблатпен жұмыс жасағанда
Бастапқы білім
Күн, апта, ай.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5мин

Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Тосын сый « Кім тапқыр» әдісі
М Т Қораптың ішіне сағат саламын. Оның дыбысын бір балаға тындатамын және сол оқушы қораптың ішіндегі тосын сыйды жұмбақпен жеткізеді.
Жұмбақ жасыру
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар.
( Сағат)
– Балалар бүгінгі сабағымызда сағатпен танысамыз.
-Сағат туралы бейнефильм.(Көрсетіледі)
-Балалар сағатты білеміз ба?
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
(Балаларға сағаттың әр-түрлі суреттері көрсетіледі,түсіндірледі.)
– Бізге сағатсыз өмір сүруге болама екен?
Бейнефильмнен кейін слайдтан уақыт көрсетіп тұрған сағаттарды көрсетіп, цифрблаттары қанша тұрғаны жайлы ақпарат алысу.

Бағалау «Кім қанша жинады?» әдісі.
Балалардың жинаған күн сағаттарының санымен бағалаймын. Сағат , макет.

Майшам,
құмсағат, жарсағат, күнсағат,циферблат.
Бейнефильм

Сабақтың ортасы
5- 8 мин

10-13 мин

13-16 мин

16-19 мин

МТ
«Зерттейік» Қане балалар барлығымыз сыныпта мынадай тәжірибе жұмысын жүргізіп көрейік.
Осы тәжірибе арқылы 1 минут пен 1 сағаттың ұзақтығы туралы айтуға болады.Оқушыларды уақыттың ұзақтығы туралы ойға жетелеймін.Уақытты арнайы құралдың көмегімен минутпен,сағатпен өлшеуге болатынын айтамын.
Дескриптор
-Майшамды жағады.
– Минутпен сағаттың ұзақтығын анықтайды.
-Уақыттың ұзақтығы туралы біледі.
-Уақытты арнайы құралдың көмегімен анықтайды.
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі
Оқулықпен жумыс
Ұ Ж 1 тапсырма
Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр.
Кері байланыс «От шашу»
Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі
1 топ. «Зерттеушілер тобы» әртүрлі сағаттар модельін құрастырады және қай елде шыққаны, қашаннан уақытты анықтады не арқылы анықтады
2 топ.Сұрақ құрастырушы тобы
Сағаттар беріледі. Солардың цеферблаттары бойынша сұрақтар құрастырады
3.топ.Сипаттаушы *сағатты сиапттайды
4 топ. Беуйнелеуші*суреттерін салады
Дескриптор:
– Сағат модельдерін құрастырады.
– Циферблат бойынша жұмыстанады.
– Сұрақ құрастырады.
Кері байланыс « Бағдаршам» әдісімен
Сергіту сәті
Барлық оқушы циферблат болып тұрып,
ортада 5 оқушы кезектесіп шығып аталған
7:00, 5:00, 1:00, 12:00 уақыттарын екі қолмен сағаттың минуттық және сағаттық тілін жасап көрсетеді
ҚБ Тапсырма .
Сағат қанша болды? Циферблаттағы көрсетілген уақытты жазыңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор

Циферблат бойынша уақытты анықтайды.
Минуттық тіл толық сағатты көрсетіп тұрған уақытты анықтайды және жазады.
Уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай)
Ажыратады Минуттық тіл жарты сағатты көрсетіп тұрған уақытты анықтайды және жазады.
Кері байланыс « Смайлик» әдісі

Саралау
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:Моделіндегі сағат тілдерін жылжыта отырып, мыналарды көрсет:
• Сен бүгін нешеде ояндың?
• Бірінші сабақ нешеде басталды?
• Сүйікті телебағдарламаның сағат нешеде басталады?
Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:Электрондық сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр? Механикалық сағат осы уақытты көрсететіндей етіп, тілдерді толықтырып сал.
Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр.
24 бет нұсқаулық

Оқулық-14 бет

Сабақтың соңы
6 мин Рефлексия « Жетістік баспалдағы» әдісі
«Кім қанша жинады?» әдісі.
Балалардың жинаған күн сағаттарының санымен бағалаймын.
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай текскруді жоспарлайсыз ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау :
Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар
Моделіндегі сағат тілдерін жылжыта отырып, мыналарды көрсет:
• Сен бүгін нешеде ояндың?
• Бірінші сабақ нешеде басталды?
• Сүйікті телебағдарламаның сағат нешеде басталады?
Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар
Электрондық сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр? Механикалық сағат осы уақытты көрсететіндей етіп, тілдерді толықтырып сал.
Азқолдауды қажет ететін оқушылар
Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр.
Бағалау «Кім қанша жинады?» әдісі.
Балалардың жинаған күн сағаттарының санымен бағалаймын.
Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты жеткілікті орынды қамтамасыз ету.
«Зерттеу » кезенде қауіпсіздікті сақтау. Партада дұрыс отыруы.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? Оқу мақсаттарына қол жеткізу кезене оқудың белсенді тәсілдері « Кім тапқыр», « Жұптас, топтас,пікірлес» әдістерін қолдандым. Бұл тісілдер оқушылардың тапсырмаларды тиянықты орындауға пайдасын тигізді.Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталып сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ?
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарымен сәйкес. Ықшамсабақ құрылымы оқу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етті. Осы мақсатта «Кім тапқыр», «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдістерін тиімді қолдану арқылы тапсырмалар зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізілді.
Тренер мен әріптестердің кері байланысы.
Тапсырмаларға дескриптор жазғанда нақты қадамды жазу керек .Кейбір оқушыға саралау тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруды нұсқады.
Әріптесім Алмагүлдің пікірі: бағалау кезенде кері байланысты дұрыс пайдалану. Осы екі пікір сабағымды
дұрыс жоспарлауға ықпалын тигізді.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Белсенді әдіс-тәсілдері түрлерін тиімді пайдалануды, қалыптастырушы бағалауды оқушының қажеттілігіне бағыттай отырып саралау тапсырмаларын тиімді беруді, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін білдім.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *