«Не? Қайда? Қашан?»
«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, жаратылыстану ғылымына деген танымдық қызығушылығын арттыру және пәнаралық байланысты дамыту .
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, периодтық жүйе,сұрақтары бар конверттер,қара жәшік.
Жүргізуші: (Ақырын музыкалық әуен ойнап тұрады)Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Білім деген биік шың, Жастықтың ойы қайдасың, Бақытқа сені жеткізер. Жүректі түртіп қозғамай. Білім деген ақылшың, Ғылымның біліп пайдасын, Қиындықтан өткізер. Дүниенің көркін болжамай, – деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды бастаймыз. Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың дегендей,қатысушы топтармен таныс болайық.Екі конверттерден қай топ бастайтынын таңдап алады? 1 –топ «Металдар» тобы- 8А сыныптар 2-топ «Бейметалдар» тобы- 8Ә сыныптар Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдер арқылы өтеді. Сайыс жоспары: 1 кезең «Командалармен танысу» Өз командаларының аттарын қорғау. 2 кезең«Ойлы болсаң,озып көр» – әр топқа сұрақтар беру. 3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» – мақалдар шешу. 4 кезең «Мені тауып көр! » – жұмбақтар шешу. «Жанкүйерлер сайысы» 5 кезең«Қара жәшік» затты анықтау. 6 кезең «Капитандар сайысы» Жүргізуші: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Олай болса, сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілейміз. Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі –дей отырып І-кезең. «Командалармен танысу» Өз командаларының аттарын қорғау. Жауап 1 ұпай ІІ кезең «Ойлы болсаң,озып көр»– әр топқа сұрақтар беру. Әр жауап -1 ұпай. 8 А сыныбы «Металдар» тобы 1. Сілтілік металл (І топ А топшасындағы бір элементті атау)
2. Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
3. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады? (физикалық)
4. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
5. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор)
6. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы)
7. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы)
8. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (күкірт) 9. Сұйық металл (Сынап)
10.Оттегінің аллотропиясы (озон)
11. Химиялық құбылыс (Реакция)
12. Ең бірінші белгілі болған қандай металл ? (мыс, алтын, күміс)
13. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
14 .Ауаның құрамындағы ең көп элементтер (азот, оттек)
15. Сүттің ашуы қандай құбылыс ? (химиялық)
8Ә сыныбы «Бейметалдар» тобы 1. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
2. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
3. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
4. Реттік нөмір ядро құрамындағы қандай заттарға сәйкес келеді?( протон)
5. Қандай элементтер космоста көбірек таралған (сутек пен гелий)
6. Қандай металл адам қолында балқиды (цезий)
7. Халькогендерге жататын бейметалл (кез келген бейметалл)
8. Металдар патшасы қай металл? (алтын)
9. Мыстың латынша аты? (купрум)
10.Физикалық дене неден тұрады? (Заттар) 11. Бір заттан екі немесе бірнеше заттар алу (айырылу реакциясы)
12. Периодтық жүйе неше топтан тұрады (8)
13. Заттар және олардың бір заттан басқа жаңа затқа айналу қасиеті туралы ғылым? (Химия) 14. Құрамы мен қасиеті заттың өзімен бірдей болып келетін заттың ең ұсақ бөлшегі? (Молекула) 15. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)
Жүргізуші: Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, – келесі кезең… ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» – мақалдар шешу. Әр топқа төрт мақал оқылады. Аяқталмаған мақалды аяқтап,химиялық атауын үш тілде(қазақша,орысша,латынша) айтуы керек.Әр жауап 1 ұпай А) Мақалдарды аяқта 8А сынып «Металдар тобы» 1. Ескі мата бөз болмас, ескі … біз болмас. (темір-железо-феррум) 2. Қойдың сүті- … ( қорғасын-свинец-плюмбум)
3.Аспанда ай әкім болса,Жердегі адамның әкімі-… (күміс,серебро-аргентиум)
- Арпа бидай ас екен, … –…тас екен. (алтын-золото-аурум, күміс,серебро-аргентиум) 8Ә сынып Бейметалдар тобы 1.Пәлен жерде … бар, Барсаң …-та жоқ. (алтын-золото-аурум, мыс-медь-купрум) 2.От … жейді, тот …жейді. (көмір-углерод-це,темір- железо-феррум)
- Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай,…кессең қысқа кес ұзартуың оңай. (темір-железо-феррум)
4.Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық, Қандай металл,құйма жасар оны құйып? (сынап-ртуть-гидраргирум)
ІҮ кезең «Мені тауып көр! » – жұмбақтар шешу. Жұмбақты да шешуін ребус түрде көрсетіп,қорғау.Әр жауап 5 ұпай
8 А сыныбы «Металдар» тобы 1.Сыныптан бір шықпайды, Жәрдемінсіз бұл заттың,
Тимесең жұқпайды. Оқушы сабақ ұқпайды (бор) 2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (су)
- Жануарлардың болашағы,қаңқасы. Жер бетінің минералы әр тасы. Сан құрылыстың сәулеті,негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы… (кальций) 4.Ертеден белгілі жетеудің бірімін, Электроника саласында ірімін. Көптеген құймаларға кіремін, Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (мыс)
8Ә сынып Бейметалдар тобы
- Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды. (күкірт)
- Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрағым,
Әр күнде адамдармен жүздесіп тұрамын. Мені балқыта алмай қиналады көбісі, Қазақстан кенім жөнінен әлемде ең бірінші. (вольфрам)
- Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (темір)
- Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын)
Енді жанкүйерлер сайысы өткізіледі.Әр команданың жанкүйерлерінен алты оқушыдан алға шықсын.Әр жауап 1 ұпай
Жанкүйерлермен жарыс. 1.Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
- Бірінші буыным «қабылда» деген сөздің мағынасын береді,екінші буыным «шараппен улану» деген мағынада,ал өзім улы тұзбын. Ойладаршы, сонда мен кіммін? (алмас)
3.Алғашқы буыным «көп емес», екінші бөлігім «тілсіз жау» дегенді білдіреді, сонда мен қайдай элементпін? (азот)
4.Оңынан оқысаң химиялық элементпін, Солынан оқысаң тоқ өткізгішпін. ( мыс-сым)
5.Бірінші бөлігі «ең алда кел» деген бұйрық рай,екінші бөлігі сан есім,бұл шипалы газ деп те есептеледі.Ойландаршы сонда мен кіммін? ( оз-он)
Ү кезең. «Қара жәшік» заттарды анықтау. Музыкалық әуен ойнайды. «Қара жәшік» әкеленеді.Екі командаларға арналған тапсырма. Тапсырма: Сол заттың ішінде W-әрпі бар,оның қасиеті Күннің жарығына сәйкес.Екі сөзбен түсіндіріңіз.(лампа,қыздыру) Жауапқа 5 ұпай
Тапсырма:ҮІ кезең «Капитандар сайысы» Әр жауап 1 ұпай.(периодтық жүйеге қарамайды).
1 – топтың капитанына.«К» әрпінен басталатын алты химиялық элементтерді атаңыз.
2– топтың капитанына. «М» әрпінен басталатын алты химиялық элементтерді атаңыз.
Жүргізуші:
Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,
Болғанымен әркімнің де көңілінде.
Дарындылық адамзатқа жарасқан,
Ұтып алған алқа тұрса өңірде
«Не?Қайда?Қашан?» кешінің қорытындысын айту үшін сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)
Жүргізуші:
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, – деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.
– Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
– Сау болыңыздар!
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
КЕЗЕҢДЕР | «Металдар» тобы
8Акласс |
«Бейметалдар» тобы
8Әкласс |
І кезең. «Командалардың танысуы» Жауап 1 ұпай | ||
ІІ кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»-сұраққа жауап Әр жауап 1 ұпай | ||
ІІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр» – мақалдар шешу. Әр жауап 1 ұпай | ||
ІV кезең «Мені тауып көр! »Ребус салу. Әр жауап 5 ұпай | ||
«Жанкүйерлер сайысы» Әр жауап 1 ұпай |
|
|
V кезең. «Қара жәшік» заттарды анықтау. Жауап 5ұпай | ||
VІ кезең. «Капитандар сайысы» Әр жауап 1 ұпай | ||
Барлық ұпайлар саны: |
ІҮ кезең «Мені тауып көр! » – жұмбақтар шешу. Жұмбақты да шешуін ребус түрде көрсетіп,қорғау.Әр жауап 5 ұпай
8 А сыныбы «Металдар» тобы 1.Сыныптан бір шықпайды, Жәрдемінсіз бұл заттың,
Тимесең жұқпайды. Оқушы сабақ ұқпайды
- Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
- Жануарлардың болашағы,қаңқасы. Жер бетінің минералы әр тасы. Сан құрылыстың сәулеті,негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы…
4.Ертеден белгілі жетеудің бірімін, Электроника саласында ірімін. Көптеген құймаларға кіремін, Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін.
ІҮ кезең «Мені тауып көр! » – жұмбақтар шешу. Жұмбақты да шешуін ребус түрде көрсетіп,қорғау.Әр жауап 5 ұпай 8Ә сынып Бейметалдар тобы
- Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.
- Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрағым,
Әр күнде адамдармен жүздесіп тұрамын. Мені балқыта алмай қиналады көбісі, Қазақстан кенім жөнінен әлемде ең бірінші.
- Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны.
- Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады