«Өссе тілім, менде бірге өсемін» мерекелік ертеңгілік сайыс.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна

«Өссе тілім, менде бірге өсемін» мерекелік ертеңгілік сайыс.

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер – мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан – ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.
Әдісі: Сайыс түрінде.
Жүру барысы:
Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма, құрметті көрермендер! «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты тіл мерекесіне арналған сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің балабақша да «Таңшолпан» МАД тобының қатысуымен «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты сайысы ұйымдастырылып отыр. Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатынасатын «Жас ұлан» тобы, және «Жас дарын» тобын қошеметпен қарсы алайық.(әуенмен сайыскерлер өз орындарына келіп отырады)
Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.(Қ. Р. Әнұраны орындалады)
Жүргізуші: Ана тілім – ерлігім
Ана тілім – елдігім
Ана тілім – болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 – кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне байланысты 1 – 5 ұпайлармен бағаланады.
Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстыру.
1 – кезең «Таныстыру»
2 – кезең «Бәйге» (сұрақ жауап)
3 – кезең «Кім зерек»
4 – кезең «Мақал – мәтелдер» (қазақ, орыс тілінде)
5 – кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
6 – бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жүргізуші: Таныстыру кезеңін біз бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
1 – кезең: Сайыскерлер өздерін таныстырады.
«Жас ұлан» тобы ұраны: «Ана тілім ардағым»
«Жас дарын» ұраны: «Тіл – ақылдың өлшемі»
Жүргізуші: Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады.
Жүргізуші: Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақта бар.
2 – кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлердің топбасшысы қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай.
Қойылатын сұрақтары:
1. Сенің атың кім?
2. Сенің ұлтың кім?
3. Қай қалада тұрасың?
4. Жасың нешеде?
5. Балабақшамыз қалай аталады?
6.Тәрбиеші апайыңның аты – жөні кім?
7. Өскенде кім болғың келеді?
8. Қандай Республикада тұрасың?
9. Қ. Р. елбасы кім?
10. Елордамыз қалай аталады?
Жүргізуші: Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Сайысымыздың келесі 3 – ші бөлімі «Кім зерек» деп аталады.
Сайыскерлеріміз қазақтың ұлы ақындарының өлең жолдарынан үзінді жаттап келген. Ол кімнің өлеңі және атын айту керек?
Сымбат: Абай. «Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Бекзат: Мұқағали. Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар жерде мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Нұрдәулет: Ал екінші бақытым –Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Хадиша: Бақытым бар үшінші –Отан деген,
Құдай деген кім десе , Отан дер ем!
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Аружан: Қ. Мырзалиев. «Ана тілің арың бұл»
«Ана тілің – арың бұл»
Ұятың боп тұр бақта.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Адила: Иностранный язык – это здорово!
Где угодно, его применяй,
Позабыл, как порусский, «До скорого!»
Заверни по английский «Good bye!»
Айқын: Махамбет. «Мен, мен едім мен едім»
Мен, мен едім мен едім,
Мен нарында жүргенде
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім.
Жанерке: Ы. Алтынсарин. «Кел, балалар, оқылық»
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеннің алдынан
Іздемей – ақ табылар.
Омар: Қ. Мырзалиев. « Қазақ осы»
Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,
О, ағайын халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал – саңғал жауапсыз,
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
Жүргізуші: 4 – бөлім: «Сөз – мәйегі – мақал» деп аталады. (қазақ, орыс тілінде).
1. Жолдасы көптің – олжасы көп (Друзей много – шире дорога) Дархан
2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл (Человек без Родины, что соловей без леса) Мереке
3. Отан оттан да ыстық (Родина горячее огня) Жәния
4. Өнер алды қызыл тіл (Основа слова как выпущенная пуля) Назерке
5. Ел іші – алтын бесік (Родная земля – золотая колыбель) Інжу
6. Айна – айна емес – халық айна (Зеркало правда народ) Жансезім
7. Күш білімде (Сила в знание) Нұрасыл
8. Айтылған сөз атылған оқпен тең (Сказанное слово как выпущенная пуля) Махаббат
Жүргізуші: Ана тілім – күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын – деп сайысымыздың 5 – бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Мақалды жалғастыру
1. Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын.
2. Оқу білім бұлағы.
3. Оқу – инемен құдық қазғандай.
4. Таяқ еттен өтеді – сөз сүйектен өтеді.
5. Өнер алды қызыл тіл.
6. Еңбек түбі береке.
7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
8. Дос жылатып айтады – дұшпан күлдіртіп айтады.
Сайысымыздың соңғы бөлімі. 6 – бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Интерактивті тақтадан ұяшық сандықшаларда жұмбақтар жасырынған, олардың түсіне қарап таңдауыңызға болады. Балалар жұмбақ шешеді.
Ән: Сымбатпен, Хадишаның орындауында «Жаңбыр» әні
Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатысқан топтарды марапаттайды)
Жүргізуші: Міне осылайша «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *