ЦИКЛОГРАММА Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі»

ЦИКЛОГРАММА
Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі»

Күн тәртібі Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
Балаларды қабылдау
Балалардың көңіл күйін көтеру үшін қолғап киіп алып көңілді бал – бала қуыршағымен күтіп алу Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбикемен бірлескен жұмыс.
Балалардың көңіл күйін көтеру үшін қолғап киіп алып көңілді итпен күтіп алу
Ата – аналармен әңгімелесу Үйде балаларына шағын әңгімелер,ертегілер құрастырып айтып беру жөнінде әңгімелесу.
Үй құстары оларды күтіп-бағу туралы әңгімелесу.
Балалардың сөз қорларына құстар туралы тақпақтар,өлең жолдарын айту туралы әңгімелесу
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. ) Үстел-үсті ойыны:
«Домино»
Мақсаты: Саусақтарға массаж ретінде қимылдар жасалады қол белсенділігін, икемділігін, ойлау қабілетін арттыру . Дидактикалық ойын: «Пазылдарды құрастыр»
Мақсаты: Қолдың ұсақ қол қимылдары дамиды.
Үстел- үсті ойыны: «Ойық ішіндегі заттарды орналастыру»
Мақсаты:Қолдың ұсақ қол қимыдарын дамыту Конструкторлармен еркін ойындар Үстел-үсті ойыны
«бәтеңкенің бауын байлайық»
Мақсаты:Қолдың ұсақ қол қимылдарын дамыту
Таңертеңгі
жаттығу Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Таңғы асқа дайындық
Таңғы ас Астарын төкпей ішу. Ас ішіп отырып сөйлемеу.
Ас ішіп болып,қолдарын жуу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындау.

Ойын
Ұйымдастыр-ылған оқу
қызметіне
дайындалу

Дидактикалық ойын:
«Құсты және ұясын құрастыр»
Дидактикалық ойын:
«Құстар әлемінде»
Дидактикалық ойын: «Үй құстары мен дала құстарын ажырату»
Мақсаты: Дала құстары мен үй құстарының суреттерін ажырата таба білу, есте сақтау қабілеттерін байқау. Дидактикалық ойын:
«Құстарды топтастыру»
Күннің жанына жыл құстарын, құс ұясы жанына қыстап қалатын құстарды қою. Дидактикалық. ойын: «Құстарды тамақтандырайық»
Дөңгелекше етіп дайындалған қағаз бетіне құстардың немен қоректенетінін суреттері арқылы бейнеленген.
Ұйымдастырылған оқу
Қызметтері
нің кестесі

1.Қатынас
Сөйлеуді дамыту.
2.Шығармашылық
Сурет салу.
3.Әлеумет
Өзін-өзі тану
4. Таным
Құрастыру 05/1-3апта 1.Қатынас
Сауат ашу
2.Шығармашылық
Мүсіндеу
3.Денсаулық
Дене/шынықтыру
4.Вариативтік бөлім
«Шебер қолдар» 1.Таным
Математика негіздері
2.Шығармашылық
Музыка
3.Қатынас
Көркем әдебиет 0,5/1-3
4.Вариативтік бөлім
«Сиқырлы сандар» 1.Қатынас
Шет тілі (под группа)
2.Шығармашылық
Жапсыру
3.Денсаулық
Дене/шынықтыру
4.Вариативтік бөлім
«Қауіпсіздік» 1 .Таным
Жаратылыстану
2.Қатынас
Орыс тілі
3.Шығармашылық
Музыка
4.Денсаулық
Дене/шынықтыру 0,5 1/3

Ұйымдастырылған оқу
қызметтері 1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:Құстар тіршілігі туралы түсініктерін молайту. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын бекіту
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады:
Құстар туралы тақпақтар айта алады
Түсінеді: құстар түрлері туралы,олардың тұрмыс-тіршілігі туралы білді
Қолданады:
Құстарға қамқорлық жасауды біледі
Әдіс тәсілі:сұрақ-жауап түсіндіру,әңгімелесу
Дидактикалық ойын: «Қандай құс деп ойласың?»
Көрнекілік:Құстар суреттері,ойыншық құстар

2.Сурет салу.
Тақырыбы: «Құстар»
( сәндік)
Мақсаты:құстар туралы білімдерін жетілдіре отырып, құстардың денесін салу барысында денесі сопақша,басы дөңгелек, тұмсығы ұшбұрыш көлемінде болатынын түсіндіру. Сурет салу техникасына, тазалыққа мән беру дағдыларын бекіту
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Құстар туралы біледі
Түсінеді:Құстардың дене мүшелерінің әр түрлі пішінде болатынын
Қолданады: сурет салу техникасын пайдаланып құстарды қағаз бетіне түсіре алады
Әдіс –тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету
Көрнекілік: үлгі сурет,ойыншық құстар
3.Өзін-өзі тану
Тақырыбы:
«Менің кішкентай достарым»
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасай білу дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Құстар туралы әңгімелейді
Түсінеді:құстар біздің досымыз екенін түсінеді
Қолданады: құстарға қамқорлық жасауды біледі
Әдіс –тәсілі: көрсету,
түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілік:үлгі суреттер,
4.Құрастыру
Тақырыбы:
«Аққу»
Мақсаты: Балаларды жаңа табиғи материал түрлерімен: ұлу қауашақтарымен, олардың ерекшелігі, пішіні, көлемі, түсі және онымен жұмыс жасау әдістерімен таныстыру. Аққуды құрастыру. Эстетикалық талғамдарын дамыту, ұқыпты жұмыс дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Аққудың әдеміліктің, пәктіктің символы екенін біледі.
Түсінеді: Аққуды түрлі табиғи материалдардан жасауға болатынын түсінеді
Қолданады: Табиғи материалдан аққуды құрастыра алады
Әдіс тәсілі:сұрақ-жауап
түсіндіру,әңгімелесу,көрсету
Дидактикалық ойын:
«Аққу қандай құс?»
Көрнекіліктер: Үлгі сурет

1.Сауат ашу
Тақырыбы: «М» дыбысымен таныстыру»
Мақсаты: «М» дыбысымен таныстыру. «М» дыбысы дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. «М» дыбысы бар сөздер ойлап табу және сол сөздермен сөйлем құрастыру.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
М дыбысын танып,
М дыбысынан келетін сөздер айта алады
Түсінеді:М дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсінеді
Қолданады:
М дыбысынан келетін сөз құрап,сол сөздерге сөйлем құрайды
Әдіс тәсілі: Түсіндіру,әңгімелесу,
сұрақ-жауап,жазу
Дид. ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Дәптермен жұмыс
Көрнекіліктер:
Кеспе әріптер,сюжетті суреттер,текшелер

2.Мүсіндеу
Тақырыбы:
«Торғай»
Мақсаты: торғайдың өзіндік ерекшеліктерін келтіре отырып, мүсіндей білуге үйрету. Шымшу, басу, тегістеу тәсілдерін меңгеру дағдыларын бекіту
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Торғайдың қандай құс екенін біледі
Түсінеді: торғайды ермексаздан мүсіндеуді
Қолданады: Шымшу, басу, тегістеу тәсілдерін пайдаланып
торғай бейнесін мүсіндей алады.
Әдіс тәсілі: түсіндіру,әңгімелесу,
сұрақ-жауап,көрсету
Көрнекілік:Үлгі сурет

3. Денешынықтыру
Негізгі қимылдар
1) Жүгіріп келіп, биіктікке секіру.
2) Допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру.
3)Арқан үстімен бір бүйірімен адымдап жүру.
Көрнекілік:арқан,доп
Қимылды ойын:
«Құстар әлемінде» Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Жүгіру, секіру қимылдарын орындайды
Түсінеді: допты басынан асыра лақтыру,арқан үстімен жүру қимылдарын орындай алады
Қолданады:
Негізгі қимылдарды қолданады.
1.Математика негіздері.
Тақырыбы: «Бүтін мен бөлік»
Мақсаты: Затты бөлікке бөлу, зат бөліктерін салыс
тыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Бүтін зат пен оның бөліктері арасындағы байланысты орнату, затты тең бөліктерге бөлу, оларды атау дағдыларын пысықтау. «+», «-» таңбалары туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Бүтінді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын біледі
Түсінеді: . «+», «-» таңбалары туралы түсінді
Қолданады:Бүтін мен бөлікті ажыратады
Әдіс тәсілі: көрсету,
түсіндіру,сұрақ-жауап
Дидактикалық. ойын: «Бүтінді бөліктерге бөл»

2.Музыка
Тақырыбы: «Кішкене торғай» Әні:А.Айтуова
Мақсаты: Вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын
арттыру. Әнді ырғаққа сәйкес, ырғақтың бейнесін сақтай отырып, кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрету. Құстарды қорғап, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әуенді ырғақты қимылдар: «Гуси прилетели» орыс халық әніне билету
Музыка тыңдау: «Аққу күйі» Н.Тілендиев
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізу,күйші композитор Н.Тілендиев туралы түсінік
Түсінеді: Құстар туралы біліп,мағлұмат алады.Аққу биінің элементтерін игереді
Қолданады:Әннің музыкасын әндете айтуды,дұрыс тыныс алуды,құстардың даусын ажырата алуды.

3.Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету. Ертегі арқылы ойын, қиялын дамыта отырып, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Сұрақтарға жауап береді
Түсінеді:ертегі мазмұнына түсінеді
Қолданады: Ертегі жанрынажыратып,
сахналайды
Әдіс тәсілі:Әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, сахналау
Көрнекіліктер: мысықтың,әтеш
тің, түлкінің суреттері,саусақ театры құралдары

1.Шет тілі
Тақырыбы: «Birds- are our friends»
Мақсаты: Балаларға жалпы құстар туралы мәлімет беру. Өздеріне таныс құстардың ағылшынша атауларын үйретіп (It’s aneagle, a hen, a swallow, a duck), қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Құстарды қорғап, қамқор болуға үйрету.
Дидактикалық ойын“Ducking”
Көрнекілік:Құстар суреттері,видиоролик слайд
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Құс атауларн біледі
Түсінеді:құстарға деген қамқорлықты
Қолданады: Сұраққа жауап беру арқылы оларды ажырата алуды

2. Жапсыру.
Тақырыбы: «Үйректің балапандары»
Мақсаты:Үй құстары туралы білімдерін кеңейте отырып, балаларды геометриялық пішіндерді салыстыруға, үйректер жасауға, жасаған жұмысы бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру.
Көркемдік талғамдарын бекіту.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Балалар үй құстарына нелер жататынын білді.
Түсінеді: Үй құстарының немен қоректенетінін түсінді Қолданады: Қағазбен,
желіммен,қайшы
мен ұқыпты жұмыс жасай алады
Әдіс-тәсілі: Көрсету,
түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілік: Үнтаспа, үй құстарының суреттері, бейнеролик, құстың ұясы

3.Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1) Допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру.
2) Жүгіріп келіп, биіктікке секіру.
3) Гимнастикалық орындық үстімен арқаға дорбаны іліп алып, кері қолмен тартылып жылжу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
лақтыру,секіру қимылдарын орындайды
Түсінеді:жүгіру,секі
ру,лақтыру техникаларын біледі
Қолданады:
Қауіпсіздік ережелерін біледі
Әдіс тәсіл: Денсаулық технологиясы
Көрнекілік: Арқан,дорба
Қимылды ойын:
«Аққу -қаздар»

2.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құстардың қоректенуі»
(табиғаттағы бақылау)
Мақсаты: Балаларды құстарға қамқорлық жасауға баулу. Қыста құстар немен қоректенетіні туралы қарапайым білім беру. Құстарға жем шашып, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Құстар немен қоректенетінін біледі
Түсінеді: Құстарға жем шашып, құстарға қамқор болуды түсінеді
Қолданады:
Ойын арқылы құстарды қалай тамақтандыру керек екенінін біледі
Әдіс тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу
Дидактикалық. ойын: «Құстарды тамақтандырайық»
Көрнекіліктер:
Құстар суреттері,ойыншық құстар,құстың ұясы,дәндер

2. Орыс тілі
«Птицы-наши друзья»
Цель:Закрепить знания о птицах. Назвать несколько перелетных птиц, нелетающих, водоплавающих, обогатить и закрепить знания о функциях крыльев, клюва, хвоста. Воспитывать бережное отношение к птицам. Развивать речь детей, учить отвечать сложноподчиненными предложениями.
Дидактическая игра:
«Отдели домашних птиц от диких»
Ожидаемый результат:
Воспройзводить: Назвать несколько перелетных птиц, нелетающих, водоплавающих птиц
Понимает: Представления о птицах, обитающих в Казахстане, об их особенностях.
Применяет: Отделять домашних птиц от диких птиц

3.Музыка
Тақырыбы: «Кішкене торғай» Әні:А.Айтуова
Мақсаты: Вокалды және аспапты музыкаға қызығушылығын
арттыру. Әнді ырғаққа сәйкес, ырғақтың бейнесін сақтай отырып, кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрету. Құстарды қорғап, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ән салу: «Кішкене торғай» Әні:А.Айтуова
Ойын: «Құс боп ұшамыз» қимылды ойын
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізу,күйші композитор Н.Тілендиев туралы түсінік
Түсінеді: Құстар туралы біліп,мағлұмат алады.Аққу биінің элементтерін игереді
Қолданады:
Әннің музыкасын әндете айтуды,дұрыс тыныс алуды,құстардың даусын ажырата алуды.
4.Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар
1) Жүріп келіп сапқа үш қатармен тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұруды бекіту.
2)Гимнастикалық орындық үстімен арқаға дорбаны іліп алып, кері қолмен тартылып жылжу.
3) Оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықты ғы 3м) секіру.
Қимылды ойын: «Торғайлар ұшады, торғайлар…»
Әдіс тәсіл: Денсаулық технологиясы
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:Лақтыру,секіру қимылдарын орындайды
Түсінеді:жүгіру,секі
ру,лақтыру техникаларын біледі
Қолданады:
Қауіпсіздік ережелерін біледі
Серуенге дайындық Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.
Серуендеу Тапсырма№ 7
Суықторғайды бақылау.
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін толықтыру.
Еңбек
Ойын алаңын қардан тазалау.
Қимылды ойын:
«Қапшықтағы жемді жеткіз»
Мақсаты: Тепе – теңдікті сақтауға жаттықтыру.

Еркін ойындар Тапсырма№ 8
Боранды күнді бақылау.
Мақсаты: Желді күнгі қардың қозғалысы туралы түсінік беру.
Еңбек Бораннан соң ашылып қалған ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге, ағаштарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Желдиірмен»
Мақсаты: ойын мазмұнына сай қимылдар жасау.
Еркін ойындар Тапсырма№ 9
Қардағы құс іздерін бақылау.
Мақсаты: қардағы құс іздерін тани білуге үйрету.
Еңбек: Қардан қала тұрғызуға қар жинау.
Мақсаты: Ұжыммен жұмыс істеу білулерін қалыптастыру.
Қимылды ойын:
«Ізбе із»
Мақсаты: Тепе – теңдікті сақтау.

Еркін ойындар. Тапсырма№ 10
Қарғаларды бақылау.
Мақсаты: Қарғалар тіршілігін бақылау.
Еңбек: Ауладан құстар үшін алаң аршып , оған дән себу.
Мақсаты: Бірлесе еңбек етуге баулу.
Қимылды ойын:
«Пингвиндер доп ойнап жүр»
Мақсаты: Екі аяқпен секіруді күрделендіру, екі аяқ арасына допты қыстырып алға жылжу.

Еркін ойындар. Тапсырма№ 11
Қар ұшқындарын бақылау.
Мақсаты:
Қар ұшқындарының әртүрлі формада болатынына назар аудару;
Еңбек:: Қардан қала тұрғызуға қар жинау.
Мақсаты: Ұжыммен жұмыс істеу білулерін қалыптастыру.
Қимылды ойын:
«Байқап өт»
Мақсаты: Заттар арасынан, оларды құлатпай ирелеңдеп жүруге үйрету.

Еркін ойындар.
Серуеннен оралу. Тазалық шаралары Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру.Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету.
Тазалық шарлары. Күндізгі ұйқыға дайындық, ұйқыға жатқызу. Балалардың дұрыс шешінуін қадағалау, жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
Түскі ұйқы Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
«Үш аю » ертегісін оқып беру. Баяу музыка тыңдайды
«Түлкі мен қоян » ертегісін оқып беру. «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Баяу музыка тыңдайды

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

Кешен № 6

Кешен № 7

Кешен № 8

Кешен № 9

Кешен № 10
Бесін ас Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету.
Вариативтік
бөлімдер
Ойындар, дербес әрекеттер.

Суретпен жұмыс
Мақсаты: Суретке қарап әңгімелесуге үйрету.Сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру

Вариативтік бөлім:
Шебер қолдар
Тақырыбы: Пингвин
Мақсаты: Балаларға пластикалық бөтелке мен ермексаздан пингвин жасауды үйрету
Көрнекілік:Үлгі сурет
Әдіс тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу
Вариативтік бөлім:
Сиқырлы сандар
Тақырыбы: Сұйық және сусымалы
Мақсаты: Сұйық және сусымалы заттарды ажырата білуге үйрету
Дид. ойын:
«Дүкен»
Көрнекіліктер:
Су құйылған ыдыс,суреттер
Әдіс тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімеле
су,көрсету
Күтілетін нәтиже:
Вариативтік бөлім:
Қауіпсіздік
Тақырыбы: «Байқашы қар жауды»
Мақсаты:Жылы киініп,шанамен сырғанап,аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.,қардың да адам өміріне келтірер залалы бар екенін ескерту,балаларды табиғатпен,ауа райы құбылыстарымен таныстыру,адамгерші
лікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Қыс мезгілі суреттері,ыдысқа салынған қар Қ/ойын: «Қимылмен көрсет»
Мақсаты: Сипаттама бойынша тауып,қимылмен көрсете білуге үйрету

Ойындар, жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
Жеке жұмыс:
Қатынас саласы бойынша: Раянаға М дыбысынан келетін сөздер тауып айтқызып,буынға бөлдірту Жеке жұмыс:
Мадиге Шығармашылық саласы бойынша жапсырудан құстардың дене бөліктерін қиып алып,жапсыруды үйрету
Жеке жұмыс:
Топ балалары Жансая, С.Мансур, Аружанға математикалық ойындар арқылы бүтінді бірнеше бөлікке бөлуді үйрету Жеке жұмыс:
Топ балалары: Б.Мансур, Алдияр, Айзереге құстар туралы тақпақтар,өлеңдер айтқызып үйрету.Зейінін дамыту Жеке жұмыс:
Ерқанатқа шығармашылық саласы бойынша
Ермексаздан құстар мүсіндегенде кейбір элементтерін үйрету

Серуенге дайындық Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.
Серуен Еркін ойындар
Серуеннен оралу. Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
Кешкі ас Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету.
Ойындар. Өзіндік іс-әрекеттер.

Үстел- үсті ойыны: «Пазылды құрастыр»
Мақсаты: Қолдың ұсақ қол қимыдарын дамыту

Үстел-үсті ойыны:
«Домино»
Мақсаты: Саусақтарға массаж ретінде қимылдар жасалады қол белсенділігін, икемділігін, ойлау қабілетін арттыру .
Конструкторлармен еркін ойындар

Үстел үсті ойыны: «Бөліктерді қосу»
Мақсаты: үлгі бойынша орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, картиналар құрастыру. Үстел-үсті ойыны
«бәтеңкенің бауын байлайық»
Мақсаты:Қолдың ұсақ қол қимылдарын дамыту

Балалар
дың үйге қайтуы.
Аталарға кеңес
Балаларына қолғаптарын жеңдеріне тігіп жіберулерін ескерту

Ата аналармен көрме ұйымдастыру.
«Қыс қызығы»

Ата аналармен көрме ұйымдастыру.
«Менің сүйікті ойыншығым»

Ата аналармен көрме ұйымдастыру.
«Мен анама көмектесемін»

Бала денсаулығына мән берулерін ескерту

Тәрбиеші : Абишева Ж.С

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *